Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
250 мг/мл
Саудалық атауы
Нейпилепт
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Ми қан айналымының бұзылуымен байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылуларды емдеу
Өндіруші
«ФармФирма «Сотекс»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде:
белсенді зат - натрий цитиколині (цитиколинге шаққанда) 500 мг, 1000 мг,
қосымша заттар - хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
- ми қан айналымының бұзылуымен байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылуларды емдеу.
- бас жарақаттарымен байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылуларды емдеу.
ATХ коды N06BX06
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрондар жарғақшаларының құрылымдық фосфолипидтер биосинтезін стимуляциялайды, бұл магнитті-резонансты спектроскопия қолданылатын зерттеулерде расталған. Бұл әсер арқылы цитиколин сорғының ион алмасу жұмыстары және рецепторларда әрекет ететін жүйке дабылдарының берілісінде қажет болып табылатын модуляция сияқты жарғақша функциясын жақсартады.
Жарғақшаны тұрақтандыруға ықпалдылығымен цитиколин ми ісінуінің реабсорбциясына ықпал етеді.
Эксперименттік зерттеулерде бос радикалдар түзілуін азайтумен, жарғақша жүйесі бұзылуын болдырмай және антиоксидантты қорғаныс жүйесі, мысалы, глутатионды сақтай отырып, цитиколиннің кейбір фосфолипаздарының (A1, A2, C және D) белсенуін тежейтінін көрсетеді.
Цитиколин нейрональді энергетикалық резервті сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимуляциялайды.
Эксперимент жүзінде, сондай-ақ цитиколиннің мидың фокальді ишемиялық модельдерінде нейропротекторлық профилактикалық әсері болатыны расталған.
Клиникалық зерттеулерде цитиколин пациенттердің ишемиялық инсульттан кейінгі функциясының қалпына келуін жақсартатыны расталған, бұл нейровизуализация тесттерінде мидың ишемиялық зақымдануының азаюымен өзара байланысты.
Бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде цитиколин қалпына келу үдерісін жеделдетеді және ұзақтығын, сондай-ақ жарақаттан кейінгі синдром айқындығын азайтады.
Цитиколин зейін қою және сана деңгейін жақсартады, сондай-ақ ми ишемиясына байланысты амнезияда, когнитивті және неврологиялық бұзылуларда оң әсер етеді.
Дозалау режимі
Препартты әркез емдеуші дәрігердің ұсыныстарына толық сәйкес қабылдаңыз.
Ұсынылатын доза аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 500-ден 2000 мг-ге дейінді құрайды. Препараттың дозасы мен қолдану курсы емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету талап етілмейді.
Енгізу жолы және тәсілі
Препарат вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған.
Препаратты бұлшықет ішіне, вена ішіне баяу венаішілік инъекция түрінде (енгізілетін дозаға байланысты 3-тен 5 минутқа дейін) немесе вена ішіне құю түрінде (минутына 40-60 тамшы) енгізуге болады.
Препарат тек бір рет қолдануға арналған.
Ерітінді ампуланы ашқаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс.
Препарат венаішілік изотоникалық ерітінділердің барлық түрлерімен үйлесімді, сонымен қатар Нейпилепт препаратын глюкозаның гипертониялық ерітіндісімен араластыруға болады.
Пайдаланылмаған ішіндегі қалдық сұйықтық утилизациялануы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл препаратты әрқашан емдеуші дәрігердің ұсынымына сәйкес тиісті түрде ғана қолданыңыз. Қандай да бір күмәніңіз болса, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- цитиколинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (аллергия)
- парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусының жоғарылауы.
Өте сирек
• елестеулер
• бас ауыруы, бас айналу
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
• ентігу
• жүрек айнуы, құсу, мезгіл-мезгіл болатын диарея
• терінің қызаруы, есекжем, экзантема, пурпура
• қалтырау, ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препарат уыттылығының төмендігін ескере отырып, артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Препарат тек бір рет қолдануға арналған!
Ерітінді ампуланы ашқаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс.
Вена ішіне қолданғанда препаратты енгізуді баяу жүргізу қажет (енгізілетін дозаға байланысты 3-тен 5 минутқа дейін).
Вена ішіне тамшылатып енгізу кезінде құю жылдамдығы минутына 40-60 тамшы болуы керек.
Тұрақты бассүйекішілік қан кету жағдайында 1000 мг тәуліктік дозадан асыруға болмайды, оны вена ішіне өте баяу енгізу керек (минутына 30 тамшы).
Нейпилепт 125 мг/мл вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді құрамында бір дозада 1 ммоль натрий (23,5 мг) бар. Тұзсыз диетадағы адамдарға тағайындағанда сақ болу керек.
Нейпилепт, 250 мг/мл, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді құрамында бір дозада 2 ммоль натрий (47,1 мг) бар. Тұзсыз диетадағы адамдарға тағайындағанда сақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Нейпилепт препаратын балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі ғана деректері болуына байланысты күтілетін емдік пайда кез келген ықтимал қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нейпилепт көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Жүкті әйелдерде цитиколинді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ.
Нейпилепт жүктілік кезінде қолдануға болмайды, тек нақты қажеттілік жағдайларын қоспағанда, яғни күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана.
Нейпилепт L-дигидроксифенилаланин (L-ДОФА) әсерін күшейтеді.
Нейпилепт препаратын ми қызметін стимуляциялайтын құрамында центрофеноксин және меклофеноксат бар перапарттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.