Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
5 мг/мл
Саудалық атауы
Нейромидин®
Әсер етуші зат
Ипидакрин
Мақсаты
Шеткері жүйке жүйесі аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және түрлі этиологиядағы миастениялық синдром)
Өндіруші
«Софарма»
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің (1 ампула) құрамында
белсенді зат: ипидакрин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) 5 мг немесе 15 мг,
қосымша заттар: 1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз мөлдір сұйықтық.
Кешенді ем құрамында
- шеткері жүйке жүйесі аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және түрлі этиологиядағы миастениялық синдром)
- орталық жүйке жүйесі аурулары: бульбарлы салдану және парездер
- қозғалыстың бұзылуымен қатар жүретін, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезіндегі қалпына келу кезеңі
Әсер ету механизмі
Нейромидин холинэстеразаның қайтымды тежегіші болып табылады. Препарат жарғақшаның калий өзекшелері блокадасы салдарынан жүйке-бұлшықет синапсындағы және ОЖЖ импульсының өткізгіштігін тікелей стимуляциялайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ипидакрин тегіс бұлшықеттерге тек қана ацетилхолиннің емес, сонымен бірге адреналиннің, серотониннің, гистаминнің және окситоциннің әсерін күшейтеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ипидакрин келесі фармакологиялық әсерлерге ие:
• жүйке-бұлшықеттің өткізгіштігін қалпына келтіреді және стимуляциялайды;
• түрлі факторлардан туындаған блокададан кейін шеткері жүйке жүйесіндегі импульстардың өткізгіштігін қалпына келтіреді (жарақат, қабыну, жергілікті анестетиктердің, кейбір антибиотиктердің, калий хлоридінің және т.б әсері );
• калий хлоридін қоспағанда барлық агонистердің әсерінен тегіс бұлшықеттік ағзалардың жиырылуын күшейтеді;
• жеке седативті әсердің байқалуымен біріктірілімде ОЖЖ орташа және спецификалық түрде стимуляциялайды;
• жадыны жақсартады.
Балалар
Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігіне қатысты клиникалық зерттеулер деректерінің жеткілікті саны жоқ.
Дозалану режимі
Шеткері жүйке жүйесінің аурулары:
- түрлі генездегі моно- және полиневропатия: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне, емдеу курсы – 10-15 күн (ауыр жағдайда – 30 күнге дейін). Одан әрі емдеуді препараттың таблетка түрінде жалғастырады.
- миастения және миастениялық синдром: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне, әрі қарай препараттың таблетка түріне көшеді. Жалпы емдеу курсы 1-2 айды құрайды. Қажет болған жағдайда емдеуді курстар арасында 1-2 ай үзіліс жасап, бірнеше рет қайталауға болады.
Орталық жүйке жүйесінің аурулары:
- бульбарлы салдану және парездер: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне, емдеу курсы – 10-15 күнді құрайды. Одан әрі мүмкіндік болса препараттың таблетка түріне көшеді.
- орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезінде қалпына келу кезеңі: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне 15 күнге дейін. Одан әрі мүмкіндік болса препараттың таблетка түріне көшеді.
Енгізу әдісі және жолы
Нейромидин 5 мг/мл және Нейромидин 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітінділерін бұлшықет ішіне енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Дозасын және емдеу ұзақтығын аурудың ауырлық деңгейіне байланысты жеке анықтайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алғанда қажетті шаралар
Егер кезекті доза енгізілмесе, оны мүмкіндігінше тезірек, бірақ тағайындалған бір реттік дозадан асырмай енгізу керек. Жіберіп алған дозаны алмастыру үшін қосарлы дозаны енгізуге болмайды.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия
- гиперкинезі бар экстрапирамидалық аурулар
- стенокардия
- айқын брадикардия
- бронх демікпесі
- ішектің немесе несеп шығару жолының бітелуі
- вестибулярлық бұзылыстарға бейімділік
- өршу сатысындағы асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (дәрілік заттың балаларда қауіпсіздігін зерттеу бойынша талапқа сай зерттеулер жүргізілген жоқ).
Жиі
• жүректің қағуы, брадикардия
• гиперсаливация, жүрек айнуы
- қатты терлеу
Жиі емес
• бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық
• жоғары дозаларда қабылдағаннан кейін бронх секрециясының жоғарылауы
• құсу
• терінің аллергиялық реакциялары (қышыну, бөртпе)
• бұлшықет құрысулары
• әлсіздік
Сирек
• іштің өтуі, эпигастрийдің ауыруы
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)
• бронх түйілуі
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық дерматитті, анафилаксиялық шокты, демікпені, уытты эпидермалық некролизді, эритеманы, есекжемді, ысқырып демалуды, жұтқыншақтың ісінуін, инъекция орнындағы бөртпені қоса)
Сілекейдің ағуы мен брадикардияны м-холиноблокаторларымен азайтуға болады (атропин және т.б.).
Бұл жағдайда дозаны төмендетеді немесе препаратты қабылдауды қысқа уақытқа тоқтатады (1-2 күнге).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ауыр артық дозалану кезінде мынадай симптомдармен «холинергиялық криз» дамуы мүмкін: бронх түйілуі, көзден жас ағу, қатты терлеу, қарашықтардың тарылуы, нистагм, өздігінен болатын дефекация және несеп шығару, құсу, брадикардия, жүрек блокадасы, аритмия, гипотензия, мазасыздық, үрей, қозу, қорқыныш сезімі, атаксия, түсініксіз сөйлеу, ұйқышылдық, әлсіздік, конвульсия және кома. Симптомдары әлсіз байқалуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем, м-холиноблокаторларды пайдаланады: атропин, тригексифенидил, метацин және басқалары.
Ерекше сақтық шаралары қажет емес.
Арнайы сақтандырулар
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, тиреотоксикозда, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында, сондай-ақ анамнезінде тыныс алу жолдарының аурулары бар пациенттерге немесе тыныс алу жолының жедел ауруларында сақтықпен тағайындау керек.
Педиатрияда қолданылу
Осы дәрілік затты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі осы уақытқа дейін дәлелденген жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нейромидин седативті әсер етуі мүмкін, сондықтан орталық жүйке жүйесінің тарапынан жағымсыз құбылыстар байқалатын адамдарда, мысалы, ұйқышылдық, көлік құралын басқарудан тартынған жөн.
Препарат жатырдың тонусын күшейтеді және мерзімінен бұрын босануды туындатуы мүмкін, сондықтан жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бұл дәрілік затты бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Нейромидин орталық жүйке жүйені бәсеңдететін дәрілермен біріктірілімде седативті әсерді күшейтеді. Басқа холинэстераза тежегіштерімен және м-холиномиметикалық дәрілермен бірге қолданған кезде әсері және жағымсыз әсерлері күшейеді.
Myasthenia gravis бар науқастарда басқа холиномиметикалық дәрілерді қолдану аясында холинергиялық криздің даму қаупі артады.
Егер Нейромидинмен емдеуді бастағанға дейін ß-адреноблокаторлар қолданылса, брадикардияның даму қаупі артады.
Церебролизин препараттың тиімділігін арттырады.
Нейромидин жергілікті анестетиктердің, антибиотиктердің әсерін төмендетеді.
Алкоголь препараттың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.