Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
Нейромидин®
Әсер етуші зат
Ипидакрин
Мақсаты
Шеткергі жүйке жүйесінің аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және шығу тегі әртүрлі миастениялық синдром)
Өндіруші
АО Олфа
Ел
Латвия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамы
белсенді зат - 20,0 мг ипидакрин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар таблеткалар.
Кешенді ем құрамында
• шеткергі жүйке жүйесінің аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және шығу тегі әртүрлі миастениялық синдром);
• бульбарлық салданулар және парездер;
• қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар жүретін, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануларындағы қалпына келтіру кезеңінде;
• жүйке жүйесінің демиелинизацияланатын ауруларында (соның ішінде жайылған склероз);
• шығу тегі әртүрлі жады бұзылуларында (Альцгеймер ауруы, қарттық кем ақылдылықтың басқа түрлері);
• ішек атониясында.
Әсер ету механизмі
Ипидакрин холинэстеразаның қайтымды тежегіші болып табылады. Препарат, жарғақшалардың калий өзекшелерінің бөгелуі салдарынан, жүйке-бұлшықет синапсымен және ОЖЖ-мен импульстің жүруін тікелей стимуляциялайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ипидакрин тегіс бұлшықеттерге ацетилхолиннің ғана емес, адреналиннің, серотониннің, гистаминнің және окситоциннің де әсерін күшейтеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ипидакрин мынадай фармакологиялық әсерлері бар:
• жүйке-бұлшықет берілімін қалпына келтіреді және стимуляциялайды;
• әртүрлі факторлардан туындаған (жарақат, қабыну, жергілікті анестетиктердің, кейбір антибиотиктердің, калий хлоридінің және басқалардың әсері) блокададан кейін шеткергі жүйке жүйесінде импульстердің өтуін қалпына келтіреді;
• калий хлоридін қоспағанда, барлық агонистердің ықпал етуімен тегіс бұлшықеттердің жиырылғыштығын күшейтеді;
• жекелеген седативтік әсерлердің көріністерімен бірігіп ОЖЖ орташа және ерекше стимуляциялайды;
• жадыны жақсартады.
Балалар
Балаларда препаратты қолдану қауіпсіздігіне қатысты клиникалық зерттеулер деректерінің жеткіліксіз.
Дозалау режимі
Дозалар және емдеу ұзақтығы сырқаттың ауырлығына қарай әр адамға жекелей белгіленеді.
Шеткергі жүйке жүйесінің аурулары, миастенияда және миастениялық синдромда:
Ішке күніне 1-3 рет 10-20 мг.
Емдеу курсы бір айдан екі айға дейінді құрайды. Қажет болған кезде емдеу курсы аралықтарына 1-2 ай үзіліспен бірнеше рет қайталауға болады.
Жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің ауыр бұзылуы кезінде миастениялық кризге жол бермеу үшін қысқа мерзім ішінде 15-30 мг (1-2 мл Нейромидиннің инъекцияға арналған 15 мг/мл ерітіндісін) парентеральды енгізеді.
Содан кейін емдеуді дәрілік заттың таблетка түрімен жалғастырады және дозаны күніне 5-6 рет 20-40 мг-ге дейін арттыруға болады.
Шығу тегі әртүрлі жады бұзылулары (Альцгеймер ауруы, қарттық кем ақылдылықтың басқа түрлері)
Дозаны және емдеу ұзақтығы әркімге жеке белгіленеді. Ең жоғары тәуліктік доза кейде 200 мг құрауы мүмкін. Емдеу курсы – бір айдан бір жылға дейін.
Ішек атониясын емдеу және профилактика
1-2 апта бойы күніне 2-3 рет 20 мг.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблетканы ішке қабылдайды. Таблетканы сумен ішіп, жұту қажет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алғанда қажетті шаралар
Егер кезекті қабылдауды өткізіп алса, мұны еске түсіру бойына препаратты қабылдау керек, бірақ егер келесі қабылдайтын уақыт жақын болса, онда қабылдамаңыз. Ешқашан қосарлы дозаны қабылдауға болмайды!
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Күмән пайда болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
ДП стандарттын қолданған кезде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жиі
- гиперсаливация, жүректің айнуы
- жүрек қағуы, брадикардия
- терлеудің күшеюі
Жиі емес
- бронх секретінің бөлініп шығуының күшеюі
- жоғары дозаларды қолданудан кейін – бас айналуы, бас ауыруы, әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшықет құрысулары, терінің аллергиялық реакциялары (тері қышынуы, бөртпе), құсу
Сирек
- эпигастрий аймағының ауыруы, іш өту
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)
- бронхтың түйілуі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық дерматит, анафилаксиялық шок, демікпе, уытты эпидермалық некролиз, эритема, есекжем, ысқырықты дем алу, көмейдің ісінуі)
Сілекейдің бөлінуін және брадикардияны м-холиноблокаторлармен (атропин және басқа) азайтуға болады.
Мұндай жағдайларда дозаны азайтады немесе препарат қабылдауды қысқа мерзімге (1-2 күнге) тоқтатады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
- ипидакринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия
- гиперкинезбен бірге экстрапирамидтік аурулар
- стенокардия
- айқын брадикардия
- бронх демікпесі
- ішектің немесе несеп шығару жолдарының бітелуі
- вестибулярлы бұзылыстар
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршу сатысы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (балаларда дәрілік заттың қауіпсіздігіне талапқа сай зерттеулер жүргізілген жоқ).
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдары
Ауыр артық дозалануда «холинергиялық криз» дамуы мүмкін, оның симптомдары бронхтың түйілуі, көзден жас ағу, терлеудің күшеюі, қарашықтардың тарылуы, нистагм, кенеттен болатын дефекация және несептің шығуы, құсу, брадикардия, жүрек блокадасы, аритмиялар, гипотензия, мазасыздық, үрейлену, қозу, қорқыныш сезімі, атаксия, міңгірлеп сөйлеу, ұйқышылдық, әлсіздік, конвульсиялар, кома. Симптомдар әлсіз білінуі мүмкін.
Емі
Уланған жағдайда немесе препараттың салыстырмалы артық дозалануы кезінде симптоматикалық ем қолданылады. М-холиноблокаторлар қолданылады: атропин, тригексифенидил, метацин және т. б.
Арнайы ескертулер
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында, тиреотоксикозда, жүрек-қантамыр ауруларында, сондай-ақ анамнезінде тыныс жолдарының аурулары бар пациенттерге немесе тыныс жолдарының жедел ауруларында сақтықпен тағайындаңыз.
Препарат құрамында лактоза бар. Туа біткен галактоза жақпаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолданбаған жөн.
Педиатрияда қолдану
Осы дәрілік затты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі осы уақытқа дейін дәлелденбеген.
Қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нейромидин седативтік әсер беруі мүмкін, сондықтан орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар, мысалы, ұйқышылдық байқалған пациенттер көлік құралын басқаруды тоқтата тұрғаны жөн.
Нейромидин седативті әсердін орталық жүйке жүйесін бастын құралдармен біріктірілімде күшейтеді. Басқа холинэстераза тежегіштерімен және м-холиномиметикалық дәрілермен бірге қолданған кезде әсері және жағымсыз әсерлері күшейеді.
Егер Нейромидинді Myasthenia gravis бар науқастарда басқа холинергиялық дәрілермен бір мезгілде қолданса, холинергиялық криздің даму қаупі артады.
Егер Нейромидинмен емдеуді бастағанға дейін ß-адреноблокаторлар қолданылса, брадикардияның даму қаупі артады.
Церебролизин препараттың тиімділігін арттырады.
Алкоголь препараттың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.