Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного введения
Саудалық атауы
НЕЙРОНОВА®
Әсер етуші зат
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Мақсаты
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
2 мл препараттың құрамында
белсенді заттар:тиамин гидрохлориді 100.00 мг
(100 % затқа шаққанда)
пиридоксин гидрохлориді 100.00 мг (100 % затқа шаққанда) цианокобаламин 1.00 мг,
(100 % затқа шаққанда)
қосымша заттар: лидокаин гидрохлориді (100 % затқа шаққанда), бензил спирті, натрий полифосфаты, калий гексацианоферраты (III), натрий гидроксиді, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі немесе 1 М хлорсутек қышқылы (рН 3.0-тен 5.0-ге дейін), инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-қызғылттан ашық-қызыл түске дейінгі мөлдір ерітінді
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
Фармакотерапялық тобы: Дәрумендер. В1 дәрумені, қарапайымдары және В6 және В12 дәрумендерімен біріктірілімдері. В6 дәруменімен және / немесе В12 дәруменімен біріктірілген В1 дәрумені.
АТХ коды А11DB
Әсер ету механизмі:
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы клиникалық маңызды неврологиялық бұзылуларға әкелуі мүмкін, оларды емдеу үшін дәрумендердің орнын толтыру қажет.
Бұл дәрумендердің тапшылығы неврологиялық бұзылулармен, оның ішінде нейропатиямен байланысты және өте жиі бір мезгілде, әсіресе қауіп топтарында байқалады. Жүйке жүйесінің функциясын басқаруда В1, В6 және В12 дәрумендері үйлесімді рөл атқарады, осы дәрумендердің физиологиялық функциясы жүйке, нейробұлшықет және жүрек-қантамыр жүйелеріне оң әсер ететін бір-бірінің әсерін күшейту болып табылады.
Сондықтан осы дәрумендерді біріктіріп қолдануды тағайындайды, ол үшін оларды бірлесіп қолданудың ғылыми негізі бар. Сонымен қатар, В тобының нейротропды дәрумендер жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларына қолайлы әсер етеді, жүйке жүйесінің қан ағымын күшейтуге ықпал етеді.
Қоректік заттардың тапшылығы тамақ рационында олардың жеткіліксіз санына байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ сіңірілуін, тасымалдауды немесе метаболизмді төмендететін ауруларға байланысты болуы мүмкін.
B1 дәрумені жүйкеге қарсы дәрумен ретінде де тағайындалады. Кокарбоксилаза ретінде фосфорланған түрінде, ол көмірсулардың ыдырауын реттейді және ацидоздық метаболиялық бұзылыстарға қарсы қолданылады, кейіннен ТПФ (тиамин пирофосфат) және АТФ қатыса және синтездей отырып, Кребс циклінің жұмысында негізгі рөл атқарады.
B6 дәрумені ақуыз, майлар және көмірсулардың ыдырауын реттейді. Оның нейротропиялық әсері, мысалы, невриттерді профилактикалау үшін изоникотин қышқылымен гидразидті емде қолданылады. Оның ми діңіне әсері экстрапирамидальді симптомдарды әлсіретеді.
B12 дәрумені жасушалық метаболизм, қалыпты қан түзілу және жүйке жүйесінің жұмыс істеуі үшін маңызды. Ол нуклеин қышқылының биологиялық синтезін катализдейді, және, демек, жасушалардың жаңа ядроларының құрылымын қалыптастыру. В12 дәрумені үлкен дозада ауырсынуды басатын, аллергияға қарсы және қан айналымына ықпал ететін қасиеттерді көрсетеді. Цианокобаламин миелин қабығының синтезіне қатысады, гемопоэзді ынталандырады, шеткергі жүйке жүйесінің зақымдануымен байланысты ауырсыну сезімдерін азайтады.
В1, В6 және В12 дәрумендерінің кешені олардың тапшылығын жою үшін ғана емес, жоғары дозаларда фармакологиялық қасиеттері де бар, бұл НЕЙРОНОВА препаратын қолданудың арқасында қол жеткізілетін ауырсынуды басатын және аллергияға қарсы әсерлерге ие.
Дозалану режимі
НЕЙРОНОВА® препараты тек бұлшықет ішіне инъекция түрінде ғана
енгізіледі (б/і). Ампула ашылғаннан кейін микробиологиялық тұрғыдан
препарат дереу енгізілуге жатады.
Препаратты вена ішіне (в/і) енгізуге болмайды, кездейсоқ венаға түскен кезде пациентті дәрігер бақылауы тиіс немесе симптомдардың ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылуы тиіс.
Қандағы препарат концентрациясының жоғарғы деңгейіне тез қол жеткізу үшін айқын ауыру синдромы жағдайларында емдеуді 5-10 күн бойы күнделікті 2,0 мл-ден бастаған жөн. Ауыру синдромы жойылғаннан кейін және аурудың жеңіл формаларында одан әрі ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емдеуге, немесе ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емдеудің жалғасу мүмкіндігімен неғұрлым сирек инъекцияларға (2-3 апта бойы аптасына 2-3 рет) ауысады.
Дәрігердің апта сайын тексеруі ұсынылады.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емдеуге ауысуды барынша мүмкін болатын қысқа мерзімде жүзеге асырған жөн.
Ең жоғарғы бір реттік доза: 2,0 мл,
Ең жоғарғы тәуліктік доза: 2,0 мл,
Пациенттердің ерекше топтары
• Балалар
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
• Егде жастағы пациенттер
• Қолда бар деректер негізінде егде жастағы пациенттерде ұсынылатын дозада препаратты қолдану бойынша қандай да бір шектеулер жоқ.
• Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
• Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін.
• Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
• Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Инъекцияларды терең бұлшықет ішіне жасайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі Енгізу жиілігі: тәулігіне бір рет.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші заттар тиамин гидрохлоридіне, пиридоксин гидрохлоридіне, цианокобаламинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 12 жасқа дейінгі балалар
Сирек:
• бензил спиртіне аса жоғары сезімталдық реакциялары
Өте сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, тері бөртпесі, экзантема, тыныс алудың қиындауы, шок, ангионевроздық ісіну)
• тахикардия
• тершеңдік ұстамалары, акне, қышымамен және есекжеммен айқындалған тері реакциялары
Белгісіз:
• Жылдам енгізу кезіндегі және жинақталуы кезінде (кездейсоқ венаішілік инъекция, қарқынды қанмен қамтамасыз ететін тіндерге инъекция) немесе артық дозалау кезіндегі жүйелі реакциялар. Бұл жағдайда бас айналу, құсу, брадикардия, аритмия, сананың шатасуы және құрысулар болуы мүмкін. Енгізілген орында ашытып-күйдіру сезімі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалықбақылаукомитеті«Дәрілікзаттармен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Симптомдары: бас айналуы, аритмия, құрысулар.
Емі: препаратты тоқтату , симптоматикалық емдеу.
Симптомдар пайда болған кезде ем тағайындау үшін дәрігерге жүгіну керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
НЕЙРОНОВА® препараты тек бұлшықет ішіне ғана енгізіледі (б/і), ешқандай жағдайда да вена ішіне (в/і) қан ағымына енгізілмейді, себебі препараттағы лидокаин мөлшері жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Кездейсоқ венаға түскен кезде пациентті дәрігер бақылауы тиіс немесе симптомдардың ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылуы тиіс.
Препаратты алты айдан астам қолданғанда нейропатия туындатуы мүмкін.
НЕЙРОНОВА® доза бірлігіне (2 мл) құрамында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар яғни, натрийсіз препараттарға қатысты
НЕЙРОНОВА® құрамында 2 мл дозада 40 мг бензил спирті бар. Шала туған және жаңа туған нәрестелерге қолдануға болмайды. Нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балаларда уытты және анафилактоидты реакциялар тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік
Жүктілік кезінде В1 дәруменін қолданудың ұсынылатын тәуліктік дозасы екінші триместрде 1,2 мг, үшінші триместрде 1,3 мг; төртінші айдан бастап В6 дәрумені - 1,9 мг; В12 дәрумені – 2,6 мкг құрайды. Жүктілік кезінде көрсетілген дозалардың артуы B1 және B6 дәрумендерінің ауыр тапшылығы расталған жағдайда ғана мүмкін өйткені ұсынылған тәуліктік дозадан асатын дозаларды қолдану қауіпсіздігі әлі дәлелденбеген.
Бала емізу
Лактация кезінде В1 дәруменін қолданудың ұсынылатын тәуліктік дозасы 1,3 мг құрайды, ал В6 дәруменін - 1.9 мг құрайды.
B1, В6 және В12 дәрумендері емшек сүтіне өтеді.
В6 дәруменінің жоғары дозалары сүт өндіруді тежеуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдану бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезінде В1, В6 және В12 дәрумендерінің қатты жетіспеушілігі жағдайында қолдану туралы шешімді емдеуші дәрігер ғана қабылдайды және пайдасы мен қауіптерін мұқият бағалағаннан кейін.
Фертильділік
Фертильділік туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
НЕЙРОНОВА® көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс
істеу қабілетіне әсер етпейді. Арнайы сақтық шаралары қажет емес.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
В1 дәрумені. Тиамин құрамында сульфит бар ерітіндіде толығымен бұзылады. В1 дәруменінің ыдырау өнімдері бар жерде басқа витаминдердің белсенділігі жойылады (темір иондарының төмен концентрациясы осындай белсенділігі жойылуын болдырмауы мүмкін).
Тиамин тотықтырушы заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, темір сульфатымен, танин қышқылымен, темір аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен алдымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, глюкозамен және метабисульфитпен үйлесімсіз. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; одан басқа рН (3 көп) мәні артқан кезде тиамин өзінің әсерін жоғалтады.
В6 дәрумені. В6 дәруменінің емдік дозалары леводопаның тиімділігін әлсіретуі мүмкін, сол сияқты леводопа В6 дәруменінің емдік дозаларының әсерін төмендетеді.
В6 дәруменінің изониазидпен, циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, адреналинмен, норадреналинмен, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі мүмкін, бұл пиридоксиннің әсерін төмендетеді.
В12. дәрумені. Цианокобаламин тотықтырғыш заттармен және ауыр металл тұздарымен үйлесімсіз, тиаминнен туындаған аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін. Рибофлавин, әсіресе жарықтың әсерінен деструктивтік әсер етуі мүмкін. Никотинамид фотолизисті күшейтеді, ал сол уақытта антиоксиданттар бұл үдерісті тежейді.
Лидокаинді парентеральді енгізгенде эпинефринді немесе норэпинефринді бір мезгілде қабылдау жүрекке жағымсыз әсерді күшейтуі мүмкін.
Сондай-ақ, сульфонамидтермен өзара әрекеттесу байқалады.
Жергілікті анестетиктермен артық дозаланғанда эпинефринді немесе норэпинефринді қосымша енгізуден аулақ болу керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.