Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Дозасы
0.1 %
Саудалық атауы
Нафазолин-ТК
Әсер етуші зат
Нафазолин
Мақсаты
Жедел ринит, риноскопия, мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы, ортаңғы құлақтың қабынуы
Өндіруші
ТК Фарм Актобе
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында 0.05% 0.1%
белсенді зат – нафазолин нитраты 0.05 г 0.1 г
қосымша заттар: бор қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық
- жедел ринит
- риноскопия
- мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы
- ортаңғы құлақтың қабынуы
Альфа-адреномиметик. Нафазолин айқын тамыр тарылтатын әсерге ие. Нафазолин альфа2-адренорецепторларды көтермелейді, бұл шеткері қан тамырларының тарылуына әкеледі, артериялық қысымды арттырады, қарашықты кеңейтеді. Тамыр тарылтатын әсерінің салдарынан препарат ісінуді, гиперемияны, экссудацияны азайтады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 0.1% және 0.05 % әр мұрын жолына 1-2 бүркуден.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 0.05 % әр мұрын жолына 1 бүркуден, 6 жастан асқан балаларға және 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әр мұрын жолына 2 бүркуден.
Енгізу әдісі мен жолы
Мұрын ішіне
Препарат әр мұрын жолына күніне 2-3 рет кемінде 4 сағат аралықпен енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы ересектерде 5 күн, балаларда 3 күн.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 3 жасқа дейінгі балалар (0.05% ерітінді үшін)
- 15 жасқа дейінгі балалар (0.1% ерітінді үшін)
- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
- күрделі көз аурулары
- гипертиреоидизм
- қант диабеті
- созылмалы ринит
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
- жабық бұрышты глаукома
- МАО тежегіштерін (антидепрессанттар) бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
Жиі
- мұрынның шырышты қабығының ашытуы және құрғап кетуі, нафазолиннің әсері тоқтағаннан кейін реакциялық гиперемиядан туындаған «мұрынның бітелуі» сезімінің күшеюі.
Жиі емес
- жүректің соғуы, тамыр соғысының жиілеуі
- артериялық қысымның жоғарылауы
- мұрыннан қан кету
- аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну)
Сирек
- бас ауыруы
- шырышты қабықтың тітіркенуі және реакциялық гиперемия
- ұйқысыздық, шаршау
Өте сирек
- аритмия
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жүрек айнуы
- тахикардия
Нафазолиннің жоғары дозаларын ұзақ немесе шамадан тыс пайдалану немесе қолдану шырышты қабықтың ашуын немесе құрғап кетуін, сондай-ақ нафазолинді ересектерде 5 күннен және балаларда 3 күннен артық қолданғаннан кейін туындауы мүмкін салдарлы (реакциялық) дәрі-дәрмектік ринит тудыруы мүмкін. Нафазолинді ұзақ уақыт қолданған кезде цилиарлы тасымалдау белсенділігінің бәсеңдеуімен шырышты қабық эпителийінің зақымдануы өршуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда атрофиялық ринитке тән шырышты қабықтың қайтымсыз зақымдануы мен құрғап кетуі дамиды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тіркеуден кейінгі деректер нафазолиннің шамадан тыс жүйелік әсері, мысалы, әдейі немесе кездейсоқ артық дозалану (оның ішінде байқаусызда пероральді қабылдануы) салдарынан ауыр жүрек-қантамыр және/немесе цереброваскулярлық жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Артық дозалану жағдайлары немесе препаратты кездейсоқ жұтып қою препараттың жүйелі әсер етуі симптомдарымен көрініс беруі мүмкін: күйгелектік, қатты терлеу, бас ауыруы, тремор, жүректің соғуын сезіну, тахикардия, гипертензия. Терінің бозаруы, цианоз, қызба, жүрек айнуы, түйілулер, жүрек ұстамасы, жүректің тоқтап қалуы, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылулар туындауы мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсері мынадай симптомдармен көрініс береді: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, қатты терлеу, ұйқышылдық, шок жай-күйі, апноэ, кома.
Кездейсоқ артық дозаланған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.
Емі симптоматикалық.
Артық дозалану қаупі балаларда артады, олар ересектерге қарағанда жағымсыз әсерге едәуір сезімтал.
Резорбциялық әсер көрсетуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйелерінің ауыр ауруларында (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы), қант диабетінде, гипертиреозда, феохромоцитомада, МАО тежегіштерін немесе гипертензиялық әсер көрсетуі мүмкін басқа препараттарды қатар қолданғанда препаратты аса сақтықпен қолдану керек.
Арнайы ескертулер
Ұзақ уақыт қолданған кезде тамыр тарылтатын әсерінің айқындылығы біртіндеп төмендейді. Ұзақ уақыт қолданған кезде мұрынның шырышты қабығының кейіннен атрофия дамуымен салдарынан төзімділік, ісіну туындауы мүмкін.
Миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотан) сезімталдығын арттыратын анестетиктерді қолдану арқылы жалпы анестезияда, сондай-ақ бронх демікпесінде сақтық қажет.
Препараттың жоғары дозаларын қолданған кезде жүрек соғуы, артериялық гипертензия, аритмия, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық сияқты жүрек-қантамыр және жүйке жүйелері тарапынан жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
3 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ.
3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 0.05 % дозада қолдануға болады.
15 жастан асқан балаларға 0.1 % дозада қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.
Препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша жүктілік және лактация кезеңінде анасы үшін күтілетін емдік әсері шарана немесе балаға қатысты жағымсыз әсерлердің ықтималды қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.
МАО тежегіштермен бір мезгілде және оларды қабылдау аяқталғаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылдауға болмайды. Препарат жергілікті жансыздандыратын ДЗ сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізгенде олардың әсерін ұзартады).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.