Жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін)
- бас ауыруы, бас айналуы, қатты қажу, парестезиялар,
- іш ауыруы, іш қатуы, жүрек айнуы, диарея
- ентігу, ісінулер
- ұйқышылдық
- жүрек соғуының жиілеуі
- ысынулар
- шаршау, әлсіздік
Жиі емес (≥ 1/1 000 - <1/100 дейін)
- шым-шытырық түстер көру, қозу, депрессия
- дірілдеу
- көру бұзылулары, көзге қос көріну
- брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі, AV өткізгіштіктің баяулауы / AV-блок
- ортостатикалық гипотензия, мезгіл-мезгіл ақсаңдаудың ушығуы
- бронх түйілуі (соның ішінде, анамнезде өкпенің обструкциялық аурулары жоқ кезде)
- ас қорытудың бұзылуы, метеоризм, құсу
- қышыну, тері бөртпесі
- импотенция
- тремор, дисгевзия, гиперстезия, парастезия
- алопеция, пурпура, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, қышыну, тері бөртпесі, экзантема
- артралгия, миалгия, бұлшықет құрысуы, арқаның ауыруы
- несеп шығарудың бұзылысы, никтурия, несеп шығарудың жиілеуі
- кеуденің ауыруы, астения, ауыру, дімкәстану
- салмақ қосу, салмақ төмендеуі
- құлақтың шыңылдауы
Сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін)
- сананың шатасуы
Өте сирек (<1/10 000)
- естен тану
- псориаздың өршуі
- ангионевроздық ісіну, жоғары сезімталдық реакциялары
- Рейно синдромы
- елестеулер
- зейін қою қабілетінің төмендеуі
- ұйқышылдық, ұйқысыздық
- жүрек ырғағының бұзылулары, кардиалгиялар
- фотодерматоз
- гипергидроз
- мұрын жолдарының шырышты қабығының қабынуынан туындаған түшкіру/тұмаурату (ринит)
- ауыздың құрғауы, құсу (жүрек айнуын сезіну)
- көгерген жерлердің әдеттен тыс тез түзілуіне немесе қан кетулерге әкеп соқтыруы мүмкін лейкоцитопения, тромбоцитопения
- аллергиялық реакциялар
- миокард инфарктісі, аритмия (брадикардия мен жыпылықтағыш аритмияны қоса)
- гипергликемия
- гипертония
- шеткері невропатия
- жөтел
- васкулит
- панкреатит, гастрит, қызыл иектің гиперплазиясы, гепатит, сарғаю, бауыр ферменттерінің көбеюі
- ангиодистрофия
- эритема, есекжем, эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, жарыққа сезімталдық
- буындардың құрысуы, тремор және/немесе қимыл-қозғалыс бұзылулары бірігіп келетін бұзылулар
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- уытты эпидермалық некролиз
Экстрапирамидалық белгілердің туындағаны туралы өте сирек баяндалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz