Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Саудалық атауы
Нейромультивит®
Әсер етуші зат
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Мақсаты
Шығу тегі әртүрлі полинейропатияда, невриттерде және невралгияларда
Өндіруші
Г.Л. Фарма ГмбХ
Ел
Австрия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
2 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: 100 мг тиамин гидрохлориді, 100 мг пиридоксин гидрохлориді, 1 мг цианокобаламин,
қосымша заттар: диэтаноламин, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызыл түсті мөлдір ерітінді.
Кешенді ем құрамында:
• шығу тегі әртүрлі полинейропатияда
• невриттерде және невралгияларда
• омыртқа бағанының дегенеративті аурулары салдарынан болған радикулоневритте (мойын синдромы, қол басы және білек синдромы, бел синдромы)
• ишиалгияда
• үшкіл жүйке невралгиясында, қабырғааралық невралгияда
ATХ коды A11DB
Әсер ету механизмі
Препарат құрамында В тобы дәрумендер үйлесімі бар, олар коэнзимдер ретінде орталық және шеткергі жүйке жүйесінің аралық метаболизмінде аса қажет. Барлық дәрумендер сияқты олар қоректенудің ажырамас бөлігі болып табылады және организмде өздігінен өндіріле алмайды. Бұл дәрумендерді тамаққа емдік дозада толықтыру орын алған кез келген жетіспеушілікті теңгерімге келтіруге көмектеседі, осылайша коэнзимдердің қажетті мөлшерін өндіру қамтамасыз етіледі. Компоненттерді жеке-жеке пайдалануға қарағанда, әсіресе дәруменнің жедел тапшылығын дұрыстау қажет болған кезде, біріктіріп үлкен дозада енгізу барынша тиімді деп саналады.
Бұл дәрумендердің жүйке жүйесі бұзылыстары кезінде емде қолданылуы, бір жағынан қатар жүретін тапшылық жағдайының (кейде бастан өткерген аурудың салдарынан жоғары талап етуден туындаған) пайда болуына кедергі болады, сондай-ақ басқа жағынан ретке келтірудің табиғи механизмін көтермелейді. Сонымен қатар, В тобы дәрумендері кешенінің ауырғанды басатын әсері сауықтыру әрекетін күшейтеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
В1 дәруменінің (тиамин) белсенді түрі – бұл тиамин дифосфаты. Көмірсу зат алмасуы кезінде ол пируват және альфа-кетоглутарат секілді альфа-кетоқышқылдары карбоксилсізденуінде коэнзим ретінде әсер етеді. Тиамин жарғақшалық жүйке тінінде болады, жүйке функциясына нейромедиаторлар биосинтезі арқылы әсер етеді.
В6 дәрумені (пиридоксин) – жүйке тінінде маңызды энзимдер простетикалық тобы ретінде әрекет ететін, амин қышқылдарының метаболизмі кезінде қажет болатын коэнзим. Осылайша, Пиридоксин допамин, норадреналин, 5 гидрокситриптамин, гистамин және ГАМК сияқты бірнеше нейромедиаторлар биосинтезі мен концентрациясына әсер етеді. Пиридоксин гомоцистеиннің цистеинге өзгеруі, сондай-ақ гомоцистеиннің метионинге ресинтезі кезінде маңызды қызмет атқарады.
В12 дәрумені (цианокобаламин) нуклеин қышқылдары синтезіне және нейронды цереброзидтер мен фосфолипидтерде май қышқылдары құрамына әсер етеді. Коэнзим болғандықтан, ол жасушалардың өсуі мен репликация үдерісінде, мысалы, гомоцистеиннің метионинге ресинтезінде де, маңызды қызмет атқарады.
Дозалау режимі
Ауыр, жедел жағдайларда: күніне 1 инъекция синдром басылғанға дейін.
Ауыр емес жағдайларда: 1 инъекция аптасына 1-3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат тек бұлшықет ішіне енгізіледі (бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы квадрантына).
- препараттың белсенді немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- эритремия, эритроцитоз
- жүктілік және лактация кезеңі
- В тобы дәрумендерінің гипервитаминозы
- 18 жасқа дейінгі балалар
сирек (≥ 1/10 000, < 1/1 000)
- жүрек айну
- бас ауыруы
Өте сирек <1-10.000
- жоғары сезімталдық реакциялары (негізінен теріде пайда болуы түрінде)
- анафилаксиялық реакциялар
- рефлекс жоғалуымен сенсорлық невропатия сияқты неврологиялық бұзылыстар, атаксия, беткейлік және терең сенсорлық функциялардың бұзылуы, симпатоплегия
- тұз қышқылының гиперсекрециясы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалануы ұзақ кезең ішінде тек қана аса үлкен дозалар енгізгеннен кейін ғана, туындауы мүмкін.
Симптомдары: атаксиямен невропатия, сенсорлық функцияның бұзылуы, ЭЭГ өзгерістері бар құрысулар, гипохромды анемия, дерматит.
Емі: симптоматикалық ем.
Нейромультивит, инъекцияға арналған ерітіндісін басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Жедел тромбоэмболиялық аурулар кезінде енгізуге болмайды. Стенокардиясы бар тромб түзілуіне бейім адамдарға сақтық танытқан жөн. Қан ұйығыштығын бақылау қажет.
Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасы ауруы, жүректің ишемиялық ауруы кезінде сақтықпен қолдану керек.
Бауырдың ауыр зақымдануы кезінде – оның функциясының нашарлауын туындатуы мүмкін.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Нейромультивит көлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Тиамин ерітіндісі допамин, метоксантрон, пиридоксальфосфат ерітінділерімен үйлеспейді.
L-допа, В6 дәруменін бір мезгілде енгізгенде оның әсерін төмендетуі мүмкін. Пиридоксин алтретаминнің ісікке қарсы әсерін әлсіретеді.
Пиридоксин глимепирид, инсулин және глибенкламид+метформин біріктірілімінің гипогликемиялық әсерін күшейтеді.
Цианокобаламин аскорбин қышқылымен, ауыр металл тұздары және пиридоксальфосфатпен үйлесімсіз.
Лансопразол цианокобаламиннің сіңуін баяулатады, месалазин оның сіңірілуін баяулатады.
Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік заттар, колхицин, калий препараттары – В12 дәруменінің сіңірілуін төмендетеді.
Тиамин+пиридоксин+цианокобаламин біріктірілімі бензилпенициллинмен, декстрозамен, рибофлавинмен, фенобарбиталмен үйлесімсіз.
Эпинефрин және норэпинефринмен қосқанда, олардың жүрекке жағымсыз әсері күшеюі мүмкін.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде бұл препараттың тәжірибесі жоқ немесе өте шектеулі. Сондықтан жүктілік кезінде препаратты қолданудан сақтану үшін аулақ болу керек.
Бала емізу
В1, В6 және В12 дәрумендері ана сүтімен бірге шығарылады. В6 витаминінің жоғары концентрациясы емшек сүтінің өндірісін басуы мүмкін. Емшек емізу кезінде қолдануға кеңес берілмейді. Емшек емізуді немесе дәрі-дәрмекпен емдеуді тоқтату керек пе, соны шешу керек. Демек, нәресте үшін емшек сүтімен емдеудің артықшылықтары ана үшін емдік артықшылықтармен мұқият салыстырылуы керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 20С-ден 80С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.