Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе оның даму қаупі бар пациенттерге Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітінді препаратын айырықша сақтықпен тағайындалуы керек. Мұндай пациенттерде препаратты енгізу натрийдің іркілуіне әкелуі мүмкін (сонымен қатар төмендегі "Натрийдің іркілуі, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуі және ісіну қаупі бар пациенттерде қолдану" бөлімін қараңыз.)
Сұйықтықтың және/немесе натрийдің шамадан тыс жүктелу қаупі және электролит теңгерімінің бұзылуы
Инфузия көлемі мен жылдамдығына байланысты Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9 % ерітінді препаратын вена ішіне енгізу мыналарды тудыруы мүмкін:
• сұйықтықтың және/немесе еріген заттың шамадан тыс жүктелуі гипергидратацияға/гиперволемияға және, мысалы, орталық және шеткері ісінуді қоса, тоқырау жағдайларына әкеледі;
• клиникалық маңызды электролиттік бұзылулар және қышқыл-сілтілі күйінің бұзылуы.
Жалпы алғанда, дилюция күйінің (натрийге қатысты судың іркілуі) қаупі натрий хлориді мен қосылатын заттардың концентрациясына кері пропорционалды, ал тоқырау жағдайларын тудыратын еріген заттың (суға қатысты еріген заттың іркілуі) шамадан тыс жүктелу қаупі натрий хлориді мен қосылатын заттардың концентрациясына тікелей пропорционалды.
Кез келген венашілік инфузия алдында арнайы клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Ұзақ парентеральдіы терапия кезінде немесе пациенттің жағдайы немесе енгізу жылдамдығы осындай бағалауды қажет еткен кезде сұйықтық тепе-теңдігінің өзгеруін, электролит концентрациясын және қышқыл-сілтілі жағдайын бақылау үшін клиникалық бақылау және мерзімді зертханалық зерттеулер қажет болуы мүмкін.
Жүрек немесе өкпе жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ вазопрессиннің неосмотикалық бөлініп шығуыжоғарылаған пациенттерде (антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секреция синдромы, SIADH) үлкен көлемде инфузия жүргізу қажет болған кезде ауруханаішілік гипонатриемия қаупіне байланысты су-электролит теңгерімін ерекше бақылау қажет (төменде "Гипонатриемия" қараңыз).
Гипонатриемия
Вазопрессиннің неосмотикалық бөлініпп шығуы бар пациенттерде (мысалы, жедел аурулар, ауырсыну синдромы, операциядан кейінгі стресс, инфекциялар, күйіктер және орталық жүйке жүйесінің аурулары (ОЖЖ)), жүрек, бауыр және бүйрек аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ вазопрессин агонистерін қабылдайтын пациенттерде (4.5-бөлімді қараңыз), гипотонустық ерітінділерді инфузиялау кезінде жедел гипонатриемияның даму қаупі. ("Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу"), гипотонустық ерітінділерді инфузиялау кезінде жедел гипонатриемияның даму қаупі бар.
Жедел гипонатриемия бас ауыруы, тежелу, жүрек айну, құсу және құрысулармен сипатталатын жедел гипонатриемиялық энцефалопатияға (мидың ісінуі) әкелуі мүмкін. Ми ісінуі бар пациенттерде мидың тұрақты және өмірге қауіп төндіретін зақымдануы дамуы мүмкін.
Балаларда, бала туу жасындағы әйелдерде және бассүйекішілік құрамының икемділік резерві төмендеген пациенттерде (мысалы, менингит, бассүйекішілік қан кету, мидың соғылуы немесе мидың ісінуі) жедел гипонатриемиядан туындаған ауыр және өмірге қауіп төндіретін ми ісінуінің даму қаупі бар.
Натрийдің іркілуі, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуі және ісіну қаупі бар пациенттерде қолдану
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітіндісін ерекше сақтықпен қолдану керек немесе оны келесі жағдайлары бар немесе олардың даму қаупі бар пациенттерде қолданудан аулақ болу керек:
• Гипернатриемия (гипернатриемияны тез түзету мидың ісінуіне, құрысуларға, мидың қайтымсыз зақымдалуына немесе өлімге әкелуі мүмкін).
• Гиперхлоремия.
• Метаболизмдік ацидоз, бұл препаратты ұзақ уақыт қолданғанда, әсіресе бүйрек қызметі бұзылған пациенттерде нашарлауы мүмкін.
• Гиперволемия (жүрек жеткіліксіздігі және өкпе ісінуі дамуы мүмкін, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерде).
• Ятрогендік гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз (мысалы, реанимациялық шараларды жүргізу кезінде сұйықтықтың көлемді вена ішіне құйылуы кезінде).
• Натрийдің іркілуін, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуін және ісінуді (орталық және шеткері) тудыруы мүмкін жағдайлар, әсіресе бастапқы гиперальдостеронизмі, қайталама гиперальдостеронизмі бар пациенттерде, мысалы, артериялық гипертензиямен, жүрек жеткіліксіздігімен, бауыр ауруларымен (циррозды қоса), бүйрек ауруларымен (бүйрек артериясының стенозын, нефросклерозды қоса) немесе преэклампсиямен байланысты.
• Натрий мен сұйықтықтың іркілу қаупін арттыратын дәрілерді бір мезгілде қабылдау, мысалы, жоғары дозада кортикостероидтар.
Инфузиялық реакциялар
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітіндінің инфузиясымен байланысты белгісіз этиологияның симптомдары өте сирек хабарланған, олар жоғары сезімталдық реакцияларына ұқсас және гипотензия, гипертермия, тремор, қалтырау, есекжем, бөртпе және қышыну түрінде көрінеді. Аталған симптомдар дамыған кезде инфузияны дереу тоқтату керек; қажет болған жағдайда тиісті емдік шаралар жүргізіледі.
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітінді препаратын тағайындайтын дәрігердің оны қан сарысуындағы натрий деңгейінің тез өзгеруіне ерекше сезімтал арнайы топтағы пациенттерде қолдану қауіпсіздігі бойынша тәжірибесі мен білімі болуы керек.
Гипонатриемияны немесе гипернатриемияны жылдам түзету ықтимал қауіпті (ауыр неврологиялық асқынулардың даму қаупі) (сонымен қатар "Гипонатриемия" және "Натрийдің іркілуі, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуі және ісіну қаупі бар пациенттерде қолдану" бөлімін қараңыз).
Балалар
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітінді препаратын қолданған кезде балалардағы қан плазмасындағы электролиттердің концентрациясын мұқият бақылау керек, өйткені осы топтағы пациенттерде ағзадағы сұйықтық пен электролит деңгейін реттеу қабілеті бұзылуы мүмкін. Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітінді препаратынның қайталама инфузиясы балалардағы қан сарысуындағы натрий деңгейі анықталғаннан кейін ғана жүргізілуі керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде инфузиялық ерітіндіні, инфузия көлемі мен жылдамдығын таңдағанда, осы топтағы пациенттер әдетте жүрек, бүйрек, бауыр және басқа аурулардан зардап шегетінін немесе ілеспе дәрілік терапияны алатынын ескеру қажет.
Арнайы ескертулер
Препаратты парентеральді енгізу кезінде стерильді жабдықты пайдалану және асептиканың стандартты шараларын сақтау керек. Бөтелке немесе контейнер зақымдалмаған жағдайда, көзге көрінетін қоспаларсыз тек мөлдір ерітінді қолданылады.
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітіндісін пайдаланып дәрілік препараттардың ерітінділерін дайындау асептика ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітіндісіне басқа препараттарды инфузияға дейін немесе кезінде осы үшін арнайы жасалған контейнер аймағына инъекция арқылы енгізуге болады.
Жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда ерітіндіні енгізуді дереу тоқтату қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.