Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли назальные
Дозасы
0,05 %
Саудалық атауы
Нафазолин А
Әсер етуші зат
Нафазолин
Мақсаты
Жедел ринит, пішен тұмауында
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
10 мл препараттың құрамында:
белсенді зат – нафазолин нитраты - 5 мг немесе 10 мг,
қосымша заттар – бор қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз немесе аздап сарғыш мөлдір сұйықтық.
• жедел ринит
• пішен тұмауында
• операциядан кейінгі жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының гиперемиясы және ісінуі
• риноскопия
Әсер ету механизмі
Жүйелік симпатомиметик болып табылатын Нафазолин альфа-адренорецепторларға әсер етеді. Шырышты қабықтардың тамырларына айқын және ұзақ жалғасатын тамыр тарылтқыш әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Интраназальды қолдану кезінде нафазолин қан тамырларын тарылтады, экссудацияны азайтады, осылайша мұрынның тыныс алуын жеңілдетеді және жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы кезінде шырышты ісінуді азайтады. Жергілікті қолданған кезде тамыр тарылтатын әсері 5-10 минуттан кейін пайда болады және 4-тен 6 сағатқа дейін созылады.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Суық тиген пациенттерде тұзды ерітіндіні қосарлы салыстырмалы бақыланатын зерттеуде зерттелетін препараттарды енгізгеннен кейін 1 сағат өткен соң риноманометрияны өлшеуге негізделген физиологиялық ерітіндімен салыстырғанда ісінуге қарсы әсері едәуір жоғары (p <0,0001) болды.
Балалар
Деректер жоқ
Дозалау режимі
0,1% мұрынға тамызатын дәріні ересектер мен 15 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына күніне 3 рет 1-3 тамшыдан қолданады.
Беткейлік анестезияға қосымша дәрі ретінде – 1 мл жергілікті анестетикке 2-4 тамшыдан.
0,05% мұрынға тамызатын дәрі:
• 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр мұрын жолына 1-2 тамшыдан
• 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға әр мұрын жолына 2 тамшыдан
Құтының ұшын тесу үшін қалпақшасын тірелгенге дейін бұрау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Дәріні екі мұрын қуысына күніне бірнеше рет (күніне 3 рет жеткілікті) тамызады. Дозалар арасында кемінде 4 сағат аралық болуы керек. Өнім қысқа уақыт пайдаланылады. Ересектерде 5 күннен артық және балаларда 3 күннен артық қолдануға болмайды. Егер емдік әсерге ертерек қол жеткізілсе, емдеуді тоқтатуға болады. Препаратты қабылдауды емдеуде бірнеше күндік үзілістен кейін ғана қайталауға болады.
Мұрыннан қан кеткен жағдайда ерітіндіге малынған мақта тампонын енгізуге болады.
Дәріні мұрын қуысына басты аздап қисайтып тамызады. Сол жақ мұрын қуысына тамызған кезде басын солға бұру ұсынылады, ал оң жақ мұрын қуысына тамызған кезде басын оңға бұру ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсыныстары
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар өршісе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.
• нафазолинге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса
жоғары сезімталдық
• мұрынның шырышты қабатының құрғақ қабынуы
• 0,1% ерітінді үшін 15 жасқа дейінгі балаларда
• 0,05% ерітінді үшін 3 жасқа дейінгі балаларда
• гипертиреоз
• тиреотоксикоз
• созылмалы ринит
• қант диабеті
• артериялық гипертензия
• жүректің ишемиялық ауруы
• феохромоцитома
• тахикардия
• айқын атеросклероз
• жабық бұрышты глаукома
• МАО тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезеңде
Ұсынылған дозасында өнім әдетте жақсы көтерімді. Аса сезімтал пациенттерде кейде мұрынның шырышты қабығының күйдіріп ашытуы және құрғауы сияқты жеңіл жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда, әсері қайтқаннан кейін, мұрынның қатты бітелуі байқалуы мүмкін.
Симпатикалық жүйке жүйесінің тітіркенуіне байланысты мыналар өте сирек кездеседі:
• ашушаңдық, бас ауыруы, тремор
• тахикардия, жүрек қағуы
• жоғары қан қысымы
• қатты тершеңдік
Бұл әсерлер негізінен артық дозаланғанда пайда болады.
Ересектерде 5 күннен артық және балаларда 3 күннен артық интраназальді енгізу кезінде немесе жиі қабылдағаннан кейін дағдылану ықтималдығы бар. Өнімді ұзақ уақыт пайдалану шырышты эпителийдің кірпікшелері белсенділігінің әлсіреуімен бірге зақымдануына және құрғақ ринитпен шырышты қабықтың қайтымсыз зақымдануына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтиткалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат
Тіркеуден кейінгі деректер нафазолиннің шамадан тыс жүйелік әсері, мысалы, әдейі немесе кездейсоқ артық дозалануынан (оның ішінде байқаусызда пероральді қабылдануы) жүрек-қантамыр және/немесе цереброваскулярлық ауыр жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Артық дозалану немесе препаратты байқаусызда жұту препараттың жүйелік әсер ету симптомдарымен байқалуы мүмкін: артериялық қысымның көтерілуі, тахикардия, бас ауыруы, тремор, ашушаңдық, қатты тершеңдік, жүрек қағысын сезіну, сананың бұзылуы. Цианоз, жүрек айну, жүректің тоқтап қалуы, өкпенің ісінуі, психикалық бұзылулар, дене температурасының көтерілуі пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесін басатын әсері келесі симптомдармен байқалады: ұйқышылдық, брадикардия, дене температурасының төмендеуі, шок жағдайы, апноэ, кома.
Кездейсоқ артық дозаланған кезде препаратты қолдануды тоқтатып және дереу дәрігерге қаралу қажет.
Емі: симптоматикалық.
Оны жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр ауруларында (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы), зат алмасудың бұзылуларында (қант диабеті, гипертиреоз), феохромоцитомада және МАО тежегіштерімен және басқа да потенциалды гипертензиялық препараттармен қатарлас емдеуде ерекше сақтықпен қолдану керек. Сондай-ақ, миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотанға) сезімталдығын арттыратын анестетиктермен жалпы анестезия кезінде, бронх демікпесі бар пациенттерде, сондай-ақ жүктілік пен бала емізу кезінде сақ болу керек.
Ұзақ уақыт қолданудан және артық дозаланудан, әсіресе балаларда, аулақ болу керек. Шырышты қабықтың ісінуге қарсы дәрілерін ұзақ уақыт пайдалану мұрынның шырышты қабығының ісінуіне және соңынан атрофиясына әкелуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
0,1% мұрынға тамызатын дәрі 15 жастан асқан балаларға қолданылады
0,05% мұрынға тамызатын дәрі 3 жастан асқан балаларға қолданылады
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдану тек қана қатаң көрсетілімдер бойынша және ана үшін күтілетін емдік әсері ұрық немесе сәби үшін әлеуетті қаупінен жоғары болса ғана мүмкін болады.
Препарат ішуге тағайындалатын гипотензивті дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді, анестетиктердің сіңірілуін баяулатады.
Моноаминооксидаза тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен біріктіріп қолдану кезінде немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы артериялық қысымның күрт жоғарылау қаупі бар.
Моноаминдерді кері қармаудың селективті емес тежегіштері препараттың қантамырын тарылту әсерін күшейтеді.
Жарықтан қорғалған жерде, 18°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.