Симптомдарды бақылау үшін қажетті емдеудің ең қысқа уақыт аралығында ең төмен тиімді дозаны қолданған кезде жағымсыз әсерлер барынша азайтылуы мүмкін.
Жүрек-қан тамырлық және цереброваскулярлық бұзылулар
Анамнезінде гипертониясы және /немесе жеңіл және орташа дәрежедегі жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтық (дәрігермен кеңесу) керек. Басқа іріктелмеген ҚҚСП емдеуде мәлімделген сұйық іркілуі, гипертензия және ісінулер сияқты белгілер жүрек-қан тамырлары және цереброваскулярлық бұзылулар дамуына алып келуі мүмкін.
Коксибтерді және кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ емдеуде) артериялық тромбоз қаупінің аздаған ұлғаюымен (мысалы, миокард инфаркті немесе инсульт даму қаупі) байланысты болуы мүмкін деп болжанады. Напроксенді қолдану (тәулігіне 1000 мг) қаупі төменірек болуымен байланыстылығы мүмкіндігін деректер көрсетсе де, оның қаупін толық жоққа шығаруға болмайды. Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің тұрақтанған ишемиялық аурулары, шеткері артериялардың және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге напроксенге қолданар алдында барлық қауіпті бағалау керек. Жүрек-қан тамырлары патологиясы даму қаупі факторлары бар (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) пациенттерге ұзақ мерзімді ем бастағанға дейін ерекше назар аударылуы тиіс.
Асқазан-ішек қан кетулері, ойық жаралануы және тесілуі
Асқазан-ішек қан кетулері, ойық жаралар немесе тесілулер туралы мәлімдемелер бар, бұл ҚҚСП қабылдауға байланысты емнің кез келген кезеңінде, алдын ала симптомдарымен немесе онсыз немесе анамнезінде күрделі асқазан-ішек қан кетулері өлім жағдайына соқтыруы мүмкін. ҚҚСП дозасы жоғарылағанда анамнезінде ойық жара ауруы бар пациенттерде, әсіресе егер қан кетулермен немесе ойық жара тесілуімен бірге жүретін, сондай-ақ егде пациенттерде асқынулар болса, асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жаралар немесе тесілулер қаупі артады. Бұл пациенттер емді ең төмен тиімді дозадан бастауы тиіс.
Пациенттердің бұл тобы үшін, сондай-ақ бірге жүретін төмен дозаларда аспиринмен емді немесе асқазан-ішек жағдайларының қаупі артатын басқа да препараттармен емді қажет ететін пациенттер үшін гастропротекторлармен (мысалы, мизопростолмен немесе протонды помпа тежегіштерімен) біріктірілген ем қолданылуы мүмкін. Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттерде, әсіресе егде жастағылар, және әсіресе емнің бастапқы сатысында кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар (әсіресе асқазан-ішек қан кетулері туралы) туралы мәлімдеулері тиіс. Ойық жараның немесе қан кетулер дамуы қаупін арттыратын пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар (варфарин сияқты), серотонинді кері қармаудың іріктеп тежегіштері немесе антитромбоцитарлық дәрілер (ацетилсалицил қышқылы сияқты) сияқты препараттармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде сақ болу керек.
Налгезин® қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішек қан кетулері немесе ойық жара туындағанда ем тоқтатылуы тиіс. ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек аурулары (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені олардың жай-күйі нашарлауы мүмкін.
Жүрек-тамыр, бүйрек және бауыр бұзылулары
ҚҚСП қолдану простагландин синтезінің дозаға тәуелді төмендеуіне әкелуі және бүйрек жеткіліксіздігі дамуын жеделдетуі мүмкін. Бұл реакциялардың жоғарырақ қаупі бар пациенттер - бүйрек функциясы бұзылулары, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр дисфункциясы бар, сондай-ақ диуретиктер қабылдаған және егде жастағы пациенттер. Бұндай пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Бүйрек функциясының бұзылуы
Напроксенді бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде үлкен сақтықпен қолдану керек, өйткені ол елеулі дәрежеде (95%) шумақтық сүзіліс жолымен шығарылады; бұндай пациенттерде сарысулық креатинин және/немесе креатинин клиренсінің мониторингі керек; сондай-ақ пациенттер жеткілікті көлемде сұйықтық алуы тиіс.
Напроксенді базалық креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерде қолдану ұсынылмайды.
Жасушадан тыс көлем азаюынан, бауыр циррозы, натрий шектеу, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі және бұрыннан бар бүйрек ауруларынан бүйрек қан ағыны бұзылуы бар кейбір пациенттерде напроксенмен ем басталғанға дейін және ем кезеңінде бүйрек функциясын бағалау керек. Бүйрек функциясы бұзылу қаупі бар егде пациенттер, сондай-ақ диуретиктермен емде жүрген пациенттер де осы санаттағыларға жатады. Осы санаттағы пациенттерде напроксен метаболиттерінің айқын жинақталу мүмкіндігінен аулақ болу үшін тәуліктік дозаны азайтуды қарастыру керек.
Бауыр функциясы бұзылуы
Бауырдың созылмалы алкогольдік ауруы және цирроздың басқа түрлері напроксеннің плазмадағы жалпы концентрациясының төмендеуіне әкеледі, бірақ байланыспаған напроксеннің плазмадағы концентрациясының жоғарылауымен бірге жүреді.
Напроксен дозасы үшін бұл құбылыстың механизмі белгісіз, бірақ дұрысы ең төмен тиімді дозаны қолдану керек. Препарат анамнезінде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Егде пациенттерде ҚҚСП жағымсыз реакцияларының, әсіресе өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішек қан кетулері және тесілулердің даму жиілігі жоғары.
Тыныс алу жүйесі бұзылулары
Бронх демікпесі бар, оның ішінде және анамнезінде немесе шаңға аллергиялық реакциялары бар пациенттерге қолданғанда сақ болу керек, өйткені ҚҚСП бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
ЖҚЖ және дәнекер тіндердің жүйелі аурулары
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіндердің жүйелі аурулары бар пациенттерде асептикалық менингит даму қаупі жоғары болуы мүмкін
(«Жағымсыз реакциялар сипаттамалары» бөлімін қараңыз).
Тері реакциялары
ҚҚСП қолдануға байланысты, күрделі тері реакциясының дамуы туралы (кейбіреуі өліммен аяқталатын) сирек хабарламалар бар, оның ішінде: эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермальді некролиз (TEN) және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS). Пациенттер бұл реакциялардың даму қаупіне шамасы ем курсының басында, көп жағдайларда – емнің бірінші айы ішінде олардың алғашқы белгілері пайда болады. Тері бөртпелерінің бірінші пайда болуында, шырыштың зақымдануында немесе кез келген басқа да аса жоғары сезімталдық симптомдарында Налгезинді қабылдау дереу тоқтату керек. Егер Налгезинді қолданған кезде пациентте Стивенс-Джонсон синдромы немесе TEN, немесе DRESS синдромы дамыса, Налгезинмен емдеуді қайта бастамаған жөн және оны біржола тоқтату керек.
Әйелдерде фертильділіктің бұзылуы
Напроксенді қолдану әйел фертильділігін бұзуы мүмкін және жүкті болуға тырысып жүрген әйелдерде қолдану ұсынылмайды. Бала көтеруде қиындықтары бар немесе бедеулікке байланысты тексеруден өтіп жүрген әйелдерде напроксенді қабылдауды тоқтату керек.
Анафилаксиялық (анафилактоидтық) реакциялар
Анафилаксия сияқты, анафилактоидты реакциялар өліммен аяқталуы мүмкін.
Қанға әсері
Антикоагулянттық емнің толық курсынан өтетін пациенттер (мысалы, гепаринмен немесе варфаринмен) напроксенмен бір мезгілде қолданғанда қан кетудің жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін. Сондықтан бұл емдеудің пайдасы мен қауіптерін өлшеу қажет.
Напроксен, басқа ҚҚСП сияқты, тромбоциттер агрегациясын азайтады және коагуляция уақытын ұзартады. Бұл әсерін коагуляция уақытын анықтағанда ескеру керек. Коагуляция бұзылулары бар немесе гемостазға әсер ететін препараттармен ем қабылдайтынқабылдап жүрген пациенттерді напроксенді қолданған кезде мұқият бақылау керек.
Напроксенді қабылдаған бірнеше пациенте елеусіз шеткері ісінулер байқалды. Натрий іркілісі туралы хабарламалар болмаса да, функцияның бұзылуына күдік туындаған немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер напроксенді қабылдаған кезде үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін.
Стероидтар
Егер ем барысында стероидты препаратты азайту немесе тоқтату талап етілсе, онда дозасын баяу азайту керек және пациенттер болуы мүмкін жағымсыз әсерлер, оның ішінде бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі және артрит симптомдарының өршуі дамуына мұқият бақылауда болуы тиіс.
Көру қабілетіне әсері
Зерттеулер напроксенді қолданумен байланысты офтальмологиялық өзгерістерді көрсеткен жоқ. Сирек жағдайларда, напроксенді қоса алғанда, ҚҚСП қабылдаған пациенттерде папиллитті, ретробульбарлық невритті және көру жүйкесі дискісінің ісінуін қоса, көз тарапынан жағымсыз құбылыстар тіркелді, бірақ себеп-салдарлық байланыс орнатылмаған; дегенмен, құрамында напроксені бар препараттармен емдеу кезінде көз тарапынан бұзылулар анықталған пациенттер офтальмологиялық тексеруден өтуі тиіс.
Басқа ҚҚСП біріктірілімі
Құрамында напроксен бар препараттардың және басқа да ҚҚСП біріктірілімі ҚҚСП күрделі жағымсыз әсерлеріне түрткі болатын жинақталған қауіптерге байланысты ұсынылмайды.
Напроксенді басқа ҚҚСП циклооксигеназа-2 іріктелген тежегіштерінің тежегіштерін қоса бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Напроксеннің ыстық түсіретін және қабынуға әсері нәтижесінде гипертермия мен қабынуы басылады, сонымен бірге диагностикалау белгілері ретінде олардың құндылығы азаяды.
Тесттерге әсері
Напроксенмен ем бүйрекүсті безі функциясын зерттеудің алдында 48 сағат бұрын уақытша тоқтатылу ұсынылады, өйткені напроксен 17-кетогендік стероидтар үшін кейбір тесттерге әсер етуі мүмкін. Осыған ұқсас, напроксен несепте 5-гидроксииндол сірке қышқылының талдауларының кейбір нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Напроксен қабылдаған пациенттердегі кейбір зертханалық тесттерде (мысалы, бауыр сынамасы) қалыптан бірлі-жарым ауытқулар болған, бірақ уыттылығын көрсететін қандай да бір белгілі үрдіс ешбір тестте анықталмады.
Дәрілік препараттарды ұзақ қолданудан туындаған бас ауыруы (ДПБА)
Анальгетиктермен ұзақ емнен кейін бас ауыруы дамуы немесе өршуі мүмкін. Анальгетиктерді ұзақ қолданудан туындаған бас ауыруы (Дәрілік препараттарды қолданудан туындаған бас ауыруы (ДПБА)) анальгетиктерді ұдайы қолданудан (немесе салдарына) қарамастан, жиі немесе күн сайын бас ауырулары болатын пациенттерде болжанады. Дәрілік препараттарды шамадан тыс қолданудан туындаған бас ауыруынан зардап шегетін пациенттерді доза ұлғайту жолымен емдеуге болмайды. Бұндай жағдайларда анальгетиктерді қабылдауды дәрігер кеңесі бойынша тоқтату керек.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар туралы арнаулы ақпарат
• Налгезин® құрамында натрий бар. Бұл дәрілік препарат құрамында әр таблеткада 25,079 мг натрий (негізгі компонент ас тұзы/ асханалық тұзы) бар. Бұл ересек адам үшін ұсынылатын натрийдің ең жоғары тәуліктік мөлшерінің 1,25%-ына тең.
Педиатрияда қолдану
Налгезин® құрамында балаларға арналған дәрілік заттарда қолдануға тыйым салынған индигокармин бояғышы бар, сондықтан балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану қарсы көрсетілімде.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір пациенттерде напроксен қолданғанда бас айналуы, ұйқышылдық, бас айналуы, ұйқысыздық, шаршау, көру қабілетінің бұзылуы немесе депрессия байқалуы мүмкін. Осы немесе басқа ұқсас жағымсыз құбылыстар пайда болған кезде пациенттер машинаны немесе басқа механизмдерді басқармауы тиіс.