НеоЦитотект цитомегаловирус қоздырғышына (ЦМВ) қарсы антиденелердің жоғары титрі бар донорлардың плазмасынан жасалған иммуноглобулин препараты болып табылады. Препарат жоғары авидтік ЦМВ-ке антиденелердің белгіленген және жоғары титрі бар. Сондай-ақ, адамдардың плазмасын кейіннен препарат дайындалған пулға тапсырған қалыпты адамдарда көп мөлшерде бар басқа патогендерге IgG антиденелері бар. Препаратта иммуноглобулин G ішкі түрлерінің таралуы табиғи адам плазмасындағылармен іс жүзінде бірдей.
Әсер ету механизмі
НеоЦитотект ЦМВ-ға поликлондық иммуноглобулин препараты болып табылады, ол ЦМВ-ның беткейлі антигендерімен байланысады, осылайша қожайын-жасушаларға енуіне ЦМВ-ның потенциалын бейтараптандырады және фагоцитоз үшін ЦМВ бөлшектерін ұсынады. НеоЦитотект антиденелері иммундық жасушалармен (дендрит жасушалармен, моноциттермен, B - және T-жасушалармен) модуляцияланады және өзара әрекеттеседі, ЦМВ репликациясын вирусостатикалық тежеуге қосымша оң иммунологиялық теңгерімді қамтамасыз етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
НеоЦитотект әсерінің негізгі механизмі айналымдағы вирусты байланыстыру болып табылады. ЦМВ-ға спецификалы антиденелер ЦМВ-ның барлық генотиптерін және вирусостатиктерге төзімді вирустарды қоса алғанда, жасушалардың әртүрлі типтерінің инфекциялануын бөгейді. Бұдан басқа, НеоЦитотект ЦМВ-ға спецификалы ұзақ иммундық жауаптар үшін ЦМВ-реактивті иммундық жасушаларды белсендіре алады. Препараттың, сондай-ақ ағзаның ажырап қалуының төмендеуімен байланысты ЦМВ-ға әсер етуінен ерекшеленетін қосымша иммуномодуляциялық қасиеттері бар.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Цитомегаловирусқа қарсы адам иммуноглобулинінің клиникалық тиімділігі әртүрлі жағдайларда, оның ішінде тұтас ағзалар мен дің жасушалары трансплантацияланған пациенттерде зерттелді. Бүйрек трансплантациясы кезінде адамның цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулині ЦМВ-мен инфекциялану жиілігін 41,7% - дан (бақылау тобы) 21,1% - ға дейін (НеоЦитотект тобы) төмендетті. Өкпені трансплантациялауды қамтитын басқа мысалдарда ЦМВ ауруының жиілігі 43,3% - дан (бақылау тобы) 13,2% - ға дейін (НеоЦитотект тобы) төмендеді, ал сүйек кемігін трансплантациялау кезінде интерстициальдық пневмониттің даму жиілігі 26,1% - дан 3,8% - ға дейін төмендеді.
Бүйректі трансплантациялау
Перспективалы, рандомизацияланған бақыланатын зерттеуде гипериммуноглобулинді препараттардың тиімділігі бүйрегі трансплантацияланған пациенттерде ЦМВ-инфекцияның алдын алу үшін зерттелді. Зерттеу мәйіт бүйрегін алғаш рет алған 74 реципиентті қамтыды. Орташа бақылау кезеңі 45 айды құрады. Пациенттерге метилпреднизолонды және циклоспорин А қамтитын иммуносупрессиялық режим тағайындалды. Зерттелетін топта 38 пациент трансплантация алдында НеоЦитотектті 2 мл/кг дозадан тікелей вена ішіне, содан кейін операциядан кейінгі 1, 2, 4, 18, 32, 46, 60, 74 және 88 күндері қабылдады. Бақылау тобын НеоЦитотект қабылдамаған 36 пациент құрады. Зерттелетін топта 38 пациенттің 8-інде (21,1%) ЦМВ-инфекциясы, ал 38 пациенттің 5-інде (13,2%) цитомегалия дамыды, ал бақылау тобында 36 пациенттің 15-інде (41,7%) ЦМВ-инфекциясы, ал 36 пациенттің 6-інде (16,7%) цитомегалия дамыды.
Жүрек трансплантациясы
Ашық салыстырмалы ретроспективті зерттеуде жоғары қауіп тобына кіретін (орташа жас: 52,2 жас) және серопозитивті донорлардан (D+/R-) аллотрансплантат алған және жүрегі трансплантацияланған 207 ересек реципиентте НеоЦитотект плюс ганцикловир біріктірілімі және тек қана Неоцитотект зерттелді. Барлық пациенттер бірінші желідегі терапия ретінде қоянның поликлондық антитимоциттіік глобулинін қабылдады. Циклоспорин А, азатиоприн және преднизон демеуші иммуносупрессиялық терапия ретінде қолданылды. Аллотрансплантаттың жедел ажырап қалу эпизодтары қатарынан 3 күн бойы преднизонды күн сайын болюсті енгізу арқылы емделді. А тобында 96 пациент тек НеоЦитотектті қабылдады, ал B тобында 111 пациент ганцикловирмен НеоЦитотект қабылдады. Неоцитотектті 100 мг/кг дозадан трансплантацияға дейін және операциядан кейін 1, 7, 14, 21 және 28 күндері вена ішіне енгізді. Цитомегалиясы бар пациенттер ганцикловирді 21 күн ішінде иммуносупрессиялық терапияның төмендетумен қатар қабылдады. Қосымша апта сайын НеоЦитотект енгізілді. А тобында 53,1% ЦМВ-инфекция анықталды, ал 32,3% (96 пациенттің 31-інде) цитомегалия дамыды. В тобында 65,8% ЦМВ-инфекция анықталды, ал 11,7% (111 пациенттің 13-інде) цитомегалия дамыды. А тобында ЦМВ-мен байланысты төрт өлім тіркелген: 3 пациент ЦМВ-мен байланысты ауыр сепсистен өлді, ал 1 пациент ЦМВ-мен байланысты энцефалиттен өлді. ЦМВ-мен байланысты өлім жағдайында топта НеоЦитотект және ганцикловир препаратын біріктіріп қолданудың профилактика үшін монотерапия түріндегі Неоцитотектпен салыстырғанда статистикалық маңызды артықшылығын (Р=0,0326) көрсететіні анықталмады.
Ашық бірорталықты зерттеуде аллотрансплантаттың ересек реципиенттерінде ЦМВ қарсы пассивті иммунизацияның әсерін зерттеді (1984 жылдан 1991 жылға дейін кезеңде жүрегі трансплантацияланған орташа жасы 47 жас 146 пациент). Бақылау кезеңі 13 айдан 73 айға дейін құрады (орта есеппен: 43 ай). Иммуносупрессиялық демеуші емге циклоспорин А және преднизон кірді. 11 пациент үшін бірінші жыл ішінде қайта ажырап қалу себебінен аталған режимге азатиоприн қосылды. Зерттелетін топта ЦМВ бар (R-) 65 пациент трансплантация кезінде НеоЦитотектті 150 мг/кг дозадан және операциядан кейін 2, 7, 14, 28, 42, 56 және 72 күндері 100 мг/кг дозадан қабылдады, сонымен қатар бақылау тобы ЦМВ-ның алдын алу үшін препарат қабылдамаған ЦМВ-мен (R+) бар 81-пациенттен құралған. Зерттелетін топта 65 пациенттің 21-інде (R -) (32,3%) ЦМВ-инфекция анықталды, ал 65 пациенттің 11-інде (R -) (16,9%) цитомегалия дамыды. Бақылау тобында 81 (R+) пациенттің 40-ында (49,4%) ЦМВ-инфекция анықталды, ал 81 (R+) пациенттің 10-ында (12,3%) цитомегалия дамыды.
Өкпе трансплантациясы
Ретроспективті бірорталықты зерттеуде ЦМВ-инфекцияның алдын алу және емдеу үшін иммуноглобулиннің цитомегаловирусқа қарсы әсерін зерттеді (2007 жылдан 2011 жылға дейін кезеңде өкпесі трансплантацияланған орташа жасы 52 жастағы (диапазоны: 17-67 жас) 156 ересек пациент бойынша нәтижелер талданды). Бақылаудың орташа ұзақтығы 19,2 айды құрады. Барлық пациенттер базиликсимабты бірінші желідегі терапия және үштік біріктірілімдегі иммуносупрессиялық терапия ретінде (такролимус, микофенолат мофетил, метилпреднизолон, содан кейін преднизолон) алды. Қауіп тобындағы (D+/R- немесе R+) барлық пациенттер трансплантациядан кейінгі бірінші апта ішінде ганцикловирді вена ішіне алды. Зерттелетін топта D+/R бар 23 пациент трансплантациядан кейін 1, 4, 8, 15 және 30 күндері, содан кейін ай сайын келесі жыл ішінде 2 мл/кг дозадан және валганцикловирді 6 ай ішінде қабылдады. Бақылау тобында R+ бар 133 пациент 3 ай ішінде валганцикловир қабылдады. Зерттелетін топта 23 пациенттің 14-інде (D+/R-) (61%) ЦМВ-инфекциясы, ал 23 пациенттің 4-інде (D+/R-) (17,4%) цитомегалия дамыды, ал бақылау тобында 133 пациенттің 46-інде (R+) (35%) ЦМВ-инфекциясы анықталды, ал 133 пациенттің 6-інде (R+) (4%) цитомегалия дамыды. Өлім-жітім зерттелетін топта 23 пациенттің 4-ін (D+R-) (17,4%) және бақылау тобында 133 пациенттің 40-ын (R+) (30%) құрады.
Салыстырмалы ретроспективті зерттеулерде аллотрансплантат ЦМВ-серопозитивті донордан алған 68 ересек пациентте (орташа жасы: зерттелетін топта 55,8 жас және бақылау тобында 49,2 жас) өкпені трансплантациялағаннан кейін ЦМВ-ның алдын алу үшін біріктірілген терапияның әсерін зерттеді. Бақылаудың орташа кезеңі бақылау тобында 16,5 айды (5,3–69,5 ай) және зерттелетін топта 23,8 айды (11,9–35 ай) құрады. Бақылау тобында 30 пациент (1994 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде) операциядан кейін алғашқы 3 ай ішінде ганцикловирді ғана қабылдады, зерттелетін топта 38 пациент (2000 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде) трансплантациядан кейін бірінші ай ішінде НеоЦитотект препаратын 7 дозамен қосымша 1 мл/кг-нан қабылдады.
1-кесте: зерттеу нәтижелері
Зерттелетін топ (ганцикловир + НеоЦитотект) (N = 38) — Бақылау тобы (тек ганцикловир) (N = 30)
1-жылдық тіршілік қабілеті — 81,6% — 63,3%
3-жылдық тіршілік қабілеті — 71,5% — 40%
ЦМВ-ның реактивациясынсыз немесе жаңадан диагностикаланған инфекциясыз 1 жыл — 71,5% — 51,1%
Зерттелетін топ (ганцикловир + НеоЦитотект) (N = 38) — Бақылау тобы (тек ганцикловир) (N = 30)
ЦМВ реактивациясыз немесе жаңадан диагностикаланған инфекциясыз 3 жыл — 66,4% — 30%
Бақылау кезеңінде цитомегалияның дамуы — 13,2% — 43,3%
ЦМВ-мен байланысты пневмониттің дамуы — 13,2% — 33,3%
ЦМВ-синдромның дамуы — 0% — 10%
Облитерациялайтын бронхиолит синдромынсыз (ОБС) 1 жыл — 91,0% — 69,7%
ОБС-сыз 3 жыл — 82% — 54,3%
ЦМВ-мен байланысты өлім — 0% — 16,7%
Сүйек кемігін трансплантациялау (СКТ)
Рандомизацияланған салыстырмалы зерттеулерде туған бауырлары мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) (орташа жасы: 22 жас (НеоЦитотект) және 22,5 жас (бақылау)) HLA-фенотипі бойынша іріктелген аллогенді СКТ бастан өткерген 49 ересек пациентте ЦМВ-инфекцияның алдын алу үшін венаішілік гипериммуноглобулинді қолдануды зерттеді. Бақылау ұзақтығы 110 күнді құрады. Барлық пациенттер циклофосфамид қабылдады және дененің толық сәулеленуін алды. Зерттелетін топта 26 пациент 1 мл/кг дозада НеоЦитотект қабылдады, бақылау тобында 23 пациент СКТ кейін 7, 13, 33, 73 және 93 күндері 2 мл/кг дозадан қалыпты иммуноглобулин қабылдады. СКТ кейін алғашқы 110 күн ішінде 26 пациенттің 1-інде (4%) ЦМВ-мен байланысты интерстициалдық пневмонит, зерттелетін емдеу тобында және бақылау тобында 23 пациенттің 6-ынде (26%) дамыды. НеоЦитотект қабылдаған топтағы екі пациентте ЦМВ байланысты интерстициалдық пневмонит емді тоқтатқаннан кейін дамыды (143 және 153 күндері).
Ашық, салыстырылмайтын зерттеуде СКТ бастан өткерген 93 ересек пациентте (орташа жасы: 22 жас, диапазоны: 1-ден 49 жасқа дейін) ЦМВ-гипериммуноглобулиннің және пероральді ацикловирдің көмегімен алдын алу арқылы ЦМВ-мен аурушаңдықтың төмендеуін зерттеді. «Трансплантат қожайынына қарсы» жедел реакциясы (ТҚҚР) 43 (48,3%) (ІІ дәреже), 18 (20,2%) (<IІ дәреже) және 28 (34,3%) (ІІІ-IV дәреже) пациенте байқалды. Дененің жаппай сәулеленуі операциядан 3 күн бұрын фракциялау әдісі бойынша орындалды. НеоЦитотект СКТ алдында екі рет 100 мг/кг дозада, содан кейін СКТ кейін әрбір үшінші апта сайын 100 күніне дейін енгізді. 93 пациенттің 11-інде (11,8%) ЦМВ-инфекция белгілері анықталды. Олардың барлығында ЦМВ-инфекциясы ЦМВ-гипериммуноглобулин қолданған кезде профилактика кезінде дамыды, тағы 5 пациентте вирус НеоЦитотектпен емді тоқтатқаннан кейін реактивацияланды. Ауыр ТҚҚР бар пациенттер арасында 38 пациенттің 10-ында (26,2%) жеңіл дәрежедегі ТҚҚР бар 55 пациенттің бірімен (1,8%) салыстырғанда ЦМВ-инфекция анықталды.
Мета-анализ нәтижелері
Клиникалық тиімділік бойынша әдеби деректердің мета-анализін зерттеу дизайнына қарамастан, профилактика мақсаттары үшін бекітілген көрсетілімдер бойынша қабылданатын НеоЦитотект препараты бойынша барлық жарияланған деректерді бағалау үшін жүргізді. ЦМВ-ты жұқтыру жиілігін бастапқы соңғы нүкте үшін талданатын параметр ретінде анықтады. Бір мета-анализ трансплантация типіне қарамастан барлық зерттеулерді, ал екіншісінде тек тұтас ағзаларды трансплантациялау жағдайларын (сүйек кемігін трансплантациялау/лейкемия ескерілмеген) қамтыды. Нәтижелер 2-кестеде берілген.
2-кесте: мета-анализ нәтижелері:
НеоЦитотект n/N % Клоппер-Пирсон әдісі бойынша 95% - дық сенімді аралық — Бақылау тобы n/N % Клоппер-Пирсон әдісі бойынша 95% - дық сенімді аралық
Мета-анализ (барлық көрсетілімдер) — 422/1137 37,1% 34,3% - 40,0% — 286/637 44,9% 41,0% - 48,9%
Хи-квадраттың 2-жақты критерийі: p мәні = 0,001
Мета-анализ (бүйрек, жүрек және өкпе трансплантациясы) — 390/969 40,2% 37,1% - 43,4% — 283/603 46,9% 42,9% - 51,0%
Хи-квадраттың 2-жақты критерийі: p мәні = 0,009
Екі талдауда да ЦМВ-инфекцияның едәуір төмендегені НеоЦитотект қабылдаған пациенттерде байқалды. Барлық көрсетілімдерді ескере отырып, ЦМВ жұқтыру жиілігі бақылау тобындағы пациенттердің 44,9% - дан НеоЦитотект тобындағы пациенттердің 37,1% - ға дейін төмендеді (р = 0,001). Тек бүйрек, жүрек және өкпе трансплантациясын ескере отырып, төмендеу барлық пациенттерде (р = 0,009) 46,9% - дан 40,2% - ға дейін құрады.
Балалар
Ретроспективті зерттеуде ацикловир плюс НеоЦитотект тиімділігі мен қауіпсіздігін алдын алу үшін, сондай-ақ бүйрек трансплантациясын бастан өткерген ЦМВ жоғары қаупі бар балаларда ганцикловирмен емдеуді ерте бастауды зерттеді (орташа жасы 14,1 ± 4,9 жас 79 пациент, диапазоны: 2,5-20 жас). Ең төменгі бақылау кезеңі 12 айды құрады. Иммуносупрессиялық режимге тірі донордан бүйрек алған 4 пациентте азатиоприн қосылған циклоспорин А және стероидтар кірді. Жедел қабылдамау жағдайлары венаішілік метилпреднизолонмен «импульстермен» емделді. R-ЦМВ бар 39 пациент трансплантациядан кейін бірінші күні 150 мг/кг дозада, операциядан кейін 15 және 30 күндері 100 мг/кг және операциядан кейін 45, 60 және 120 күндеріі 50 мг/кг дозадан және пероральді ацикловирді қабылдады. R+ ЦМВ бар 40 пациент R-ЦМВ бар пациенттердікіндей дозада тек ацикловирді пероральді ғана қабылдады. ЦМВ-инфекция болған кезде ганцикловирді күніне дене салмағына 10 мг дозадан кемінде 2 апта бойы немесе антигенемияның теріс нәтижелеріне қол жеткізгенге дейін вена ішіне қолданды. ЦМВ-серопозитивті донордан трансплантант алған 33 ЦМВ-серонегативті реципиенттің (R -) 18-і (54,5%) ЦМВ-инфекциясын жұқтырды, ал ЦМВ-серонегативті донордан (R -) трансплантант алған 6 ЦМВ-серонегативті реципиентте (R -) инфекциялар анықталған жоқ. Тек ацикловир қабылдаған R+ тобында D+ ЦМВ донорларынан трансплантант алған R+ ЦМВ 28 реципиенттің 11-і (39,3%) ЦМВ инфекциясын жұқтырды, ал D-ЦМВ донорларынан трансплантант алған R+ ЦМВ 12 реципиентті тек бір реципиенті ЦМВ инфекциясын (8,3%) жұқтырды.