Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций изотонический
Дозасы
9 мг/мл
Саудалық атауы
Натрий хлориді
Әсер етуші зат
Натрия хлорид
Мақсаты
Парентеральді енгізуге арналған дәрілік препараттарды еріту
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампула (5 мл ерітінді) ішінде
белсенді зат – натрий хлориді 45 мг;
қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
- парентеральді енгізуге арналған дәрілік препараттарды еріту
- таңғыш материалды дымқылдау, жараларды, шырышты қабықтарды шаю
Плазма алмастырғыш, уытсыздандырғыш, гидратациялайтын және қышқылдық-сілтілік күйін қалпына келтіретін дәрі.
Қан плазмасы мен жасушадан тыс сұйықтықтың осмостық қысымын демеп тұратын маңызды органикалық емес компонент. Қан плазмасындағы натрий хлоридінің концентрациясы (мысалы, диареяның, құсудың, экссудациямен ауқымды күюлердің, бүйрек үсті безі қыртысының гипофункциясы салдарынан) төмендеген кезде су тамыр арнасынан тін аралық сұйықтыққа өтіп, қанды қоюландырып, тіндердің ісінуін туындатады. Натрий хлоридінің елеулі тапшылығында тегіс бұлшықеттердің түйілуі мен қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуы пайда болады, жүйке импульстерінің өтуі, жүректің жұмысы бұзылады.
Натрий хлоридінің 9 мг/мл изотоникалық ерітіндісі айналымдағы қанның көлемін уақытша ғана көбейтіп қан тамыры жүйесінен жылдам шығарылады. Дегидратация кезінде организмде (тоқтаусыз құсу, диарея, қатты күю, қан кету салдарынан болған) сұйықтық тапшылығын толықтырады. Қант диабеті бар пациенттердегі гиперосмолярлы және гиперлактацидемиялық кома аясында енгізгенде қан плазмасы мен жасушадан тыс сұйықтықтың осмостық қысымының реттелуін қамтамасыз етеді.
Еріткіш ретінде аз көлемде қолданғанда жоғарыда аталған әсерлері байқалмайды.
Дозалау режимі
Дәрілік препаратты еріту алдында осы дәрілік препаратты еріту үшін натрий хлориді ерітіндісін қолдану мүмкіндігін тексеру қажет.
Натрий хлоридін, инъекцияға арналған ерітіндіні пайдалана отырып, дәрілік препараттардың ерітінділерін дайындау стерильді жағдайларда (ампулаларды ашу, шприц пен дәрілік препараттары бар ыдыстарды толтыру) жүзеге асырылады. Натрий хлоридінің, инъекцияға арналған ерітіндінің мөлшері белгілі бір препараттың ерітіндісін дайындау үшін соңғысын қолдану жөніндегі нұсқаулықпен немесе жағдайға байланысты – дәрігермен анықталады.
Натрий хлориді, инъекцияға арналған изотоникалық 9 мг / мл ерітінді, егер олардың кейбіреулері үшін міндетті ретінде басқа еріткіш көрсетілсе, дәрілік препараттар еріткіші ретінде қолданылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Тері астына, вена ішіне
Міндетті түрде басқа еріткіш көрсетілген дәрілік препараттарды еріту және сұйылту үшін қолданылмайды.
Әсер етуші немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Белгісіз:
- ацидоз, гипергидратация, гипокалиемия дамуы
- операциядан кейінгі және жүрек пен бүйрек функциялары бұзылған пациенттерге натрий хлориді ерітіндісін вена ішіне енгізу гипернатриемияға әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде жасушаішілік көлемнің азаюына және нәтижесінде – ішкі ағзалардың, әсіресе мидың сусыздануына, бұл тромбозға және қан кетуге әкелуі мүмкін
- организмде натрий хлоридінің артық болуы: жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы, шөлдеу, сілекей секрециясының және көз жасы сұйықтығының азаюы, тершеңдік, қызба, артериялық гипотензия, тахикардия, бүйрек функциясының бұзылуы, шеткері ісіну және өкпе ісінуі, тыныс алудың тоқтап қалуы, бас ауыру, бас айналу, мазасыздық, ашушаңдық, әлсіздік, бұлшықеттің тартылуы және сіресу, құрысулар, кома және өлім. Хлоридтер деңгейінің жоғарылауы қышқылдандыратын әсері бар бикарбонаттарды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
- тері астына енгізу: изотоникалық ерітіндіге кез келген толықтыру оны гипертониялық етуі, бұл инъекция орны ауыруының себебі болуы мүмкін.
- аса жоғары сезімталдық
Еріткіш ретінде төмен дозаларды енгізген кезде жағымсыз әсерлер анықталмады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Натрий хлориді ерітіндісінің ұсынылған көлемін енгізген кезде артық дозалану ықтималдығы аз. Көп мөлшерде кейіннен өкпе мен мидың ісінуі болатын гипернатриемия, гиперхлоремия және гипергидратация дамуына әкелуі мүмкін. Сумен уыттану синдромымен (бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазанның түйілуі, әлсіздік, мелшию, конвульсия, кома) сипатталады.
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу керек, диуретиктер енгізу (жедел жүрек жеткіліксіздігі және өкпе ісінуінде), электролиттер теңгерімін түзету, хлоридті ацидоз, калий шығарылуының жоғарылауы (гипокалиемия), гипергидратация.
Сақтықпен
• декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;
• созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олиго -, анурия);
• бүйректің шығару функциясының бұзылуы (изотоникалық ерітіндінің үлкен көлемі үшін);
• жүрек жеткіліксіздігі;
• артериялық гипертензия;
• шеткері ісіну.
Препарат балалар мен егде жастағы адамдарға ерітіндіні енгізгенде дәрігердің бақылауымен қолданылады.
Препаратты тікелей ампула ашылғаннан кейін немесе қолдануға дайын дәрілік түрлерін дайындағаннан кейін қолдану керек.
Ампулалар тек бір реттік қолдануға арналған. Препараттың пайдаланылмай қалған көлемін жою қажет.
Ерітіндіні, егер ол мөлдір және ампула зақымданбаған болса ғана пайдалану керек.
Ерітіндіні май ерітінділерімен араластыру дұрыс емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезінде қолдану препаратты еріту/сұйылту үшін қолданылатын препараттың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен анықталады.
Басқа препараттармен араластырғанда физико-химиялық үйлесімсіздік байқалуы мүмкін болғандықтан, үйлесімділігін көзбен шолып бақылау қажет.
Натрий хлоридін 20% немесе 25% маннитке қосу манниттің шөгуін туындатуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.