Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
500 мкг
Саудалық атауы
НЕЙРОКОБАЛ®
Әсер етуші зат
Мекобаламин
Мақсаты
Шеткері нейропатияда
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат– 0,50 мг (500 мкг) мекобаламин
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза PH 101, микрокристалды целлюлоза PH 102, желатинделген крахмал, поливинилпирролидон К-30, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, стеарин қышқылы, этилцеллюлоза, титанның қостотығы (E 171), полиэтиленгликоль 400,
Қабықтың құрамы: Опадрай қоңыр 03F565012**
** - Опадрай қоңыр 03F565012 құрамы: тальк, полиэтиленгликоль, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е172)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар.
- шеткері нейропатияда
Фармакодинамикалық әсерлері
Мекобаламин - бұл алмастырылмайтын, суда еритін, сондай-ақ B12 дәрумені ретінде белгілі В дәрумені. В12 дәрумені ядролық ақуыз бен миелин синтезі, жасушалардың көбеюі, қалыпты өсуге және қалыпты эритропоэз үшін қажет. В12 дәрумені метилмалонаттың сукцинатқа өзгеруі және гомоцистеиннен метиониннің синтезі кезінде өте қажетті болып табылатын B12 коферментіне айналады. В12 дәрумені майлар, көмірсулар метаболизмі мен ақуыздар синтезіне қатысатын ферменттерге қажетті қалыпқа келтірілген түрдегі сульфгидрильді топтарды демеуге қатысады. В12 дәрумені фолий қышқылының синтезіне қатысады, сондықтан мекобаламин тапшылығы оның жеткіліксіздігіне алып келеді. В12 дәрумені метионинге гомоцистеиннің деметилденуінде маңызды рөл атқарады. Гомоцистеин деңгейінің жоғарылауы әрқашан эндотелий жасушалары зақымдануы қаупінің артуымен, азот тотығы белсенділігінің төмендеуі есебінен эндотелий-вазодилатация бұзылуымен, тотығудың және тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) артерияларда шөгінді түзілуінің жоғарылуымен, тромбоциттер адгезиясының артуы мен ұю каскадтарын белсендірумен байланысты. Дәрумен және фолий қышқылын бір мезгілде қабылдаған кезде ашқарынға гомоцистеин деңгейінің төмендеуіне қатысты оның аздаған аддитивті әсері байқалады, бірақ, B12 дәрумені тапшылығы бар адамдарда ғана болуы мүмкін. Гомоцистеин концентрациясының жоғарылауы, мысалы, когнитивті функцияның төмендеуі, жадының нашарлауы, Альцгеймер ауруы және қантамыр деменциясы сияқты басқа себептерге де байланысты болуы мүмкін. В12 дәруменінің мекобаламиндік түрі мелатониннің деңгейіне әсер етуі мүмкін. Мелатониннің әсер етуінен болар, мекобаламин зейінділікті жақсартуы және ұйқысы қалыпты адамдарда ұйқы уақытының қысқаруына ықпал етуі мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектерге арналған әдеттегі дозасы тәулігіне 3 рет 1 таблетканы құрайды, клиникалық әсерге қол жеткізу үшін дозасы тәулігіне 1500 мкг құрайды. Ең жоғарғы дозадан асатын дозалар кезінде қандай да бір елеулі емдік артықшылықтары айқындалмаған.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Кейбір адамдарда В12 дәрумені диареяны, қан ұйындысын, қышынуды, күрделі аллергиялық реакциялар мен басқа жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін. В12 дәруменін псориаз кезінде теріге пайдаланғанда қауіпсіз. Сондай-ақ мынадай жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін:
- ашушаңдық
- ұйқысыздық
- бұлшықеттердің ауыруы
- буындардың ауыруы
- безеу
- бөртпе
- үрей
- жүректің жиі қағуы
- жүрек айну
- бас ауыру
- бас сақинасы
- аса жоғары сезімталдық
- анорексия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емі симптоматикалық және демеуші болуы тиіс.
Мекобаламин жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс. Коронарлық стенттеуден кейін вена ішіне фолий қышқылының, В6 дәруменінің және В12 дәруменінің жүктемелік дозасын, кейіннен күнделікті пероральді қолдану рестеноз қаупін арттыратыны (қантамырлардың қайта тарылуы) айқындалған. Сондықтан, потенциалды қаупіне байланысты, дәрумендердің мұндай біріктірілімін коронарлық стент қойылған пациенттерге ұсынуға болмайды.
Артериялық қысымы жоғары пациенттерге препаратты сақтықпен пайдалану керек, өйткені гидрокобаламинді вена ішіне енгізгеннен кейін қан қысымының жоғарылағаны хабарланған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталған жоқ.
Жүкті немесе бала емізетін әйелдер үшін ұсынылған дозаларды пероральді қабылдау қауіпсіз болып табылады. Дәруменді ондай қабылдаудың қауіпсіздігі әзірше белгісіз болғандықтан, жоғары мөлшерде қабылдау ұсынылмайды.
Хлорамфеникол
Кейбір клиникалық жағдайларда пациенттерде B12 дәруменін қосымша қабылдағанда хлорамфеникол ретикулоциттік жауап реакциясын кідіртуі немесе тоқтатуы мүмкін екендігі байқалған. Сондықтан осындай біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаса, қан көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.
Сіңуі
Келесі аталған препараттар: аминосалицил қышқылы, антибиотиктер, колхицин, холестирамин, Н2-блокаторлар, метформин, неомицин, азот тотығы, пероральді контрацептивтер, фенитоин, фенобарбитал, примидон, протонды сорғы тежегіші, зидовудин B12 дәруменінің сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.