Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного введения
Саудалық атауы
Невралон
Әсер етуші зат
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Мақсаты
B1, B6 және B12 дәрумендерінің расталған тапшылығына байланысты жүйелік неврологиялық ауруларда, диетаны түзету арқылы толтыру мүмкін емес болғанда
Өндіруші
Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 ампула препараттың құрамында
белсенді заттар:
тиамин гидрохлориді (B1 дәрумені) 100 мг
пиридоксин гидрохлориді (B6 дәрумені) 100 мг
цианокобаламин (B12 дәрумені) 1 мг
лидокаин гидрохлориді 20 мг
қосымша заттар: бензил спирті, калий гексацианоферраты (III), натрий гексаметафосфаты, 10% натрий гидроксиді ерітіндісі, иньекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Күңгірт-қызыл түсті мөлдір ерітінді.
B1, B6 және B12 дәрумендерінің расталған тапшылығына байланысты жүйелік неврологиялық ауруларда, диетаны түзету арқылы толтыру мүмкін емес болғанда.
АТX коды А11DB
Невралон құрамында В тобының дәрумендері (B1, B6 және B12) және жергілікті анестетик (лидокаин) бар біріктірілген препарат болып табылады.
Нейротропты әсері бар В тобының дәрумендері жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларын емдеуде тиімді. Невралон организмдегі дәрумендердің тапшылығын толтыру үшін пайдаланылады, сонымен қатар оның құрамында жоғары дозаларда кездесетін дәрумендер қосымша фармакологиялық қасиеттердің кең спектріне ие, бұл препараттың ауыруды басатын әсеріне түрткі болады.
Кокарбоксилаза түрінде фосфорланған В1 дәрумені (сондай-ақ невритке қарсы дәрумен ретінде белгілі) көмірсулардың ыдырау процесін реттейді және ацидозға байланысты алмасудың бұзылуларын түзету үшін пайдаланылады.
В6 дәрумені ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың ыдырау процесін реттейді, сонымен қатар ми діңіне әсер етеді, нәтижесінде экстрапирамидалық бұзылулардың симптомдары жеңілдейді. Ол изониазидпен емдеумен байланысты невриттің профилактикасы үшін пайдаланылады.
В12 дәрумені жасушалық метаболизм процестерінің, қанның қалыпты түзілуі мен жүйке жүйесінің жұмысының қажетті құрамдас бөлігі болып табылады, нуклеин қышқылдарының биосинтезіне қатысады (жаңа жасуша ядроларының түзілуі). Жоғары дозаларда ол ауыруды басатын әсерге ие.
Лидокаин гидрохлориді жергілікті әсер ететін ауыруды басатын дәрі ретінде әсер етеді.
Дозалау режимі
Ауыр жағдайларда, елеулі айқын ауыру синдромы кезінде емдеу препараттың қандағы жоғары концентрациясына қол жеткізу үшін күнделікті инъекциялардан басталады - тәулігіне бір рет 1 ампуладан (2 мл). Жедел ауыру жоғалғаннан кейін және ауыру синдромы елеусіз айқын болған жағдайда, препараттың дозасы аптасына 2-3 рет 1 ампуланы (2 мл) құрайды.
Емдеуді бағалауды апта сайын жүргізу ұсынылады. Пациентті барынша қысқа мерзімде пероральді дәрілік түрдегі препараттармен емге ауыстыру керек.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Препаратты бұлшықетке терең енгізу керек. Препаратты қан ағымына вена ішіне енгізуге жол берілмейді. Вена ішіне кездейсоқ енгізген кезде пациент дәрігердің бақылауында болып немесе симптомдардың ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылуы керек.
Кейіннен, инъекциялар арасындағы үзілісте және аурудың жеңіл жағдайларында емдеуді В1 және В6 дәрумендерінің пероральді дәрілік түрін пайдалану арқылы жалғастырады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолданар алдында қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз.
Егер сізде қосымша сұрақтар пайда болса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылулары;
- жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі.
Жүктілік және лактация
Препаратты әйелдерде жүктілік және лактация кезеңінде қолдану туралы шешімді емдеуші дәрігер пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қабылдауы тиіс.
Балалар
Невралонның құрамында бензил спирті және B1, B6 және B12 дәрумендерінің жоғары дозалары бар, сондықтан препаратты 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, тері бөртпесі, экзантема, тыныс алудың қиындауы, шок, ангионевроздық ісіну)
- тахикардия
- қатты терлеу, акне, қышынумен және есекжеммен көріністелетін тері реакциялары
Белгісіз
- енгізу орнындағы күйдіріп ашу сезімі
Жүйелік реакциялар жылдам енгізілгенде және жиналғанда (вена ішіне кездейсоқ жасалған инъекция, қанмен қарқынды қамтамасыз етілген тіндерге инъекция) немесе артық дозаланғанда орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда бас айналу, құсу, брадикардия, аритмия, сананың шатасуы және құрысулар пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар: бас айналу, аритмия, құрысулар.
Артық дозалануды емдеу препаратты тоқтатудан және симптоматикалық ем жүргізуден тұрады
Препараттың артық дозалануы кезінде қандай да бір симптомдар дамыған жағдайда тиісті ем жүргізу үшін дәрігерге қаралу керек.
Невралон тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған, ешбір жағдайда қан ағымына вена ішіне емес, себебі препараттың құрамындағы лидокаин жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Препаратты вена ішіне кездейсоқ енгізген кезде туындайтын симптомдардың ауырлығына байланысты амбулаторлық жағдайда немесе стационар жағдайында пациентті дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Препаратты 6 айдан астам уақыт қолданғанда нейропатия дамуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Ерекше сақтық шаралары қажет емес.
Қосымша заттар
Невралонның құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін 40 мг бензил спирті (бір ампула (2 мл)) бар. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде организмде бензил спиртінің жинақталу және жағымсыз реакциялардың (метаболизмдік ацидоз) даму қаупі бар, мұны сондай-ақ препаратты жүктілік және лактация кезеңінде әйелдерде қолданған кезде ескеру керек.
Жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балаларда бензил спиртін қолдану ауыр жағымсыз реакциялардың (гаспинг-синдром) даму қаупімен байланысты.
Невралонның құрамында бір ампулада (2 мл) 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Невралонның құрамында бір ампулада (2 мл) 1 ммоль-ден аз (39 мг) калий бар, яғни іс жүзінде «құрамында калий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ерекше сақтық шаралары қажет емес.
B1 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозалары II триместрде 1,2 мг және жүктіліктің III триместрінде 1,3 мг құрайды, жүктіліктің 4-ші айынан бастап B6 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозасы 1,9 мг құрайды, В12 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозасы 2,6 мкг құрайды. Жүктілік кезеңінде әйелдерде жоғарыда аталған дәрумендерді жоғары дозада олардың тапшылығы тиісті түрде расталған жағдайларда ғана пайдалану керек (осы дәрумендерді ұсынылғаннан асатын тәуліктік дозада қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ).
Жүктілік және лактация кезеңінде B6 дәруменін күнделікті қабылдауға қатысты қолдануға болмайтын жағдайлар тек 25 мг-ға дейінгі дозада жоқ. Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды, себебі ампула ішінде (2 мл) 100 мг В6 дәрумені бар.
Бала емізу кезеңінде В1, В6 және В12 дәрумендерінің ұсынылатын тәуліктік дозалары 1,3 мг, 1,9 мг және сәйкесінше 2,8 мкг құрайды.
В1, В6 және В12 дәрумендері емшек сүтімен бөлінеді.
B6 дәруменін жоғары дозада қолданған кезде емшек сүтінің өндірілуі төмендеуі мүмкін.
В1, В6, В12 дәрумендерінің ауыр тапшылығы жағдайында жүктілік және бала емізу кезеңінде әйелдерде препаратты қолдану туралы шешімді емдеуші дәрігер пайдасы мен қауіптерін мұқият бағалағаннан кейін ғана қабылдайды.
В1 дәрумені құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толығымен жойылады, бұл ретте басқа дәрумендер В1 дәруменінің ыдырау өнімдерінің қатысуымен белсенділігі жойылуы мүмкін.
В6 дәруменімен емдік дозаларда бір мезгілде қолданғанда L-дигидроксифенилаланиннің (L-ДОФА, леводопа) тиімділігі төмендеуі мүмкін; сондай-ақ изониазидпен, D-пеницилламинмен және циклосеринмен өзара әрекеттесуі анықталған.
Лидокаинді парентеральді енгізу және адреналинді немесе норадреналинді бір мезгілде қолдану кезінде жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар күшеюі мүмкін; сульфонамидтермен өзара әрекеттесулер туралы да белгілі.
Жергілікті анестетиктермен (соның ішінде лидокаинмен) артық дозаланған жағдайда, жүрекке жағымсыз әсердің күшеюіне байланысты адреналин мен норадреналинді пайдаланбаған жөн.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.