Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Дозасы
0,1%
Саудалық атауы
Нафазолин-DF
Әсер етуші зат
Нафазолин
Мақсаты
Жедел ринит, мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
10 мл препараттың құрамында:
белсенді зат – 10 мг нафазолин нитраты;
қосымша заттар – бор қышқылы, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.
• жедел ринит
• мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы
• диагностикалық және емдік емшаралар кезінде ісінуді азайту үшін
Әсер ету механизмі
Нафазолин-DF құрамында альфа-адренорецепторларға әсер ететін жүйелі симпатомиметик болып табылатын нафазолин бар. Шырышты қабық тамырларына айқын және ұзақ жалғасатын тамыр тарылтатын әсер көрсетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Интраназальді қолданғанда нафазолин тамырларды тарылтады, экссудацияны төмендетеді, осылайша, мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді және жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы кезінде шырыштың ісінуін төмендетеді.
Дозалау режимі
Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға күніне 2-3 рет әрбір мұрын жолына 1 бүркуден қолданады, бірақ аралығы 4 сағаттан жиі болмау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Интраназальді.
Емдеу ұзақтығы
5 күннен артық қолданылмайды. Қайта қолданар алдында бірнеше күн үзіліс жасау қажет.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
• мұрын шырышты қабығының құрғақ қабынуы
• 15 жасқа дейінгі балалар
• гипертиреоз
• созылмалы ринит
• қант диабеті
• құрғақ ринит
• артериялық гипертензия
• ишемиялық жүрек ауруы
• феохромоцитома
• тахикардия
• көздің күрделі ауруы
• айқын атеросклероз
• жабық бұрышты глаукома
• МАО тежегіштерін бір уақытта қолдану және оларды қолданғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
Препараттың жергілікті әсерлері:
- мұрын қуысының шымылдатып ашытуын және құрғақтығын сезіну, реактивті гиперемия
- ұзақ қолданғанда – мұрын шырышты қабығының ісінуі
- аллергиялық реакциялар, аса сирек – Квинке ісінуі.
- 1 аптадан артық қолданғанда препаратқа дағдылану туындауы мүмкін.
Ұзақ қолдану атрофиялық ринит туындатуы мүмкін.
Препараттың жүйелі әсерлері:
жүйке жүйесі тарапынан: әлсіздік, тремор, жүрек айнуы, бас ауыруы, ашушаңдық, қатты тершеңдік;
жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жекелеген жағдайларда бейім пациенттерде – артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия, аритмия, реактивті гиперемия.
тері мен оның қосалқылары тарапынан: тері жабындарының бозаруы.
Шамадан тыс жиі қолдану шырышты қабықтың қарқынды ісінуімен қатар жүретін тәуелділікке әкелуі мүмкін, ол қолданғаннан кейін салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде орын алады. Препаратты ұзақ қолдану шырышты қабық эпителийінің бұзылуына, цилиарлық қызметтің тежелуіне әкелуі мүмкін және шырышты қабықтың қайтымсыз зақымдануына және құрғақ риниттің дамуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тіркеуден кейінгі деректер нафазолиннің шамадан тыс жүйелік әсері, мысалы, әдейі немесе кездейсоқ артық дозалануынан (оның ішінде байқаусызда пероральді қабылдануы) жүрек-қантамыр және/немесе цереброваскулярлық ауыр жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Препаратты артық дозалау немесе байқамай жұтып қою препараттың жүйелі әсерлерінің симптомдарымен байқалуы мүмкін: артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия, бас ауыруы, тремор, ашушаңдық, қатты тершеңдік, жүрек қағуын сезіну, сананың бұзылуы. Мыналар туындауы мүмкін - цианоз, жүрек айнуы, жүректің тоқтап қалуы, өкпе ісінуі, психикалық бұзылыстар, дене температурасының көтерілуі. Орталық жүйке жүйесіне бәсеңдетуші әсері мына симптомдармен байқалады: ұйқышылдық, брадикардия, дене температурасының төмендеуі, шок жағдайы, апноэ, кома.
Байқамай артық дозаланған жағдайда препарат қолдануды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керек.
Емі симптоматикалық.
Препаратты ұзақ қолдану мұрынның созылмалы бітелуіне және шырышты қабықтың атрофиясына әкелуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйелерінің ауыр ауруларында (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы), бронх демікпесінде, қант диабетінде, гипертиреозда, феохромоцитомада, МАО тежегіштерін немесе гипертензиялық әсер көрсетуі мүмкін басқа препараттарды қатар қолданғанда препаратты аса сақтықпен қолдану керек.
Ұзақ қолдану кезінде тамыр тарылтушы әсердің айқындылығы біртіндеп төмендейді (тахифилаксия құбылысы), осыған байланысты препаратты 5 күннен асырмай қолдану ұсынылады. Ұзақ уақыт қолданған кезде толеранттылық дамуы, кейіннен мұрынның шырышты қабығының атрофиясымен ісінудің туындауы мүмкін.
Миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотан) сезімталдығын арттыратын анестетиктерді қолдану арқылы жалпы анестезияда, сондай-ақ бронх демікпесінде сақтық қажет.
Препараттың жоғары дозаларын қолданған кезде жүрек соғуы, артериялық гипертензия, аритмия, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық сияқты жүрек-қантамыр және жүйке жүйелері тарапынан жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Нафазолин-DF 15 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдік дозаларда қолданғанда көлік құралдарын басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді.
Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезінде қолдану күтілетін пайда ана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана мүмкін.
Нафазолин-DF пероральді тағайындалған гипотензиялық дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді, анестетиктердің сіңірілуін баяулатады.
МАО тежегіштерімен (ниаламид, бефол) және трициклдық антидепрессанттармен, мапротилинмен біріктірілімде қолданғанда немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы артериялық қысымның күрт жоғарылау қаупі бар.
Моноаминдердің кері қармауының селективті емес тежегіштері Нафазолин-DF препаратының тамыр тарылтушы әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың жарамдылық мерзімі – 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 18°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.