Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Шампунь лекарственный
Дозасы
2 %
Саудалық атауы
Низорал®
Әсер етуші зат
Кетоконазол
Мақсаты
Қайызғақ және себореялық дерматит сияқты Malassezia spp. (Pityrosporum spp.) ашытқысы туындатқан инфекцияны емдеу және оның профилактикасы
Өндіруші
Янссен Фармацевтика Н.В.
Ел
Бельгия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г сусабын құрамында
белсенді зат – кетоконазол, 20 мг,
қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, динатрий лаурилсульфосукцинаты, кокос майының май қышқылдарының диэтаноламиді, коллаген гидролизаты, макрогол метилдекстроза диолеаты, хош иістендіргіш, имидомочевина, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, керемет қызыл бояғыш (Е 129), натрий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән парфюмерлік иісі бар, қызыл-қызғылт сары сұйықтық.
• қайызғақ және себореялық дерматит сияқты Malassezia spp. (Pityrosporum spp.) ашытқысы туындатқан инфекцияны емдеу және оның профилактикасы
• кебек тәрізді теміреткіні (жергілікті) емдеу
Зеңдер мен ашытқылардың селективтілігі кетоконазолдың эргостерол биосинтезін тежеуге спецификалық үрдісі есебінен қамтамасыз етіледі. Зеңдер мен ашытқылардың белсенділігі көбінесе биосинтезге байланысты, бұл жасуша жарғақшасының қалыпты өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Қолданылу аймағына Trichophyton spp., Epidermophyton spp. және Microsporum spp. сияқты дерматофиттер және Candida spp., Malassezia spp. (бұрын Pityrosporum spp. ретінде белгілі) сияқты ашытқылар кіреді.
Дозалау режимі
Низорал®, 2 % сусабын жергілікті қолдануға арналған.
Препаратты зақымданған жерлерге 3-5 минутқа жағыңыз, содан кейін сумен шайыңыз.
Қолдану ұзақтығы
Емі:
• кебек тәрізді теміреткі: күніне бір рет 5 күн ішінде
• себореялық дерматит және қайызғақ: 2-4 апта бойы аптасына екі рет
Профилактика:
• себореялық дерматит және қайызғақ: апта сайын немесе екі аптада 1 рет
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, кеңес алу үшін дәрігерге немесе медбикеге хабарласыңыз.
• әсер етуші затқа немесе құрамында көрсетілген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
• 12 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктемесіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000-нан аз), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Жиі емес
• фолликулит
• дәмдік сезімталдықтың бұзылуы
• жас ағудың жоғарылауы
• таздану
• терінің құрғауы
• шаш текстурасының өзгеруі
• бөртпе
• терідегі шымылдату сезімі
• қолдану орнындағы эритема
• қолдану орнындағы тітіркену
• қолдану орнындағы қышыну
• қолдану орнындағы реакция
Сирек
• жоғары сезімталдық
• көздің шырышты қабығының тітіркенуі
• акне
• жанаспалы дерматит
• тері ауруы
• терінің қабыршықтануы
• қолдану орнындағы жоғары сезімталдық реакциясы
• қолдану орнындағы пустула
Белгісіз
• ангионевроздық ісіну
• шаш түсінің өзгеруі
• есекжем
Егер жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені нашарласа немесе нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Низорал®, 2 % сусабынын қолданған кезде, артық дозалану болжанбайды, өйткені препарат тек сыртқы қолдануға арналған. Кездейсоқ жұтып қойған жағдайда демеуші (белсендірілген көмір) және симптоматикалық ем жүргізіледі. Аспирацияны болдырмау үшін құсу немесе асқазан шаюды қолдануға тыйым салынады.
Жергілікті кортикостероидтармен ұзақ емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромын болдырмау үшін 2-3 апта ішінде кортикостероидтарды біртіндеп тоқтататумен жалғасатын Низорал® препаратымен біріктірілімде кортикостероидтарды жергілікті қолдануды жалғастыру ұсынылады.
Сусабын қолданған кезде көзге тигізіп алмаңыз. Сусабын көзге түскен жағдайда, оларды сумен шаю керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Низорал®, 2 % сусабын көлік жүргізу және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүкті және бала емізетін әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Низорал®, 2 % сусабын препараты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданғанда қауіпті болуы мүмкін туралы деректер жоқ.
Зерттелмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптаманы ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 24 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.