Арнайы ескертулер
Сұйықтық теңгерімі/бүйрек функциясы
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде қолдану
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан немесе бүйректің жеткіліксіздігінің даму қаупі бар пациенттерге 0,9 % натрий хлоридін аса сақтықпен тағайындау керек. Мұндай пациенттерде 0,9 % натрий хлоридін енгізу натрийдің іркілуіне әкелуі мүмкін.
Сұйықтықпен және/немесе еріген заттармен артық жүктеме, электролиттік теңгерімнің бұзылу қаупі
Инфузия көлемі мен жылдамдығына байланысты 0,9 % натрий хлоридін вена ішіне енгізу мыналарды туындатуы мүмкін:
- гипергидратацияға/гиперволемияға алып келетін сұйықтықпен және/немесе еріген заттармен артық жүктеме (мысалы, орталық және шеткері ісінулерді қоса алғанда, іркіліс құбылыстарының жай-күйі;
- клиникалық маңызды электролиттік бұзылулар және қышқыл-негіз теңгерімсіздігі.
Жалпы алғанда, сұйылту жағдайларының қаупі (натрийге қатысты судың іркілуі) 0,9 % натрий хлориді мен оның қоспаларының электролит концентрациясына кері пропорционал. Керісінше, іркілу құбылыстары жай-күйін туындататын ерітіндінің шамадан тыс жүктелу қаупі (еріген заттың суға қатысты іркілуі) натрий хлоридінің 0,9% электролит концентрациясына тура пропорционал.
Кез келген венаішілік инфузияның басында ерекше клиникалық бақылау талап етіледі. Ұзақ парентеральді ем кезінде немесе пациенттің жай-күйі немесе енгізу жылдамдығы осындай бағалауды талап еткен кезде сұйықтық теңгерімінің, электролит концентрациясының және қышқыл-негіз теңгерімінің өзгеруін бақылау үшін клиникалық бағалау және кезеңдік зертханалық көрсеткіштерді анықтау қажет болуы мүмкін.
Үлкен көлемді инфузияны арнайы бақылаумен жүректің немесе өкпенің жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде, сондай-ақ гипонатриемия қаупіне байланысты вазопрессин (АДГСКСС) босап шығатын пациенттерде қолдану керек.
Гипонатриемия
Вазопрессиннің осмостық емес босап шығуы бар пациенттер (мысалы, жедел аурулар, ауырсыну синдромы, операциядан кейінгі жай-күйлер, инфекциялық аурулар, күйік және орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде), жүрек, бауыр және бүйрек ауруларына шалдыққан пациенттер, сондай-ақ вазопрессин агонистерінің әсеріне ұшыраған пациенттер гипотониялық сұйықтық инфузиясы кезінде жедел гипонатриемияның ерекше қаупіне ұшырайды.
Жедел гипонатриемия жедел гипонатриемиялық энцефалопатияға (мидың ісінуі) әкелуі мүмкін, ол бас ауырумен, жүрек айнумен, құрысулармен және құсумен сипатталады. Мидың ісінуі бар пациенттер мидың ауыр, қайтымсыз және өмірге қауіпті зақымдануының ерекше қаупіне ұшырайды.
Балалар, фертильді жастағы әйелдер және менингит, бассүйекішілік қан кету, ми контузиясы бар пациенттер жедел гипонатриемиядан туындаған ауыр және өмірге қауіпті ми ісінуінің ерекше қаупіне ие.
Натрийдің іркілуі, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуі және ісіну қаупі бар пациенттерде қолдану
Натрий хлориді 0,9 %, егер пациентте келесі жағдайлар болса, өте сақтықпен қолданылуы керек:
- гипернатриемия (бейімделуден кейін гипернатриемияны тез түзету мидың ісінуіне, құрысуларға, мидың қайтымсыз зақымдалуына немесе өліммен аяқталған жағдайға әкелуі мүмкін);
- гиперхлоремия;
- метаболизмдік ацидоз, ол ұзақ уақыт қолданғанда, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде ушығуы мүмкін;
- гиперволемия (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі және өкпенің ісінуі), ол әсіресе жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан дапациенттерде дамуы мүмкін;
- ятрогендік гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз (мысалы, вена ішіне реанимациялық іс-шараларды жүргізу кезінде);
- натрийдің іркілуін, сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуін және орталық және/немесе шеткері ісінуді туындатуы мүмкін жағдайлар (мысалы, гипертониямен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, бауыр ауруларымен (циррозды қоса), бүйрек ауруларымен (бүйрек артериясының стенозын, нефросклерозды қоса алғанда) немесе преэклампсиямен байланысты бастапқы гиперальдостеронизмі, салдарлы гиперальдостеронизмі бар пациенттер);
- натрий мен сұйықтықтың іркілу қаупін арттыруы мүмкін дәрілік препараттарды қолдану (мысалы, кортикостероидтар).
Инфузиялық реакциялар
Аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін, 0,9% натрий хлоридін қолданумен байланысты этиологиясы белгісіз симптомдар туралы өте сирек хабарланған: гипотензия, гипертермия, тремор, қалтырау, есекжем, бөртпе және қышыну. Егер осы реакциялардың белгілері немесе симптомдары пайда болса, препаратты енгізуді дереу тоқтату керек. Клиникалық көрсетілімдер болған жағдайда тиісті емдік шараларды қолдану қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Дәрігердің қандағы натрий деңгейінің жылдам өзгеруіне ерекше сезімтал халықтың ерекше топтарында препаратты қолдану тәжірибесі бар болуы керек.
Натрий деңгейінің жылдам өзгеру (гипонатриемия және гипернатриемия) қауіптілігі зор (ауыр неврологиялық асқынулардың қаупі).
Педиатриялық популяция
Педиатриялық популяцияда қан плазмасындағы электролиттердің концентрациясын мұқият бақылау керек, өйткені бұл популяция ағзадағы сұйықтық пен электролиттерді реттеу қабілетін бұзуы мүмкін. Сондықтан натрий хлоридінің қайталама инфузиясын қан сарысуындағы натрий деңгейін анықтағаннан кейін ғана жүргізу керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде пайдалану үшін инфузиялық ерітіндінің типін және инфузия көлемін/жылдамдығын таңдағанда, олар әдетте жүрек, бүйрек, бауыр және басқа аурулардан зардап шегетінін немесе қатар жүретін дәрілік емді қолданатынын ескеру қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсерін бағалау бойынша деректер жоқ.