Әсер ету механизмі
Неладекс-НС отоларингологияда жергілікті қолдану үшін біріктірілген препарат. Препараттың емдік әсері дексаметазонның мұрынның шырышты қабығына қабынуға қарсы әсерінен, антибиотиктердің неомицин мен полимиксин В микробқа қарсы әсерінен және фенилэфриннің тамыр тарылтатын әсерінен болады. Аталған антибиотиктерді біріктірген кезде мұрынның және оның қосалқы қойнауларының инфекциялық-қабыну ауруларын тудыратын грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің көбіне антибактериялық әсер ету өрісі кеңейеді.
Неомицин
Cезімтал микроорганизмдер:
- грамоң: Corynebacterium, Listeria monocytogenes, MSSA*;
- грамтеріс: Acinetobacter (сондай-ақ Acinetobacter baumanii), Branhamella catarrhalis, Campylobacter, Chrobacter freundii, Citrobacter koseri, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella, Morganella morganii, Proteus mirabils, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Salmonella, Serratia, Shigella, Yersinia.
Сезімталдығы орташа микроорганизмдер:
- грамтеріс: Pasteurella.
Төзімді микроорганизмдер:
- грамоң: Enterococci, Nocardia asteroids, MRSA**, Streptococcus;
- грамтеріс: Alcaligenes denitrificans, Burkholderia, Flavobacterium sp., Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia;
- анаэробты: облигатты анаэробты микроорганизмдер;
- басқалар: Chlamydia, Mycoplasma, Rickettsiae.
* Полимиксин В біріктірілген клиникалық көрсеткіштері үшін сезімтал штамдар үшін клиникалық тиімділігі көрсетілген.
** Метициллинге төзімділік деңгейі жалпы барлық Staphylococcus aureus шамамен 30-50% құрайды және аурухана жағдайында жиі кездеседі.
Ескерту:
Бұл спектр аминогликозидтер тобына жататын антибиотиктерді жүйелі түрде қолдануға сәйкес келеді. Жергілікті қолданған кезде жергілікті деңгейде пайда болатын концентрация жүйелік айналымға қарағанда жоғары. Жергілікті қолданудан кейінгі препараттың кинетикасы, антибиотиктердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін физикалық-химиялық жағдайлар туралы мәліметтер, in situ препаратының тұрақтылығы шектеулі.
Полимиксин В
Cезімтал микроорганизмдер:
- грамтеріс: Acinetobacter, Aeromonas, Alcaligenes, Citrobacter freundii, Citrobacter koseri, Enterobacter, Escherichia coli, Klebsiella, Moraxella, Pseudomonas aeruginosa*, Salmonella, Shigella, Stenotrophomonas maltophilia.
Төзімді микроорганизмдер:
- грамоң: Cocci және bacilli;
- грамтеріс: Branhamella catarrhalis, Brucella, Burkholderia cepacia, Burkholderia pseudomallei, Campylobacter, Chryseobacterium meningosepticum, Legionella, Morganella, Neisseria, Proteus, Providencia, Serratia, Vibrio cholera El Tor;
- анаэробтық: Cocci және bacilli;
- басқалар: Mycobacteria.
* Неомицин біріктірілген клиникалық көрсеткіштері үшін сезімтал штамдар үшін клиникалық тиімділігі көрсетілген.
Ескерту:
Бұл спектр полипептидтер тобына жататын антибиотиктерді жүйелі түрде қолдануға сәйкес келеді. Жергілікті қолданған кезде жергілікті деңгейде пайда болатын концентрация жүйелік айналымға қарағанда жоғары. Жергілікті қолданудан кейінгі препараттың кинетикасы, антибиотиктердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін физикалық-химиялық жағдайлар туралы мәліметтер, in situ препаратының тұрақтылығы шектеулі.