Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
30 %
Саудалық атауы
Натрий тиосульфаты
Әсер етуші зат
Натрия тиосульфат
Мақсаты
Цианидтермен жедел улануды емдеу үшін натрий нитритімен бір ізді пайдалануға арналған
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: 300.0 мг натрий тиосульфаты
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз сұйықтық
Цианидтермен жедел улануды емдеу үшін натрий нитритімен бір ізді пайдалануға арналған.
Цианидтермен улану диагнозы түпкілікті расталмаған жағдайларда, әсіресе егер пациент қатер шегіндегі жағдайда болмаса, натрий тиосульфатын қолданумен байланысты өмірге қауіптілігі зор қатерлерді, оны қолданудан болатын пайдасымен мұқият таразылау керек
Әсер ету механизмі
Натрий тиосульфаты уыттануға қарсы, қабынуға қарсы және десенсибилизациялайтын әсер береді.
Цианидтің жоғары дозасының әсері жасушалық тыныс алудың бұзылуына соқтыратын цитохромоксидазаның тежелуі есебінен бірнеше минут ішінде өлімге әкелуі мүмкін.
Атап айтқанда, цианид а3 цитохромымен тез байланысады, бұл митохондрийлердегі оксидаза кешені бар цитохром компоненті. Цитохром a3 тежелуі жасушалардың оттегін пайдалануын болдырмайды және анаэробты метаболизмге әкеледі, бұл лактат өндірілуіне, жасуша гипоксиясына және метаболизмдік ацидозға әкеледі. Цианидпен жаппай уланған кезде уыттылық механизміне басқа да ферменттік жүйелер қосылуы мүмкін.
Фармакодинамикалық әсерлері
Күкірт иондарының донаторы болады. Организмдегі роданидті жүйе субстраты ретінде уытты емес тиоқосылыстар синтезіне пайдаланылады. Синиль қышқылымен және цианидтермен, мышьякпен, қорғасынмен, сынаппен, йод және бром қосылыстарымен уланған кезде антидот болып табылады. Мышьяк, сынап және қорғасын қосылыстарымен уланғанда улы емес сульфиттер түзеді. Цианидтермен уланғанда улылығы аздау роданидті қосылыстар түзеді.
Фармакологиялық әсерлер
Натрий тиосульфаты
Цианидпен эндогендік детоксикациялаудың бастапқы жолы салыстырмалы түрде уытты емес және несеппен жеңіл шығарылатын тиоцианатқа (SCN -) ферментативті трансфурациясына байланысты. Натрий тиосульфаты роданеза ферменттерімен катализденетін реакцияда күкірттің доноры ретінде қызмет етеді, осылайша келесі химиялық реакцияда цианидтің эндогенді детоксикациясын күшейтетіні болжанады:
Роданеза Na2S2O3 + CN- → SCN- + Na2SO3
Дозалану режимі
Ересектер
10 мл натрий нитритін (жылдамдығы 2,55 мл/мин) вена ішіне енгізу керек, бірден 50 мл натрий тиосульфатын (жылдамдығы 5 мл/мин) енгізу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалардағы натрий тиосульфатының дозасы дене салмағына қарай 250 мг/кг есебімен анықталады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны арнайы түзету талап етілмейді.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне қолдану үшін, болюсті. Тек бір рет пайдалану үшін!
Ескертпе. Улану белгілері қайта пайда болған жағдайда, натрий нитритінің және натрий тиосульфатының бастапқы дозасының жартысын пайдалана отырып емді қайталау қажет. Анамнезінде анемиясы бар ересектер мен балаларда натрий нитритінің дозасын гемоглобин концентрациясына пропорционалды төмендету ұсынылады.
Жедел цианидтік улануды кешенді емдеу организмнің барлық өмірлік маңызды қызметтерін демеуді талап етеді. Көптеген жағдайларда бұл ем жеткілікті болады және арнайы антидоттарды, әсіресе есін білетін және қатты улану белгілерінсіз пациенттерде қолдануды талап етпейді. Кейіннен натрий тиосульфатын тағайындаумен натрий нитритін енгізуді демеуші емге (тыныс алу жолдарын желдету, қан айналымының циркуляциясы) қосымша ретінде қарастыру керек.
Демеуші емді, оксигенотерапияны қоса, натрий нитриті мен натрий тиосульфатын енгізгенге дейін кейінге қалдыруға болмайды. Цианидпен өмірге қауіпті жедел улану диагнозы анықталған сәтте натрий нитриті мен натрий тиосульфатының ерітіндісін баяу вена ішіне инъекция жолымен енгізеді. Алдымен натрий нитритін енгізу қажет, содан соң дереу натрий тиосульфатын енгізу керек.
Инфузия кезінде ересектерде де, сондай-ақ балаларда да артериялық қысымды қадағалау қажет. Елеулі гипотензия анықталған жағдайда инфузия жылдамдығын азайту керек. Барлық парентеральды дәрілік препараттарды әрбір енгізер алдында оның ішінде қатты бөлшектердің бар-жоғын және ерітінді түсінің өзгергенін көзбен шолып қарау арқылы тексеру қажет.
Натрий тиосульфаты гидроксикобаламинмен үйлеспейді, бұл препараттарды бір мезгілде бір венаішілік желі арқылы енгізуге болмайды.
Натрий тиосульфаты мен натрий нитритін бір венаішілік желі арқылы бірінен соң бірін енгізгенде химиялық үйлесімсіздігі туралы хабарламалар жоқ.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім
Қатысты емес
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Натрий тиосульфатының жағымсыз реакциялар бейінін жүйелі бағалау үшін ешбір бақыланатын клиникалық сынақтар жүргізілген жоқ. Медициналық әдебиетте натрий тиосульфатын енгізумен байланысты келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар бар: (бұл жағымсыз құбылыстар бақыланатын зерттеулерде немесе жағымсыз құбылыстарды үздіксіз мониторингтеу кезінде анықталмағандықтан, олардың пайда болу жиілігін дәл бағалау мүмкін емес).
Барлық дәрілік препараттар сияқты, препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар бәрінде пайда бола бермейді.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• қан кету уақытының ұзаруы *
• бас ауыруы, бас айналуы, сананың бұзылуы, құлақтағы шыңыл, көрудің бұлыңғырлануы
• гипотензия
• жүрек айну *, құсу *
• ауызда тұз дәмінің болуы
• енгізу орнындағы реакциялар, жалпы әлсіздік, диурездің күшеюі
• инфузияның жоғары жылдамдығында артериялық қысымның коллапсқа дейін төмендеуі, естен тану
• бөртулер (оның ішінде макулопапулезді), есекжем, гиперемия, ысыну сезіну
• аллергиялық реакциялар: анафилаксиялық реакциялар, артралгия,
қызба
* Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Қан кету уақытының ұзаруы
11 адамнан тұратын топта 50 мл 50% натрий тиосульфатының бір венаішілік инфузиясы енгізгеннен кейін 1-3 күннен кейін ұю уақытының ұлғаюымен байланысты болды. Басқа гематологиялық параметрлер бойынша ешбір елеулі өзгеріс анықталған жоқ.
Жүрек айнуы және құсу
Адамға концентрацияланған ерітінділерді немесе сол сәтте дайындалмаған ерітінділерді жылдам енгізу, сондай-ақ натрий тиосульфатының үлкен дозаларын енгізу жүрек айнуы мен құсудың анағұрлым жоғары туындау жиілігімен байланысты болды. Алайда, 10-15 минут ішінде бір килограмға 15 г дейін 10-15% ерітіндіде 0,045 г натрий тиосульфатын енгізу, қатар жүретін уыттанусыз жүрек айнуымен және құсумен астасқан.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Натрий тиосульфатының көп дозаларының адамға әсері туралы шектеулі ақпарат бар. Адамдарда 12 апта бойы күніне 3 г натрий тиосульфатын пероральді енгізу қанның 75 %-ға дейін оттегімен қанығуының төмендеуіне әкелді, бұл оттегінің гемоглобинмен диссоциациясы қисығының оңға ығысуынан туындаған. Қанның оттегімен қанығу көрсеткіштері натрий тиосульфатын қолдануды тоқтатқаннан кейін 1 аптадан соң бастапқы деңгейіне оралды. 20 мл 10% натрий тиосульфаты ерітіндісін бір рет вена ішіне енгізу хабарланғандай, қанның оттегімен қанығуын өзгертпейді.
Симптомдары: артралгия, гиперрефлексия, құрысулар, ажитация, елестеулерді қоса, психоздық мінез-құлық; жүрек айну, құсу; жағымсыз реакциялар көріністерінің күшеюі.
Емі: гемодиализ; демеуші ем.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамаңыз.
Натрий тиосульфаты препаратында натрий сульфитінің іздік қоспалары болуы мүмкін. Осы өнімде сульфиттердің іздік мөлшерінің болуы егер пациентте сульфиттік сезімталдық болса да, шұғыл жағдайларды емдеу үшін препаратты қабылдауға кедергі келтірмеуі тиіс.
Артериялық гипертензия, бронх демікпесі, бауыр циррозы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, бауыр жеткіліксіздігі, жүктілік токсикозы бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды, өйткені пациенттердің жай-күйін нашарлатуы мүмкін.
Цианидтермен уланудың бас кезінде метгемоглобин түзгіштерді, антицианды немесе амилнитритті қолдану қажет, содан соң натрий тиосульфатын вена ішіне енгізуге көшу керек.
Қолданар алдында ампуланың ішіндегісін тексеріп көру қажет.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға қолдануға болады.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Натрий тиосульфаты негізінен бүйрекпен шығарылады, және препаратқа уыттылық реакциясының даму қаупі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жоғары болуы мүмкін.
Үйлесімсіздік
Натрий тиосульфаты гидроксикобаламинмен үйлеспейді, бұл препараттарды бір мезгілде бір венаішілік желі арқылы енгізуге болмайды.
Нитриттер мен нитраттардың ерітінділерімен үйлесімсіз. Препаратты басқа дәрілік заттармен бір шприцте араластыруға болмайды. Натрий тиосульфатының нитраттармен, калий перманганатымен байланысқа түсуін қатаң түрде болдырмау керек.
Арнайы сақтандырулар
Натрий тиосульфаты құрамында қосымша зат ретінде 10 мл-де 40 ммоль немесе 924,8 мг натрий гидрокарбонаты бар, натрий қабылдауы шектелген диетадағы пациенттер ескеруі тиіс.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы клиникалық деректер жоқ, сондықтан емдеу кезінде автокөлікті басқарудан немесе жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.
Жүктілік кезінде препарат тек өмірлік көрсеткіштер бойынша тағайындалады.
Бала емізу
Натрий тиосульфатымен емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату керек.
Натрий тиосульфаты мен натрий нитритінің вена ішіне бір желімен бірізді түрде енгізгенде химиялық үйлесімсіздігі туралы хабарламалар жоқ.
Метаболизмі роданидтеу сатысы арқылы өтетін дәрілік заттармен бірге қолдану соңғыларының фармакологиялық әсерінің әлсіреуіне әкеледі.
Йодидтер, бромидтер сияқты дәрілік заттар натрий тиосульфатымен бірге қолданылғанда өзінің фармакологиялық қасиеттерін көрсетпеуі мүмкін.
Нитриттер мен нитраттардың ерітінділерімен үйлесімсіз. Препаратты басқа дәрілік заттармен бір шприцте араластыруға болмайды.
Натрий тиосульфатының нитраттармен, калий перманганатымен байланысқа түсуін қатаң түрде болдырмау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.