Артық дозаланған жағдайда, емді уақытша тоқтатуды немесе дозасын азайтуды қоспағанда, арнайы емдік іс-шаралар талап етілмейді.
ДП-ты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Небидо® емделу кезінде ең көп жиілікпен акне және инъекция салған жердің ауыруы сияқты жағымсыз реакциялар байқалды.
Төменде MedDRA сәйкес, ағзалар жүйесі кластарына бөлінген жағымсыз дәрілік реакциялар келтіріліп отыр. Жағымсыз реакциялардың клиникалық зерттеулердің мәліметтеріне негізделген және қалай болғанда да Небидо® препаратын қабылдаумен байланысты деп қаралады.
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
• полицитемия, гематокрит деңгейінің жоғарылауы*, эритроциттер санының артуы*, гемоглобин деңгейінің жоғарылауы*
• дене салмағының артуы
• ысынулар
• акне
• простата спецификалық антигені деңгейінің жоғарылауы, қуықасты безін тексеру кезіндегі патологиялық өзгерістер, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы
• инъекция орнындағы түрлі реакциялар (ауыру, жайсыздық, қышыну, эритема, гематома, тітіркену, басқа реакциялар)
Жиі емес (≥ 1/1 000-нан < 1/100 дейін)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
• тәбеттің артуы, гликозилденген гемоглобин деңгейінің жоғарылауы, гиперхолестеринемия, қандағы триглицеридтердің деңгейінің жоғарылауы, қандағы холестериннің деңгейінің жоғарылауы
• депрессия, эмоционалдық бұзылулар, ұйқысыздық, мазасыздық, агрессия, ашушаңдық
• бас ауыруы, бас сақинасы, тремор
• жүрек-қантамыр бұзылулары, артериялық гипертензия, бас айналуы
• бронхит, синусит, жөтел, ентігу, қорылдау, дисфония
• диарея, жүрек айнуы
• бауыр функциясының патологиялық көрсеткіштері, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
• алопеция, эритема, бөртпе (соның ішінде, папулалық), қышыну, терінің құрғауы
• буындардың ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, бұлшықеттің зақымдануы (бұлшықеттің ауыруы, түйілуі және бұлшықет ширығуы), сүйек-бұлшықет құрысуы, қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
• несеп ағынының азаюы, несептің іркілуі, несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар, никтурия, дизурия
• қуықасты безінің дисплазиясы, қуықасты безінің қатаюы, простатит, қуықасты безі тарапынан бұзылулар, либидо бұзылулары, аталық бездердің ауыруы, сүт бездерінің қатаюы, сүт бездерінің ауыруы, гинекомастия, эстрадиол деңгейінің жоғарылауы, қандағы тестостерон деңгейінің жоғарылауы
• шаршағыштық, астения, гипергидроз, түнде терлеу.
Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін)
• өкпе артериясының майлы микроэмболиясы (жиілігі инъекциялар санына негізделеді)
* тиісті жиілігі тестостероны бар препараттарды қолданумен өзара байланыста байқалды
Кейбір жағымсыз әсерлерінің сипаттамасы
Майлы ерітінділерді қолданған кезде өкпе артериясының микроэмболиясы сирек жағдайларда жөтел, ентігу, дімкәстану, гипергидроз, төс артының ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, естен тану сияқты белгілер мен симптомдарға әкелуі мүмкін. Бұл реакциялар инъекция кезінде немесе одан кейін бірден білінуі мүмкін және қайтымды болып саналады. Өкпе микроэмболиясына күдік болған жағдайлар клиникалық зерттеулерде (≥ 1/10000 және <1/1000) және тіркеуден кейінгі тәжірибенің деректері бойынша сирек байқалды.
Небидо® қолданғаннан кейін анафилаксиялық реакцияларға күдік туралы хабарланған.
Андрогендер қуықасты безінің субклиникалық обырының және қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының үдеуін жеделдетуі мүмкін.
Жоғарыда атап көрсетілген жағымсыз реакцияларға қосымша ретінде тестостерон препаратымен емдеу кезінде мынадай реакциялар байқалды: күйгелектік, өшпенділік, ұйықтап жатқанда тыныс алудың еріктен тыс қысқа мерзімді тоқтап қалуы (ұйықтап жатқан кездегі апноэ), әр түрлі тері реакциялары, оның ішінде қайызғақ пен себорея, шаштың тез өсуі, эрекцияның жоғары жиілігі және өте сирек жағдайларда сарғаю.
Жоғары дозалардағы тестостерон препараттарымен емдеу, әдетте, сперматогенездің тоқтауын немесе төмендеуін қайтымды түрде туындатады, сол арқылы аталық бездің көлемін азайтады. Гипогонадизм кезінде тестостеронмен орын басатын ем сирек жағдайларда тұрақты, ауыратын эрекцияны тудыруы мүмкін (приапизм). Тестостеронмен ұзақ уақыт емдегенде немесе оны жоғары дозаларда қолданғанда сұйықтық іркілуі мен ісіну жағдайлары жиілеуі мүмкін.
Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы/қаупі теңгерімінің үздіксіз мониторингіне ықпал етеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz