Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
50 мг/мл
Саудалық атауы
НЕЙРОТЕКС®
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Мақсаты
Ми қан айналымының жедел бұзылуында (кешенді ем құрамында)
Өндіруші
«ФармФирма «Сотекс»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде:
белсенді зат - этилметилгидроксипиридин сукцинаты -100 мг және 250 мг,
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.
НЕЙРОТЕКС®, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді ересектерде қолданылады:
• ми қан айналымының жедел бұзылуында (кешенді ем құрамында);
• бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарында;
• дисциркуляторлы энцефалопатияда;
• вегетативті (нейроциркуляторлы) дистонияда;
• шығу тегі атеросклероздық болатын жеңіл когнитивті бұзылыстарда;
• невроздық және невроз тәрізді жағдайлардағы үрейлі жай-күйде;
• жедел миокард инфарктісінде (бірінші тәуліктен бастап) кешенді ем құрамында;
• әртүрлі сатыдағы алғашқы ашық бұрышты глаукомада, кешенді ем құрамында;
• алкоголизмдегі невроз тәрізді және вегетативті-қантамырлық бұзылыстар басым болатын абстинентті синдромда;
• психозға қарсы дәрілік заттармен жедел уыттануда;
• құрсақ қуысының жедел іріңді-қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) кешенді ем құрамында
Әсер ету механизмі
Гипоксияға қарсы, жарғақша протекторлы, ноотропты, құрысуға қарсы, анксиолитикалық әсерге ие, организмнің стресске төзімділігін арттырады. Препарат организмнің негізгі зақымдаушы факторлардың әсеріне, оттегіге тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қанайналымының бұзылуы, алкогольмен және психозға қарсы препараттармен (нейролептиктермен) уыттану) резистенттілігін арттырады.
НЕЙРОТЕКС мидың метаболизмін және мидың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын азайтады.
Гемолиз кезінде қан жасушаларының жарғақшалық құрылымдарын (эритроциттер мен тромбоциттер) тұрақтандырады. Ол гиполипидемиялық әсерге ие, жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеин (ТТЛП) деңгейін төмендетеді.
Жедел панкреатит кезінде ферментативтік токсемияны және эндогендік уыттануды азайтады.
НЕЙРОТЕКС әсер ету механизмі оның гипоксияға қарсы, антиоксидантты және жарғақша протекторлық әсеріне байланысты. Ол липидтердің асқын тотығу процестерін тежейді, супероксиддисмутаза белсенділігін арттырады, липид – ақуыз қатынасын арттырады, жарғақшаның тұтқырлығын төмендетеді, оның аққыштығын арттырады. Жарғақшамен байланысқан ферменттердің (кальцийге тәуелсіз фосфодиэстераза, аденилатциклаза, ацетилхолинэстераза), рецепторлық кешендердің (бензодиазепин, гамма-аминмай қышқылы (ГАМҚ), ацетилхолин) белсенділігін модульдейді, бұл олардың лигандтармен байланысу қабілетін күшейтеді, биожарғақшалардың құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуын, нейромедиаторлардың тасымалдануын және синапстық берілісті жақсаруына көмектеседі.
НЕЙРОТЕКС мидағы дофаминнің мөлшерін арттырады. Аденозинтрифосфат (АТФ), креатинфосфат мөлшері жоғарылаған және митохондрийлер энергия синтездеу функциялары белсенділенген гипоксия жағдайында аэробты гликолиздің компенсаторлық белсенділігінің жоғарылауына және Кребс цикліндегі тотығу процестерінің тежелу дәрежесінің төмендеуіне, жасуша жарғақшаларын тұрақтандыруға әкеледі. НЕЙРОТЕКС ишемиялық миокардтағы метаболизмдік процестерді қалыпқа келтіреді, некроз аймағын азайтады, миокардтың электрлік белсенділігі мен жиырылуын қалпына келтіреді және жақсартады, сонымен қатар ишемия аймағындағы коронарлық қанағымды арттырады, жедел коронарлық жеткіліксіздік кезіндегі реперфузиялық синдромның зардаптарын азайтады. Нитропрепараттардың антиангинальді белсенділігін арттырады. НЕЙРОТЕКС созылмалы ишемия мен гипоксия себептері болып табылатын, үдемелі нейропатия кезінде көру жүйкесінің талшықтары мен торқабықтың ганглиялық жасушаларының сақталуына ықпал етеді. Көру жітілігін арттыра отырып, торқабық пен көру жүйкесінің функционалдық белсенділігін жақсартады.
Дозалау режимі
Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг-ден аспауы тиіс.
Ми қанайналымының жедел бұзылуында НЕЙРОТЕКС® кешенді емдеуде алғашқы 10-14 күнде – вена ішіне (в/і) тамшылатып 200-500 мг-ден тәулігіне 2-4 рет, содан соң - бұлшықет ішіне (б/і) 200-250 мг-ден тәулігіне 2-3 рет 2 апта бойы қолданады.
Бассүйек-ми жарақатында және бассүйек-ми жарақаты салдарында
НЕЙРОТЕКС® 10-15 күн бойы в/і тамшылатып 200-500 мг-ден тәулігіне 2-4 рет қолданады.
Дисциркуляторлы энцефалопатияның декомпенсация сатысында НЕЙРОТЕКС® 14 күн бойы тәулігіне 1-2 рет 200-500 мг дозада в/і сорғалатып немесе тамшылатып енгізуге тағайындау керек. Содан кейін – б/і тәулігіне 100-250 мг-ден кейінгі 2 апта бойы.
Дисциркуляторлы энцефалопатия курстық профилактикасы үшін НЕЙРОТЕКС® б/і 200-250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10-14 күн бойы енгізеді.
Нейроциркуляторлы дистонияда, невроздық және невроз тәрізді жағдайларда препаратты б/і тәулігіне 50-400 мг-ден 14 күн бойы енгізеді.
Егде жастағы науқастарда жеңіл когнитивтік бұзылуларда және үрей тудыратын бұзылуларда препаратты б/і тәулігіне 100-300 мг дозада 14-30 күн бойы қолданады.
Кешенді ем құрамында жедел миокард инфарктінде НЕЙРОТЕКС® миокард инфарктісін (нитраттар, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин-өзгертетін фермент (АӨФ) тежегіштері, тромболитиктер, антикоагулянтты және антиагрегантты препараттар, сондай-ақ, көрсетілімдері бойынша симптоматикалық дәрілер кіретін) дәстүрлі емдеу аясында 14 тәулік бойы в/і немесе б/і енгізеді.
Алғашқы 5 тәулікте НЕЙРОТЕКС® вена ішіне енгізеді, кейінгі 9 тәулікте препарат бұлшықет ішіне енгізілуі мүмкін.
Препаратты вена ішіне енгізуді 30-90 минут бойы тамшылату инфузиясы (баяу) арқылы жүзеге асырады (100-150 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіне немесе 5 % декстроза (глюкоза) ерітіндісіне), қажет болғанда препаратты баяу сорғалатып в/і енгізуге болады, ұзақтығы кемінде 5 минут.
Препаратты енгізуді (в/і немесе б/і) тәулігіне 3 рет жүзеге асырады, әр 8 сағат сайын. Тәуліктік доза дене салмағына 6-9 мг/кг құрайды, бір реттік доза дене салмағына – 2-3 мг/кг. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг-ден, бір реттік доза – 250 мг-ден аспауы тиіс.
Әртүрлі сатыдағы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында НЕЙРОТЕКС® б/і тәулігіне 100-300 мг-ден 1-3 рет 14 күн бойы енгізеді.
Абстинентті алкогольдік синдромда НЕЙРОТЕКС® б/і немесе в/і тамшылатып 200–500 мг дозада тәулігіне 2–3 рет 5–7 күн бойы енгізеді.
Психозға қарсы дәрілік препараттармен жедел уыттануда НЕЙРОТЕКС® в/і тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізеді.
Құрсақ қуысының жедел іріңді-қабыну процестерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) НЕЙРОТЕКС® операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде бірінші күні тағайындалады. Енгізілетін дозалар аурудың формасы мен ауырлығына, процестің таралуына, клиникалық ағымның нұсқаларына байланысты. Препаратты тоқтату тұрақты оң клиникалық-зертханалық әсерден кейін ғана біртіндеп жүргізілуі тиіс.
Жедел ісіну (интерстициальды) панкреатит кезінде НЕЙРОТЕКС® күніне 3 рет 200-500 мг, в/і тамшылатып (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде) және б/і тағайындалады. Некроздық панкреатиттің жеңіл ауырлық дәрежесі-күніне 3 рет 100-200 мг тамшылатып (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде) және б/і. Орташа ауырлық дәрежесі-күніне 3 рет 200 мг, тамшылатып в/і (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде). Ауыр ағым-пульс-дозада алғашқы тәулікте 800 мг, екі рет енгізу режимінде; бұдан әрі тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, күніне 2 рет 200-500 мг. Өте ауыр ағым - тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, тәулігіне 2 рет тамшылатып (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде) 300-500 мг күйін тұрақтандыру бойынша панкреатогендік шок көріністерін тұрақты тоқтатқанға дейін тәулігіне 800 мг бастапқы дозада.
Енгізу жолы және тәсілі
Бұлшықет ішіне (б/і) немесе вена ішіне (в/і) (сорғалатып немесе тамшылатып). Енгізудің инфузиялық тәсілінде препаратты 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылту керек.
НЕЙРОТЕКС® 5–7 минут бойы баяу сорғалатып енгізеді, тамшылатып - енгізу минутына 40–60 тамшы.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Әрқашан осы препаратты дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Егер күмән туындаса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
• әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
• жедел бауыр жеткіліксіздігі;
• жүктілік және лактация кезеңі;
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.
Жағымсыз құбылыстар жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-ден < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері қолда бар деректер негізінде)
Өте сирек:
– анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, есекжем;
– ұйқышылдық;
– бас ауыруы, бас айналуы (енгізу жылдамдығы шамадан тыс жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін және ол қысқа мерзімдік сипатқа ие);
– АҚ төмендеуі, АҚ жоғарылауы (енгізу жылдамдығы шамадан тыс жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін және ол қысқа мерзімдік сипатқа ие);
– құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлап ашуы, кеуде қуысындағы жайсыздық, тыныс алудың қиындауы (енгізу жылдамдығы шамадан тыс жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін және ол қысқа мерзімдік сипатқа ие)
– ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, жағымсыз иісті сезіну, ауыздың темір татуы;
– қышыну, бөртпе, гиперемия;
– ысынуды сезіну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну ұсынылады
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ұйқысыздық, ұйқышылдық.
Емі: препараттың уыттылығы төмен болғандықтан, артық дозалануы ықтималдығы аз. Әдетте емдеу қажет емес - симптомдар тәулік ішінде өздігінен жоғалады. Айқын көріністерде демеуші және симптоматикалық емдеу жүргізіледі.
НЕЙРОТЕКС® анамнезінде аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну және т.б.), оның ішінде сульфиттерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
НЕЙРОТЕКС® көтерімділігі әдетте жақсы, жағымсыз реакциялары сирек, қысқа мерзімдік сипатқа ие және көп жағдайда оны шамадан тыс жоғары жылдамдықпен енгізуге байланысты болады.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында натрий метабисульфиті бар, ол кейде аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларын және бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
НЕЙРОТЕКС® жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде автокөлік басқарғанда және жоғары зейінділікті және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.
Бензодиазепинді анксиолитиктердің, эпилепсияға қарсы (карбамазепин), депрессияға қарсы, ұйықтататын, Паркинсон ауруында (леводопа) дәрілік заттардың әсерін күшейтеді, бұл олардың дозаларын төмендетуге және жағымсыз әсерлерін азайтуға мүмкіндік береді.
Нитропрепараттардың антиангинальді белсенділігін арттырады.
Этанолдың уытты әсерлерін азайтады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.