Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
125 мг
Саудалық атауы
НЕЙРОТЕКС®
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Мақсаты
Ми қанайналымының жедел бұзылуларының салдарлары кезінде, соның ішінде транзиторлық ишемиялық шабуылдардан кейін, субкомпенсация фазасында профилактикалық курстар ретінде
Өндіруші
«Рафарма»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – этилметилгидроксипиридин сукцинаты - 125 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (МКЦ-102), картоп крахмалы, повидон (К90), натрий кроскармеллозы, магний стеараты,
қабықтың құрамы: Опадрай II ақ 85F48105 (поливинил спирті, макрогол, тальк, титанның қостотығы (Е 171)).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең кесіндісінде ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті ядро көрініп тұрады.
НЕЙРОТЕКС® ересектерде қолдануға арналған:
• ми қанайналымының жедел бұзылуларының салдарлары кезінде, соның ішінде транзиторлық ишемиялық шабуылдардан кейін, субкомпенсация фазасында профилактикалық курстар ретінде;
• жеңіл бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарларында;
• шығу тегі әр түрлі (дисциркуляторлық, дисметаболизмдік, жарақаттан кейінгі, аралас) энцефалопатияларда;
• вегетативтік дистония синдромында;
• шығу тегі атеросклероздық, жеңіл когнитивтік бұзылыстарда;
• невроздық және невроз тәрізді жай-күйлер кезіндегі үрейлі бұзылыстарда;
• жүректің ишемиялық ауруында кешенді ем құрамында;
• невроз тәрізді және вегетативтік-қантамырлық бұзылыстардың, постабстиненттік бұзылыстардың басымдығымен жүретін маскүнемдік кезіндегі абстиненциялық синдромды басу үшін;
• психозға қарсы дәрілермен жедел уыттанудан кейінгі жай-күйлерде;
• астениялық жағдайларда, сондай-ақ, экстремальді факторлар мен жүктемелердің әсерінен соматикалық аурулардың дамуының профилактикасы үшін;
• экстремальді (стрессорлық) факторлардың әсері кезінде.
Әсер ету механизмі
НЕЙРОТЕКС препаратының әсер ету механизміне оның антиоксиданттық, гипоксияға қарсы және жарғақша протекторлық әсері түрткі болады. Ол липидтердің асқын тотықты тотығуын тежейді, супероксиддисмутазаның белсенділігін арттырады, липид-ақуыз арақатынасын арттырады, жарғақшаның тұтқырлығын азайтады, оның аққыштығын арттырады. НЕЙРОТЕКС жарғақшаны байланыстырғыш ферменттердің (кальцийге тәуелсіз фосфодиэстеразаның, аденилатциклазаның, ацетилхолинэстеразаның), рецепторлық кешендердің (бензодиазепиндік, гамма-аминмай қышқылының (ГАМҚК), ацетилхолиндік) белсенділігін модульдейді, бұл олардың лигандалармен байланысуға қабілеттілігін күшейтеді, биожарғақшалардың құрылымдық-функционалдық ұйымдасуының сақталуына, нейромедиаторлардың тасымалдануына және синапстық берілістің жақсаруына ықпал етеді. НЕЙРОТЕКС мидағы дофамин мөлшерін арттырады. Аэробты гликолиздің компенсаторлық белсенділігінің күшеюін және аденозинтрифосфат (АТФ) пен креатинфосфат мөлшерінің артуымен гипоксия жағдайларында Кребс циклінде тотығу үдерістерінің бәсеңдеу дәрежесінің төмендеуін, митохондриялардың энергияны синтездейтін функцияларының белсенуін, жасуша жарғақшаларының тұрақтануын тудырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
НЕЙРОТЕКС бос радикалды үдерістердің тежегіші, гипоксияға қарсы, стресс-протективтік, ноотроптық, құрысуға қарсы және анксиолитикалық әсері бар жарғақшалық протектор болып табылады. Препарат организмнің түрлі зақымдағыш факторлардың (шок, гипоксия және ишемия, ми қанайналымының бұзылулары, интоксикация алкогольмен және психозға қарсы дәрілермен (нейролептиктермен) уыттану) әсеріне резистенттілігін арттырады.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Препарат мидың метаболизмін және қанмен қамтылуын жақсартады, қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын азайтады. Гемолиз кезінде қан жасушаларының (эритроциттер мен тромбоциттердің) жарғақшалық құрылымдарын тұрақтандырады. Гиполипидемиялық әсерге ие, жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеидтер мөлшерін азайтады.
Стресске қарсы әсері стресстен кейінгі мінез-құлықтың, соматовегетативтік бұзылулардың қалыпқа түсуімен, ұйқы-сергектік циклдерінің, үйрену және есте сақтау үдерістерінің бұзылуының қалпына келуімен, мидың түрлі құрылымдарындағы дистрофиялық және морфологиялық өзгерістердің азаюымен көрініс береді.
НЕЙРОТЕКС ишемияланған миокардтың функционалдық жай-күйін жақсартады.
Коронарлық жеткіліксіздік жағдайларында ишемияланған миокардтың коллатеральді қанмен қамтылуын арттырады, кардиомиоциттердің бүтіндігі сақталуына және олардың функционалдық белсенділігін демеп тұруға ықпал етеді. Жүректің қайтымды дисфункциясы кезінде миокардтың жиырылғыштығын тиімді қалпына келтіреді.
НЕЙРОТЕКС абстиненциялық синдром кезіндегі уыттануға қарсы айқын әсерге ие. Ол жедел алкогольдік уыттанудың неврологиялық және нейроуыттылық көріністерін басады, мінез-құлық бұзылуларын, вегетативтік функцияларды қалпына келтіреді, сондай-ақ, этанолды ұзақ қабылдаудан және оны тоқтатудан туындаған когнитивтік бұзылуларды басуға қабілетті. НЕЙРОТЕКС препаратының әсерінен тыныштандыратын, нейролептикалық, депрессияға қарсы, ұйықтататын және құрысуға қарсы дәрілердің әсері күшейеді, бұл олардың дозаларын төмендетуге және жағымсыз әсерлерін азайтуға мүмкіндік береді.
Балалар
Қатысты емес.
Дозалау режимі
Тәулігіне 3 рет 125-250 мг-ден; ең жоғары тәуліктік дозасы – 750 мг
Бастапқы дозасы – тәулігіне 1-2 рет 125-250 мг (1-2 таблетка), емдік әсері алынғанға дейін біртіндеп арттырады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Бастапқы дозасы – тәулігіне 1-2 рет 125-250 мг (1-2 таблетка), емдік әсері алынғанға дейін біртіндеп арттырады; ең жоғары тәуліктік дозасы – 800 мг (6 таблетка).
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы – 2-6 апта; алкогольдік абстиненцияны басу үшін – 5-7 күн. Емдеуді біртіндеп, дозасын 2-3 күн ішінде азайта отырып тоқтатады.
Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде емдеу курсының ұзақтығы 1,5 – 2 айдан кем емес. Қайталау курстарын (дәрігердің ұсынымы бойынша) көктем – күз мезгілдерінде жүргізген дұрыс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Бұл препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қолданыңыз. Кез келген күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Дәрілік препараттарды стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Өте сирек
• ангионевроздық ісіну, есекжем
• ұйқышылдық
• бас ауыруы
• ауыздың құрғауы; жүрек айнуы; эпигастрий аймағындағы ауыру, ашыту және жайсыздық; қыжыл; метеоризм; диарея
• бөртпе, қышыну, гиперемия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• әсер етуші затына немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• бауыр және/немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі;
• тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды;
• жүктілік және бала емізу кезеңі;
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препараттың уыттылығының төмендігіне байланысты, артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: ұйқышылдық, ұйқысыздық.
Емі: әдетте, емдеу қажет емес - симптомдары бір тәулік ішінде өздігінен жоғалып кетеді. Айқын көріністері кезінде демеуші және симптоматикалық ем жүргізіледі.
Препаратты қолданар алдында немесе онымен жұмыс істеу кезінде айрықша сақтық шаралары талап етілмейді.
Арнайы ескертулер
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдау кезеңінде психофизикалық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін жұмыс (көлік құралдарын, механизмдерді және т.б. басқару) кезінде сақтық таныту керек.
НЕЙРОТЕКС® препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
НЕЙРОТЕКС® соматикалық ауруларды емдеу үшін пайдаланылатын барлық препараттармен үйлесімді. Бензодиазепиндік препараттардың, антидепрессанттардың, анксиолитиктердің, құрысуға қарсы дәрілердің және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді. Этил спиртінің уытты әсерлерін азайтады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде , 25 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.