Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли назальные
Дозасы
0.05 %
Саудалық атауы
Нафтизин- Фармак®
Әсер етуші зат
Нафазолин
Мақсаты
Жедел ринитте, мұрын қосалқы қойнауларының қабынуында, евстахиитте, ортаңғы құлақтың қабынуында
Өндіруші
"Фармак"
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – нафазолин нитраты 0,5 мг (0,05 % ерітінді) немесе 1 мг (0,1%
ерітінді),
қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық.
• жедел ринитте
• мұрын қосалқы қойнауларының қабынуында
• евстахиитте
• ортаңғы құлақтың қабынуында
• диагностикалық және емдік шаралар кезінде ісінуді азайту үшін
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Емдік мақсатта. Ересектер мен және 15 жастан асқан балаларға – әр мұрын жолына 0,05 % - 0,1 % ерітінді 1-3 тамшыдан.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға әр мұрын жолына 0,05 % ерітіндіні 1
тамшыдан, 6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға – 1-2 тамшыдан қолданады. Нафтизин-Фармак® препаратын күніне 3 рет қолданады, бірақ 4 сағаттан жиі емес. Нафтизин-Фармак® препаратын ересектерге 1 аптадан көп және балаларға 3 тәуліктен артық қолдануға болмайды. Нафтизин-Фармак® препаратын қайтадан бірнеше тәуліктен соң ғана қолдануға болады.
Мұрыннан қан кеткен жағдайда препараттың 0,05 % ерітіндісіне малынған тампондарды пайдалану керек.
Диагностикалық мақсатта. Мұрын қуысын тазалағаннан кейін әр мұрын жолына 0,05 % - 0,1 % ерітіндіні 3-4 тамшыдан тамызады немесе 0,05 % - 0,1% ерітіндіге малынған тампонды 1-2 минут салады.
Дауыс байламдары ісінген жағдайда 1-2 мл препаратты көмей шприцімен бүрку керек.
Енгізу әдісі және жолы
Мұрын ішіне енгізу тәсілі.
Нафтизин-Фармак® препаратын басты сәл артқа шалқайтып, әр мұрын жолына және оны сол жақ танауға тамызғанда оңға, ал оң жақ танауға тамызғанда солға қисайтып тамызады.
• препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
• мұрын шырышты қабығының құрғақ қабынуы
Дәрілік заттың жағымсыз реакцияларының даму жиіліктерін бағалау критерийлері: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (реакциялардың пайда болу жиіліктерін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Нафтизин-Фармак® препаратының ұсынылған дозаларын сақтағанда әдетте жақсы көтерімді. Бірлі-жарым жағдайларда жағымсыз құбылыстары туындайды.
Сирек:
• жүрек айнуы, бас ауыруы, ашушаңдық, тремор
• тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек қағуы
• реактивті гиперемия, қатты тершеңдік
• ашыту сезімі немесе мұрынның құрғауы
• мұрын қуысының шырышты қабатының ісінуі (7 күннен астам қолданған кезде)
• атрофиялық ринит
Өте сирек:
• препараттың әсері әлсіреткеннен кейін мұрынның қарқынды бітелуі Ересектерге бір аптадан астам және балаларға 3 күннен аса қолдану немесе өте жиі қолдану препаратқа дағдылануды туындатуы мүмкін, бұл оны қолданудан кейін мұрын шырышты қабығының ісінуімен қатар жүреді. Ұзақ қолдану цилиарлық белсенділіктің бәсеңдеуіне және мұрын шырышты қабығыныңқайтымсыззақымдануына,мұрыншырыштықабығының құрғап қабынуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыздәрілікреакциялартуындағандамедициналық қызметкерге,фармацевтикалыққызметкергенемесе,дәрілік
препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.
Симптомдары: препаратты артық дозалау немесе кездейсоқ жұту препараттың жүйелік әсер ету симптомдары: ашушаңдық, қатты тершеңдік, бас ауыру, тремор, жүрек қағуын сезіну, тахикардия, гипертензиямен
көрініс береді. Терінің бозаруы, цианоз, қызба, жүрек айну, түйілулер, жүрек ұстамасы, жүректің тоқтап қалуы, өкпе ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылулар пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесін бәсеңдетуші әсері мынадай симптомдармен білінеді: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, қатты тершеңдік, ұйқышылдық, шок жағдайы, апноэ, кома.
Кездейсоқ артық дозалану кезінде препарат қолдануды тоқтатып және дереу дәрігерге қаралу керек.
Емі: симптоматикалық.
Артық дозалану қаупі ересектерге қарағанда, жағымсыз әсерге сезімталдығы басым балаларда арта түседі.
Ересектер мен балаларға ұзақ қолданбаған дұрыс. Препаратты ұзақ қолдану созылмалы мұрын бітелуіне және шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға Нафтизин-Фармак® 0,05% қолдануға болады.
15 жастан асқан балаларға Нафтизин-Фармак® 0,1% қолдануға болады.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдік дозаларда қолданғанда көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады, ол анаға пайдасын/ шаранаға (сәбиге) төнетін қаупін анықтайды. Нафазолин нитратының плацента немесе емшек сүтіне өтуіне қатысты ақпарат жоқ.
Нафтизин-Фармак® препаратын МАО тежегіштерімен, трициклді антидепрессанттармен және мапротилинмен бір мезгілде қолданғанда немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 28 тәулік. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.