Код ATХ: L01EХ02
Сорафениб – антипролиферациялық, антиангиогендік қасиеттерді in vitro және in vivo көріністейтін мультикиназалық тежегіш.
Әсер ету механизмі
Сорафениб – ісік жасушалары пролиферациясын in vitro азайтатын мультикиназалық тежегіш. Сорафениб ісік ангиогенезінің төмендеуімен қатар жүретін тимуссыз тышқандарда адамның ісіктік ксенотрансплантаттары ісіктің өсуін тежейді. Сорафениб ісік жасушасында (CRAF, BRAF, V600E BRAF, c-KIT және FLT- 3) және тамырлық ісік жүйесінде (CRAF, VEGFR-2, VEGFR-3 және PDGFR-β) болатын нысаналар белсенділігін тежейді. РАФ-киназалар – бұл серин / треонин киназалары, әрі с-Kit, FLT-3, VEGFR-2, VEGFR-3 және PDGFR-β сияқты рецепторлық тирозинкиназалар болып табылады.
Клиникалық тиімділігі
Сорафенибтің клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі гепатоцеллюлярлық карцинома (ГЦК) бар пациенттерде, үдемелі бүйрек-жасушалық обыр (БЖО) бар пациенттерде және Дифференциацияланған қалқанша без обыры бар пациенттерде зерттелді.
Гепатоцеллюлярлық карцинома
3 зерттеу (100554 зерттеу) гепатоцеллюлярлық карцинома бар 602 пациентте жүргізілген III фазадағы халықаралық көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеу болды. Демографиялық және аурудың бастапқы сипаттамалары сорафениб пен плацебо топтары арасында ECOG статусына қатысты біркелкі теңестірілді (0 статус: 54% қарсы 54%; 1 статус: 38% қарсы 39%; 2 статус: 8% қарсы 7%), TNM кезеңдері (I кезең: <1% қарсы <1%; II кезең: 10,4% қарсы 8,3%; III кезең: 37,8% қарсы 43,6%; IV кезең: 50,8% қарсы 46,9%) және BCLC кезеңдері (B кезеңі: 18,1% қарсы 16,8%; C кезеңі: 81,6% қарсы 83,2%; D кезеңі: < 1% қарсы 0%).
Зерттеу жоспарланған ЖТ аралық талдауы артқы берілген тиімділік шекарасынан асып кеткен соң тоқтатылды. Осы ЖТ талдауы плацебоның алдында сорафенибтің ЖТ қабілетін арттырудағы статистикалық мәнді артықшылығын көрсетті (ҚҚ: 0.69, Қ = 0,00058, 3 кестені қараңыз).
Бауыр функциясының Чайлд-Пью B бұзылуы бар пациенттерде осы зерттеудің шектеулі деректері бар, ал зерттеуге бауыр функциясының Чайлд-Пью C бұзылуы бар тек бір пациент қосылды.
3 кесте: Гепатоцеллюлярлық карцинома кезінде жүргізілген 3 зерттеудің (100554 зерттеу) тиімділік нәтижелері
Тиімділік параметрлері — Сорафениб (N = 299) — Плацебо (N = 303) — P-мәні — СҚ (95% СА)
Жалпы тіршілік қабілеті (ЖТ) [медиана, апталар (95% СА)] — 46.3 (40.9, 57.9) — 34.4 (29.4, 39.4) — 0.00058* — 0.69 (0.55, 0.87)
Үдеуге дейінгі уақыт (ҮДУ) [медиана, апталар (95% СА)] ** — 24.0 (18.0, 30.0) — 12.3 (11.7, 17.1) — 0.000007 — 0.58 (0.45, 0.74)
СА = сенім аралығы, ҚҚ = қауіп қатынасы (Плацебомен салыстырылатын сорафениб)
* статистикалық мәнді, өйткені р-мәні алдын ала берілген О'Брайен Флеминг 0,0077 аялдамасы шекарасынан төмен болды
** тәуелсіз радиологиялық шолу
Екінші Халықаралық көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын III фаза зерттеуінде (4, 11849 зерттеу) сорафенибтің клиникалық пайдасы үдемелі гепатоцеллюлярлық карцинома бар 226 пациентте бағаланды. Қытай, Корея және Тайванда жүргізілген осы зерттеу сорафениб қолданудың қолайлы пайда және қауіп бейініне қатысты 3 зерттеу нәтижелерін растады (ҚҚ: 0,68, p = 0,01414).
3 зерттеуде де, 4 зерттеуде де алдын ала анықталған стратификация факторларында (ECOG жағдайы, макроскопиялық тамыр инвазиясының және/немесе ісіктің бауырдан тыс таралуының болуы немесе болмауы) ҚҚ көрсеткіштері, плацебомен салыстырғанда, өзгеріссіз сорафениб пайдасына шешілді. Қосалқы топтарға жүргізілген зерттеулер бастапқы күйдегі метастаздары кейіннен білінген пациенттерде емдеудің аз әсер еткенін көрсетті.
Бүйрек-жасушалық обыр
Үдемелі бүйрек-жасушалық обырды (БЖО) емдеу кезінде сорафенибті қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі екі клиникалық зерттеуде зерттелді:
1 зерттеу (11213 зерттеу) 903 пациент қатысқан көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын III фаза зерттеуі түрінде болды. Зерттеуге ашық жасушалы обырға шалдыққан және СКМОО (Слоан-Кеттеринг мемориалдық онкологиялық орталығы) бойынша қаупі төмен және орташа болатын пациенттер ғана қамтылды. Негізгі соңғы нүктелер жалпы тіршілік қабілеті және үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ) болды.
Пациенттердің шамамен жартысында ECOG 0 тиімділік статусы болды, ал пациенттердің жартысы СКМОО бойынша төмен қауіп болжанатын топта болды.
ҮТҚ жасырын тәуелсіз радиологиялық шолу әдісімен RECIST критерийлерін пайдалана отырып бағаланды. ҮТҚ талдауы 769 пациентте болған 342 оқиғаға жасалды. ҮТҚ медианасы, плацебо алған пациенттердегі 84 күнмен салыстырғанда, сорафенибке рандомизацияланған пациенттерде 167 күнге созылды (ҚҚ = 0,44; 95% СА: 0,35 - 0,55; р < 0,000001). Емдеудің әсер ету шамасына жас ерекшелігі, СКМОО болжау тобы, EGOC PS және осының алдындағы ем ықпал етпеді.
Жалпы тіршілік қабілетінің аралық талдауы (екінші аралық талдау) 903 пациент ұшыраған 367 өлім оқиғасында жасалды. Осы талдау үшін номиналдық альфа мәні 0,0094 болды. Тіршілік қабілетінің медианасы, плацебо алған пациенттердегі 15,9 аймен салыстырғанда, сорафенибке рандомизацияланған пациенттерде 19,3 айға созылды (ҚҚ = 0,77; 95% СА: 0,63-0,95; Р = 0,015). Осы талдау жасалған сәтте 200-ге жуық пациент плацебо тобынан cорафенибке ауысты.
2 зерттеу, БЖО қамтылған метастаздық қатерлі жаңа түзілімдер бар пациенттерді емдеу тоқтатылған II фазаның зерттеуі түрінде болды. Ауруы тұрақтанған пациенттер сорафенибпен емдеу аясында плацебоға рандомизацияланды немесе сорафенибпен емді жалғастырды. БЖО бар пациенттерде үдеусіз тіршілік қабілеті, плацебо тобына қарағанда (41 күн), сорафениб тобында (163 күн) нақты жоғары болды (Р = 0,0001, ҚҚ = 0,29).
Дифференциацияланған қалқанша без обыры (ДҚБО)
5 зерттеу (14295 зерттеу) жергілікті таралған немесе радиобелсенді йодқа рефрактерлі метастаздық ДҚБО бар 417 пациентте халықаралық көп орталықтық рандомизацияланған плацебо-бақыланатын III фазаның зерттеуі түрінде болды. Зерттеудің негізгі соңғы нүктесі RECIST критерийлері пайдаланылатын жасырын тәуелсіз рентгенологиялық шолумен бағаланған үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ) болды. Екінші соңғы нүктелер жалпы тіршілік қабілетін (ЖТ), ісіктің жауап беру жиілігін және емдеу ұзақтығын қамтыды. Ауру үдеуінен кейін пациенттерге сорафенибтің ашық заттаңбасын алуға рұқсат етілді.
Пациенттер, егер оларда тіркеуден кейін 14 ай ішінде аурудың үдеуі байқалса және радиобелсенді йодқа (РБЙ) рефрактерлі ДҚБО бар болса, зерттеуге қосылды. Радиобелсенді йодқа (РБЙ) ДҚБО рефрактерлігі РБЙ сканерге түсірілгенде йод сіңірілмеген зақымданудың болуы немесе ≥ 22,2 GBq жинақталған РБЙ қабылдау немесе тіркеуден кейін 16 ай ішіндегі РБЙ емінен кейін немесе бір-бірінен 16 ай аралықпен екі РБЙ емшарасы жасалған соң үдеп кетуі түрінде айқындалды.
Бастапқы демографиялық көрсеткіштер және пациенттердің сипаттамалары емдеу топтарының екеуінде де жақсы теңестірілді. Науқастардың 86%-да өкпеде, 51%-да лимфа түйіндерінде және 27%-да сүйекте метастаздар болды. Тіркеу алдында радиобелсенді йодтың жинақталу белсенділігінің медианасы 14,8 GBq жуық болды. Пациенттердің көпшілігінде папиллярлық обыр (56,8%), одан кейін фолликулярлық (25,4%) және аз дифференциацияланған обыр (9,6%) болды.
ҮТҚ уақытының медианасы, плацебо тобындағы 5,8 аймен салыстырғанда, сорафениб тобында 10,8 айға созылды (ҚҚ = 0,587; 95% сенім аралығы (СА): 0,454, 0,758; бір жақты Р <0,0001).
Сорафенибтің ҮТҚ әсері географиялық аймаққа, 60 жастан асқан немесе төмен жас шамасына, жыныс ерекшелігіне, гистологиялық қосалқы типке және сүйек метастаздарының болуына немесе болмауына қарамастан бірізді болды.
ҮТҚ бойынша түпкілікті талдауға арналған деректерді саралаудан соң 9 ай өткенде жасалған жалпы тіршілік қабілетінің талдауында емдеу топтары арасында жалпы тіршілік қабілетінің статистикалық мәнді айырмасы анықталмады (ҚҚ = 0,884; 95% СА: 0,633, 1,236, біржақты Р мәні 0,236). ЖТ медианасына сорафениб тобында қол жеткізілмеді, ал плацебо тобында 36,5 айға созылды. Плацебода рандомизацияланған жүз елу жеті (75%) пациент және сорафенибке рандомизацияланған 61 (30%) пациент заттаңбасы ашылған сорафениб қабылдады.
Емді салыстырмалы жасырын кезеңде жалғастыру медианасы сорафениб қабылдаған пациенттерде 46 аптаға (диапазон 0,3-135) және плацебо алған пациенттерде 28 аптаға (диапазон 1,7–132) созылды.
RECIST деректері бойынша толық жауап (ТЖ) байқалмады. Объективті жауаптар жиілігі (тәуелсіз рентгенологиялық бағаға берілген ТЖ + жартылай жауап (ЖЖ)) сорафениб тобында (24 пациент, 12,2%) плацебо тобындағыдан (1 пациент, 0,5%) жоғары болды, бір жақты Р < 0,0001. Қиындықтар сезінген сорафениб қабылдаған пациенттерде жауап беру ұзақтығының медианасы 309 күнге созылды (95% СА: 226 505 күн).
Ісіктің ең ауқымды көлемі бойынша қосалқы топтарға жасалған арнаулы талдаудан кейін ісіктің ең ауқымды көлемі 1,5 см немесе одан көп болатын пациенттерді ҮТҚ емдеу әсерінің, плацебомен салыстырғанда, сорафениб пайдасына шешілгені көрсетілді (ҚҚ 0,54 (95% СА: 0,41 - 0,71)), ал ең ауқымды ісік көлемі 1,5 см-ден аз пациенттерде саны жағынан әсері өте төмен болды (ҚҚ 0,87 (95% СА: 0,40 - 1,89).
Бастапқы күйдегі қалқанша без обырының симптомдары бойынша қосалқы топтарға жасалған арнаулы талдаудан кейін әрі симптоматикасы бар, әрі симптомсыз пациенттердегі емдеу әсерінің ҮТҚ үшін, плацебомен салыстырғанда, сорафениб пайдасына шешілгені көрсетілді. Үдеусіз тіршілік қабілетінің ҚҚ мәні бастапқы күйдегі симптомдары бар пациенттер үшін 0,39 (95% СА: 0,21 - 0,72) және бастапқы күйдегі симптомсыз пациенттер үшін 0,60 (95% СА: 0,45 - 0,81) құрады.
QT аралығының ұзаруы
QT/QTc өлшенетін клиникалық фармакологиялық зерттеуде бастапқы күйдегі (емдеуге дейінгі) және емдеуден кейінгі 31 пациентте тіркелді. Бір 28-күндік емдеу циклынан соң, сорафениб ең жоғары концентрациясына жеткен сәтте, бастапқы күйдегі плацебо емімен салыстырғанда, QTcB 4 ±19 мс, ал QTcF 9 ±18 мс ұзарды. Бір де бір субъект емдеуден кейінгі ЭКГ-мониторинг кезінде QTcB немесе QTcF >500 мс болғанын көрсетпеді (4.4 бөлімді қараңыз).
Балалар қауымы
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік бүйрек және бүйрек тостағаншалары (нефробластомалар, нефробластоматоз, ашық жасушалы саркома, мезобластты нефрома, медуллярлық бүйрек обырын және рабдоидты бүйрек ісіктерін қоспағанда), сондай-ақ бауыр карциномасы мен бауырішілік өт ағып шығатын жолдар (гепатобластомаларды қоспағанда) және дифференциялық қалқанша без обыры бойынша балалар қауымының қосалқы топтарының бәрінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартты (педиатриялық қолдану жөнінде ақпарат алу үшін 4.2 бөлімді қараңыз).