Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли назальные
Дозасы
0,05 %
Саудалық атауы
Нафазолин-К
Әсер етуші зат
Нафазолин
Мақсаты
Жедел ринит, синусит
Өндіруші
Фармация 2010
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында 0.05% 0.1%
белсенді зат-нафазолин нитраты 0.05 г 0.1 г
қосымша заттар: бор қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық
- жедел ринит
- синусит
- диагностикалық және емдік араласулар кезінде мұрын шырышты қабығының ісінуін басу үшін
AТХ коды R01AA08
Әсер ету механизмі
Препарат құрамында альфа-адренорецепторларға әсер ететін жүйелік симпатомиметик болып табылатын нафазолин бар. Шырышты қабықтардың тамырларына айқын және ұзаққа созылатын тамырды тарылтатын әсер етеді. Интраназальді қолданғанда нафазолин тамырларды тарылтады, экссудацияны азайтады, осылайша мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді және жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы кезінде шырышты қабықтың ісінуін азайтады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан балалар - 0.1% және 0.05% 1-3 тамшыдан күніне 3-4 рет.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға 0.05% 1-2 тамшыдан, 6-дан 15 жасқа дейін 2 тамшыдан күніне 1-3 рет.
Беткейлік анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде - 1 мл жергілікті анестетикке 2-4 тамшыдан.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты әр танауға тамызады, бас артқа еңкейтілуі тиіс. Сол жақ танауға тамызу кезінде басты солға сәл бұрған жөн, оң жақ танауға тамызған кезде басты оңға бұрған жөн.
Емдеу ұзақтығы
3 күннен артық қолданбау керек.
Препаратты қысқа уақыт ішінде пайдалану керек. Оны 3 күннен артық қолданылмауы тиіс. Егер мұрын бітелуі жойылса, емдеу ертерек тоқтатылуы мүмкін. Препаратты емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен кейін ғана қайта қолдануға болады.
- 3 жасқа дейінгі балалар (0.05% ерітінді үшін)
- 15 жасқа дейінгі балалар (0.1% ерітінді үшін)
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
- көздің ауыр аурулары
- гипертиреоидизм
- несеп шығарудың бұзылуы
- қант диабеті
- жабық бұрышты глаукома
- қуық асты безінің аурулары
- құрғақ ринит
- созылмалы ринит (атрофиялық типі)
Сақтықпен
- жүктілік және лактация кезеңі (дәрігердің тағайындауы бойынша, тек шұғыл қажет болған жағдайда).
Ұсынылған дозаларда қолданған кезде препарат әдетте жақсы жағымды. Сезімталдығы жоғары пациенттерде дәрілік зат мұрын шырышты қабығының күйдіріп ашуын және құрғауын сирек туындатуы мүмкін. Сирек жағдайларда мұрынның қатты бітелуі сезімі пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігінің жіктемесі ДДҰ ұсыныстарына сәйкес ұсынылған: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (>1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (>1/10 000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10 000-нан); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша, пайда болу жиілігін анықтау мүмкін емес.
Тек сирек жағдайларда жүйелік жағымсыз әсер пайда болады (көбінесе
артық дозаланғанда):
Иммундық жүйе тарапынан: Квинке ісінуі, күйдірп ашуды қоса, аллергиялық реакциялар;
Жүйке жүйесі тарапынан: ашушаңдық, бас ауыруы, тремор;
Жүрек жүйесі тарапынан: тахикардия, жүрек соғысы;
Қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық гипертензия;
Тері мен тері асты тіндері тарапынан: тершеңдік.
Ұзақ мерзімді (ересектер үшін 5 күннен және балалар үшін 3 күннен ұзағырақ) немесе тым жиі қолдану қолданғаннан кейін салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде пайда болатын шырышты қабықтың қарқынды ісінуімен қатар жүретін тәуелділікке әкелуі мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт қолдану шырышты қабық эпителийінің бұзылуына, цилиарлы қызметтің тежелуіне және шырышты қабықтың қатымсыз зақымдануына және құрғақ риниттің дамуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты кездейсоқ тұтыну ашушаңдық, тершеңдік, бас ауыруы, тремор, тахикардия, жүрек соғысы немесе гипертония сияқты жүйелі жағымсыз реакциялардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Артық дозаланудың ықтимал симптомдары жүрек айнуы, цианоз, қызба, құрысулар, жүректің тоқтауы, өкпе ісінуі және тыныс алу немесе психиатриялық проблемалар, терінің бозаруы, жүрек ұстамасымен ұсынылған. Сонымен қатар, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, терлеу, шок тәрізді гипотензия, апноэ немесе комамен қатар жүретін орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін байқауға болады.
Тіркеуден кейінгі деректер шамадан тыс жүйелік әсер ету, мысалы, нафазолиннің әдейі немесе кездейсоқ артық дозалануы (абайсызда пероральді жұтуды қоса) ауыр жүрек-қантамыр және/немесе цереброваскулярлық жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін екенін растайды.
Емдеу: симптоматикалық.
Балаларда артық дозалану қаупі жоғары, өйткені олар ересектерге қарағанда жағымсыз әсерлерге едәуір сезімтал.
Ұзақ уақыт қолданған кезде тамырды тарылтатын әсердің айқындылығы біртіндеп төмендейді (тахифилаксия құбылысы), осыған байланысты препаратты 3 күннен астам қолданбау ұсынылады. Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), қант диабеті кезіндегі феохромоцитома, гипертиреоз, МАО тежегіштерін немесе басқа препараттарды қатарлас қолдану немесе потенциалды гипертензиялық препараттармен бірге аса сақтықпен тағайындау керек.
Бронх демікпесімен ауыратын науқастарда миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотан) сезімталдығын арттыратын анестетиктердің көмегімен жалпы наркоз кезінде сақ болу керек.
Жоғары дозаларды қолданған кезде жүрек-қантамыр мен жүйке жүйесі тарапынан жүрек соғысы, артериялық гипертензия, аритмия, бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық сияқты жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін
Ұзақ уақыт қолданудан және артық дозаланудан аулақ болу керек, әсіресе балаларда. Шырышты қабықтың ісінуін басуға арналған дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану мұрын шырышты қабығының ісінуіне және кейіннен атрофиясына әкелуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
3 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
3-тен 15 жасқа дейінгі балаларға 0,05% дозада қолдануға болады.
15-тен асқан балаларға 0,1% дозада қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Ұсынылған дозалардан асырған кезде, бас айналу және ұйқышылдық мүмкін.
Нафазолиннің плацента арқылы өтіп, емшек сүтіне бөліну қабілеті туралы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан жүкті немесе бала емізетін әйелдерге препаратты енгізгенге дейін емдеудің потенциалды қауіптері мен артықшылықтарын қарастыру керек, препаратты жедел қажет болған жағдайда ғана тағайындау керек.
Препаратты моноаминоксидаза тежегіштерімен, үшциклді антидепрессанттармен және мапротилинмен бір мезгілде немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы қолданбаған жөн, өйткені жүрек ырғағының бұзылуы және артериялық қысымның жоғарылауы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30˚С-ден аспайтын температурада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.