Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли назальные
Дозасы
0,1 %
Саудалық атауы
Нафтизин
Әсер етуші зат
Нафазолин
Мақсаты
Жедел ринит кезінде, аллергиялық ринит кезінде, риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін
Өндіруші
Московский эндокринный завод
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 1.0 мг нафазолин нитраты (нафтизин),
қосымша заттар: бор қышқылы, натрий гидроксиді ерітіндісі 1 М, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Нафтизин ересектерде келесілерде қолданылады:
– жедел ринит кезінде
– аллергиялық ринит кезінде
– риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін
Альфа-адреностимуляторлық дәрі, шырышты қабық тамырларына қатысты жылдам, айқын және ұзақ вазоконстрикторлы әсер (ісінуді, гиперемияны, экссудацияны азайтады) етеді. Ринит кезінде вена синустарына қан ағынын азайта отырып, мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді. 5-7 күннен соң толеранттылық пайда болады.
Дозалау режимі
Жедел және аллергиялық ринит кезінде күніне 3-4 рет 1-3 тамшы ерітінді тағайындалады.
Риноскопия кезінде беткейлік анестезияны ұзарту үшін 1 мл анестетикпен 2-4 тамшы ерітінді қолданылады.
Енгізу жолы және тәсілі
Препарат интраназальді түрде қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 7 күннен асырмай қолдану ұсынылады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.
• нафазолин нитратына (нафтизинге) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• артериялық гипертензия
• айқын атеросклероз
• тиреотоксикоз
• созылмалы ринит
• атрофиялық ринит
• көздің ауыр аурулары
• жабық бұрышты глаукома
• қант диабеті
• тахикардия
• моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
• қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясына байланысты несеп шығарудың бұзылуы
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Жиі
– мұрын шырышты қабығының ашытып күйдіруі және құрғауы, нафазолиннің әсері тоқтағаннан кейін реактивті гиперемия тудырған мұрынның «бітелу» сезімінің күшеюі
Жиі емес
– артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек соғуы, тамыр соғысының жиілеуі
– мұрыннан қан кету, аллергиялық реакциялар (Квинке ісіну, есекжем, қышыну)
Сирек
– ұйқысыздық
– бас ауыруы
– шырышты қабықтың тітіркенуі және реактивті гиперемиясы
Өте сирек
– аритмия
Белгісіз
– тахикардия
– жүрек айнуы
– атрофиялық ринит
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратпен артық дозалануы немесе кездейсоқ жұтып қою препараттың жүйелі әсерінің симптомдарымен көрінуі мүмкін: күйгелектік, қатты терлеу, бас ауыруы, тремор, жүрек соғуын сезіну, тахикардия, кеуденің ауыруы, гипертензия. Терінің бозаруы, цианоз, қызба, жүрек айнуы, түйілу, жүрек ұстамасы, жүрек тоқтауы, өкпе ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылулар туындауы мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне тежегіш әсер келесі симптомдармен көрінеді: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, қатты терлеу, ұйқышылдық, шок жағдайы, апноэ, кома.
Кездейсоқ артық дозаланғанда препаратты қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге көріну керек.
Емі симптоматикалық.
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Резорбтивті әсер көрсетуі мүмкін.
Ұзақ уақыт қолданған кезде тамыр тарылтатын әсердің айқындығы біртіндеп төмендейді (тахифилаксия құбылысы), сондықтан 5-7 күн қолданғаннан кейін бірнеше күн үзіліс жасау ұсынылады.
Бір тамшылатқыш құтыны біреуден көп пациенттің қолдануы инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін.
Препаратты жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында (жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)), қуықасты безінің гиперплазиясында, феохромоцитомада, жүктілік және бала емізу кезеңінде сақтықпен қолдану керек.
Шырышты қабықтың ісінуін басуға арналған препараттарды ұзақ уақыт қолдану ісінуге және кейіннен мұрынның шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ана үшін күтілетін емдік әсері шаранада немесе балада жағымсыз әсерлердің дамуының потенциалды қаупінен асып түскен жағдайларда қатаң көрсетілімдер бойынша ғана мүмкін болады.
Айқын артериялық гипертензияның даму қаупінің жоғарылауы салдарынан МАО тежегіштерімен бір мезгілде немесе оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде қолдануға болмайды.
Нафтизин жергілікті анестезиялық дәрілік заттардың сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізу кезінде олардың әсерін ұзартады).
Басқа тамыр тарылтатын дәрілік заттарды бірге тағайындау жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттырады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Препаратты ашқаннан кейін сақтау мерзімі – 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.