Препарат дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады. Сондай-ақ Небуломакс препаратын келесі жағдайларда қолданар алдында және қолдану кезінде дәрігердің кеңесі қажет болады:
- анық көрмеу немесе көру қабілетінің басқа бұзылыстары
- тыныс алу мүшелерінің зеңдік, вирустық, бактериялық инфекциялары
- бауыр циррозы
- кетоконазол, итраконазол немесе CYP3A4 басқа тежегіштерін қолдану
- глюкокортикостероидтардың жоғары дозаларын қолдану немесе ингаляциялық глюкокортикостероидтардың ең жоғары ұсынылған дозаларын ұзақ уақыт қолдану
Арнайы ескертулер
Жалпы нұсқаулар
Небуломакс препараты демікпенің өршу симптомдарын тез басуға арналмаған; осы мақсатта тез әсер ететін бронхты кеңейтетін дәрілер қолданылады. Егер тез әсер ететін бронходилататормен емдеу тиімсіз болса немесе әдеттегіден көп ингаляцияны жүргізуді қажет етсе, пациент дәрігерге жүгінуі тиіс. Бұл жағдайда үнемі қабылданатын препараттардың дозаларын жоғарылату (мысалы, ингаляциялық будесонид) немесе ұзақ әсер ететін бета-агонистермен емдеуге қосу және пероральді глюкокортикостероидтармен емдеу курсын жүргізу қажет болуы мүмкін.
Пероральді стероидтардан ауысу
Бүйрек үсті безі функциясының әлсіреу қаупіне байланысты пероральді глюкокортикостероидтардан ингаляциялық глюкокортикостероидтарға (Небуломакс) ауысатын немесе гипофиз-бүйрекүсті безінің функциясының бұзылуын күтуге болатын пациенттерге ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, глюкокортикостероидтардың жоғары дозаларын қабылдаған немесе ингаляциялық глюкокортикостероидтардың ұсынылған ең жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдаған пациенттерге ерекше назар аудару керек. Мұндай пациенттерде жүйелік глюкокортикостероидтардың дозасын төмендетуді сақтықпен жүргізу керек және гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безінің функциясын бақылау керек. Стресстік жағдайларда мұндай пациенттерде бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдары пайда болуы мүмкін. Стресс кезінде немесе хирургиялық араласу жағдайында жүйелік глюкокортикостероидтармен қосымша емдеуді жүргізу ұсынылады.
Пероральді глюкокортикостероидтардан Небуломакс препаратына ауысқан кезде пациенттер бұлшықет ауыруы немесе буын ауыруы сияқты бұрын байқалған симптомдарды сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда пероральді глюкокортикостероидтардың дозасын уақытша арттыру қажет болуы мүмкін. Сирек жағдайларда глюкокортикостероидтардың жүйелі жетіспеушілігін көрсететін шаршау, бас ауыруы, жүрек айну және құсу сияқты симптомдар байқалуы мүмкін.
Ингаляциялық кортикостероидтардың жүйелік әсері
Кез келген ингаляциялық кортикостероидтарды қолданғанда, бұның ықтималдығы пероральді глюкокортикостероидтарды қолданумен салыстырғанда айтарлықтай төмен болғанмен, әсіресе ұзақ уақыт бойы және жоғары дозаларда қолданғанда жүйелік әсерлер дамуы мүмкін. Ықтимал жүйелік әсерлерге мыналар жатады: Кушинг синдромы, кушингоидты симптомдар, бүйрекүсті безі қыртысы функциясының тежелуі, балалар мен жасөспірімдер бойы өсуінің кідіруі, сүйек тіні минералды тығыздығының төмендеуі, катаракта, глаукома және сирек жағдайларда психомоторлық гипербелсенділікті, ұйқының бұзылуын, үрейді, депрессия және агрессивті мінез-құлықты (әсіресе балаларда) қоса, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар. Сондықтан демікпе симптомдарының тиімді бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ингаляциялық кортикостероидтың ең аз дозасын қолдану өте маңызды болады.
Пациенттерде анафилаксияны, бөртпелерді, жанаспалы дерматитті, есекжемді, ангионевроздық ісінуді қоса алғанда аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалуы мүмкін. Мұндай реакциялар туындаған жағдайда Небуломакс препаратын қолдануды тоқтату керек.
Пероральді глюкокортикостероидтарды ингаляцияға ауыстыру кейде жүйелі препараттармен бұрын тоқтатылған ринит және экзема сияқты қатар жүретін аллергияның көрінісіне әкеледі.
Басқа дәрілермен біріктіре қолдану
Небуломакс препаратын кетоконазолмен, итраконазолмен немесе басқа ықтимал CYP3A4 тежегіштерімен бірге тағайындауды болдырмау керек. Егер мұндай біріктірілім қажет болса, препараттарды қабылдау арасындағы уақытты мүмкіндігінше көп уақытқа ұзарту керек.
Стероидты тәуелділігі жоқ пациенттер: терапевтік әсерге әдетте 10 күн ішінде қол жеткізеді. Бронхта артық шырыш секрециясы бар пациенттерге алдын ала пероральді глюкокортикостероидтармен емдеудің қысқа (шамамен 2 апта) қосымша курсын тағайындауға болады, ол аяқталғаннан кейін будесонидпен монотерапия жеткілікті болуы тиіс. Өкпенің белсенді және жасырын туберкулезі бар пациенттерде, сондай-ақ тыныс алу жолдарының зеңдік немесе вирустық инфекциясы бар пациенттерде ерекше сақтық қажет. Өкпенің белсенді туберкулезі бар пациенттер тиімді туберкулостатиктермен бір мезгілде емделген жағдайда ғана қолдана алады
Бронх түйілуі
Сондай-ақ, басқа ингаляциялық емдеуді қолдану сияқты, препаратты қолданғаннан кейін бірден парадоксалды бронх түйілуі байқалуы мүмкін. Айқын бронх түйілуі жағдайында қолданылатын емді қайта қарап шығып, қажет болған жағдайда емдеудің балама әдістерін тағайындау қажет.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бауыр функциясының төмендеуі кортикостероидтардың шығарылуын баяулата және жүйелік экспозицияны арттыра отырып, әсер етеді. Жүйелік жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескеру қажет.
Балалар мен жасөспірімдер бойының өсуіне әсері
Ұзақ уақыт бойы глюкокортикостероидтармен емделген балалар мен жасөспірімдерде (жеткізу әдісіне қарамастан) бронх демікпесін емдеу үшін глюкокортикостероидтарды қолдану бой өсуінің бұзылуына әкелуі мүмкін болғандықтан, өсу көрсеткіштерін үнемі бақылау ұсынылады. Глюкокортикостероидтарды тағайындаған кезде препаратты қолданудың пайдасы мен бой өсуді баяулату қаупі арақатынасын ескеру қажет. Сонымен қатар, пациентті педиатр-пульмонолог/аллергологқа жіберу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ауыз қуысының кандидозы
Ауыз-жұтқыншақтың зеңдік зақымдану қаупін барынша азайту үшін пациентке препараттың әр ингаляциясынан кейін аузын сумен мұқият шаю қажеттілігі туралы нұсқау керек.
Тыныс алу жолдарының инфекциясы
Иммуносупрессивті әсер ететін дозада кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттер желшешекпен немесе қызылшамен ауыратын пациенттермен қатынаста болудан аулақ болу керектігі және егер қарым-қатынас орын алған жағдайда бұл туралы дереу өзінің емдеуші дәрігеріне жүгінуге тиісті болатындығы туралы ескертілуі тиіс. Иммунизация алмаған және желшешекпен ауырмаған бала осындай науқастармен байланыста болған жағдайда дереу дәрігермен кеңесу керек. Пациенттерге туберкулездің, зеңдік, бактериялық, вирустық немесе паразиттік инфекциялардың немесе қабақтың қарапайым герпесінің өршуі ықтималдығы туралы хабардар болуы тиіс.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар пациенттердегі пневмония
Ингаляциялық кортикостероидтармен емделген ӨСОА бар пациенттерде ауруханаға жатқызуды қажет ететін пневмонияны қоса, пневмонияның даму жиілігінің жоғарылауы байқалды. Стероидтар дозасын арттырған кезде пневмония қаупінің жоғарылауын көрсететін деректер бар, бірақ бұл сенімді түрде көрсетілмеген.
Ингаляциялық кортикостероидты препараттар арасында пневмония қаупі мәніне классішілік айырмашылықтардың пайдасына қарай сенімді клиникалық деректер жоқ.
Дәрігерлерге пневмонияның клиникалық симптомдары ӨСОА өршу симптомдарымен сәйкес келетін болғандықтан, ӨСОА бар пациенттерде пневмонияның ықтимал дамуына қатысты қырағылық таныту керек.
ӨСОА бар пациенттердегі пневмонияның қауіп факторларына темекі шегу, егде жас, дене салмағының төмен индексі (ДСИ) және ӨСОА ауыр дәрежесі жатады.
Сүйек тіні минералды тығыздығының төмендеу қаупі жоғары пациенттерге кортикостероидтарды қолдану асқынуларға алып келуі мүмкін екендігі ескертілуі тиіс.
Көру қабілетінің бұзылуы
Жүйелік және топикалық кортикостероидтарды қолдану кезінде көру қабілетінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Егер пациентте анық көрмеу немесе көру қабілетінің басқа бұзылыстары сияқты симптомдар болса, жүйелік және топикалық кортикостероидтарды қолданғаннан кейін байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХР) сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтитын ықтимал себептерді бағалау үшін офтальмологқа жүгіну керек.
Тыныс алу мүшелерінің зеңдік, вирустық және бактериялық инфекциялары бар, бауыр циррозы бар пациенттерге сақтықпен (мұқият бақылау қажет), тағайындалады. Тағайындау кезінде глюкокортикостероидтардың жүйелік әсерінің ықтимал көрінісін ескеру қажет.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Небуломакс пациенттердің көлік құралдарын басқару қабілетіне немесе аса зер салуды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа ықтимал қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.