Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері
Келесі өзара әрекеттесулер -адреноблокаторлар үшін ортақ болып саналады
Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
I топтағы антиаритмиялық препараттар (хинидин, гидрохинидин, цибензолин, флекаинид, дизопирамид, лидокаин, мексилетин, пропафенон):
Атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері және теріс инотропты әсері күшеюі мүмкін.
Верапамил / дилтиазем типтес кальций өзекшелерінің антагонистері:
Жиырылғыштыққа және атриовентрикулярлық өткізгіштікке теріс әсер. -адреноблокаторларды қабылдайтын пациенттерге верапамилді вена ішіне енгізу, айқын артериялық гипотония және АВ-блокадаға әкелуі мүмкін.
Орталықтық әсері бар гипотензиялық препараттар (клонидин, гуанфацин, моксонидин, метилдофа, рилменидин)
Орталықтық сипаттағы симпатикалық жүйке жүйесінің тонусының төмендеуіне байланысты (жүректің жиырылу жиілігі және екпінді көлемінің азаюы, вазодилатация) орталықтық әсері бар гипотензиялық препараттармен бір мезгілде қолдану жүрек жеткіліксіздігінің ауырлауына әкелуі мүмкін. Кенет тоқтатқанда, оның ішінде, -адреноблокаторлармен емді тоқтатар алдында, артериялық қысымның жоғарылау мүмкіндігі артуы мүмкін (тоқтату синдромы).
Бір мезгілде қолданғанда айрықша сақтық талап етіледі
III топтағы антиаритмиялық препараттар (амиодарон)
Атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсерді күшейтуі мүмкін.
Галогенделген ұшқыр анестетиктер
-адреноблокаторлар мен анестетиктерді бір мезгілде қолдану рефлекторлық тахикардияны бәсеңдетуі және гипотония қаупін жоғарылатуы мүмкін. Әрқашанда -адреноблокаторлармен емді дереу тоқтатудан аулақ болуы керек. Егер пациент Небилонг қабылдайтын болса, бұл туралы анестезиологқа айту керек.
Инсулин және пероральді диабетке қарсы дәрілер
Небиволол қандағы глюкоза деңгейіне әсер етпегенмен, гипогликемияның кейбір белгілерін (жүрек соғысы, тахикардия) бүркемелей алады. Сульфонилмочевина туындыларымен бета-блокаторларды бір мезгілде қолдану ауыр гипогликемия қаупін арттыруы мүмкін.
Баклофен (антиспазмдық миорелаксант), амифостин (ісікке қарсы препараттармен емде қосымша дәрілік заттар):
Гипотензиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымның түсіп кету мүмкіндігі жоғарылайды; сондықтан гипотензиялық препараттардың дозасын сәйкесінше түзету керек.
Бір мезгілде қолданғанда ескеру керек:
Оймақгүл тобының гликозидтері
Бір мезгілде қолданғанда атриовентрикулярлық өткізгіштік баяулауы мүмкін. Әйтсе де небивололға клиникалық зерттеулер жүргізгенде осы өзара әрекеттесу белгілері анықталған жоқ. Небиволол дигоксиннің кинетикасына әсер етпейді.
Дигидропиридин секілді кальций антагонистері (амлодипин, фелодипин, лакидипин, нифедипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин секілді):
Бір мезгілде қабылдау гипотония қаупін жоғарылатуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерде, қарыншалардың сорғылық функциясының ары қарай нашарлауы қаупінің жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды.
Психозға қарсы, антидепрессиялық препараттар (трициклдық антидепрессанттар, барбитураттар және фенотиазин туындысы)
Бір мезгілде қолданғанда -адреноблокаторлардың гипотензиялық әсері, әсерлерінің жинақталу принципі бойынша күшеюі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД):
Небивололдың гипотензиялық әсеріне әсер етпейді.
Симпатомиметиктер
Бір мезгілде қолданған -адреноблокаторлардың әсеріне қарама-қайшы әсер етуі мүмкін. -адренергиялық әсерге ие әсер етуші заттар, -, сондай-ақ -адренергиялық әсерінің (артериялық гипертензия, ауыр брадикардия және жүрек блокадасының даму қаупі) болуымен симпатомиметиктердің кедергісіз -адренергиялық белсенділігіне әкелуі мүмкін.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер
Небивололдың метаболизмі үдерісіне CYP2D6 изоферменті қатысатын болғандықтан, онда осы ферментті тежейтін препараттарды, оның ішінде, пароксетинді, флуоксетинді, тиоридазинді және хинидинді бір мезгілде қабылдау, небивололдың плазмадағы деңгейін жоғарылатады және осылайша, айқын брадикардия және басқа да жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупін жоғарылатады.
Циметидинді бір мезгілде тағайындауда небивололдың плазмадағы деңгейі жоғарылаған, алайда клиникалық әсерінің өзгеруінсіз. Ранитидинді бір мезгілде тағайындау, небивололдың фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.
Небилонгты тамақпен бірге, ал антацидті дәріні – ас ішу арасында қабылдаған жағдайда, екі дәрілік затты бір мезгілде тағайындауға болады.
Небивололдың никардипинмен біріктірілімінде клиникалық тиімділігінің өзгеруінсіз екі субстанцияның да деңгейлері плазмада аздап жоғарылады. Алкогольді, фуросемидті немесе гидрохлортиазидті бір мезгілде қабылдау небивололдың фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. Небиволол варфариннің фармакокинетикасына және фармакодинамикасына әсер етпейді.