Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Никотин қышқылы
Әсер етуші зат
Никотин қышқылы
Мақсаты
Пеллаграның емдеу үшін (PP дәруменінің авитаминозында)
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1.0 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 10.0 мг никотин қышқылы
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз сұйықтық
• пеллаграның емдеу үшін (PP дәруменінің авитаминозында)
Кешенді терапияның құрамында
• ми қанайналымының ишемиялық бұзылуларында
• аяқ-қолдар қантамырларының түйілуінде (тығындалған эндартериит, Рейно ауруы)
• бүйрек қантамырларының түйілуінде
• ұзақ, жазылмайтын жараларда, ойық жараларда
• қант диабетінің асқынуларында (диабеттік полинейропатия, микроангиопатия)
• гипоацидтік гастрит, энтероколит, колит кезінде
• бауыр ауруларында (жедел және созылмалы гепатиттерде)
• бет жүйкесінің невритінде
• шығу тегі әр түрлі уыттануларда: кәсіптік, алкогольдік, дәрі-дәрмектік (анилин туындыларымен, барбитураттармен, туберкулезге қарсы дәрілермен, сульфаниламидтермен)
Әсер ету механизмі
Никотин қышқылы (РР дәрумені) өз бетінше немесе амид түрінде тотығу-тотықсыздану реакцияларында сутектің тасымалдануын, сондай-ақ фосфаттың тасымалдануын жүзеге асыратын кодегидраза I (дифосфопиридиннуклеотид – НАД) және кодегидраза II (трифосфопиридиннуклеотид – НАДФ) простетикалық ферменттер тобы болып табылады.
Зат алмасуына, тіндердің тыныс алуына, синтез процестеріне қатыса отырып, никотин қышқылы қандағы липопротеидтер мен триглицеридтердің құрамын қалыпқа келтіреді.
Преартериол және артериол деңгейінде (оның ішінде мида) вазодилатациялайтын әсері бар, сол арқылы микроциркуляцияны жақсартады.
Әлсіз антикоагулянттық әсер береді (қанның фибринлизистік белсенділігін арттырады), бауыр мен бүйректің уытсыздандыратын функциясының күшеюі әсерінен уытсыздандыратын қасиеті бар.
РР дәрумені тапшылығын жояды, спецификалық пеллаграға қарсы дәрі болып табылады.
Дозалану режимі
Ересектер мен балаларға 15 жастан бастап вена ішіне (баяу), бұлшықет ішіне және тері астына (бұлшықетішілік және теріастылық инъекция ауыртады) тағайындайды.
Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 10 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады, кемінде 5 минут ішінде енгізеді (1 минут ішінде 2 мг аспайтын никотин қышқылын).
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 100-200 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады, енгізу жылдамдығы – минутына 30-40 тамшы.
Теріастылық және бұлшықетішілік енгізулері ауырсынумен жүреді.
Пеллаграда вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1 мл 1% ерітіндіні 10-15 күн бойы күніне 1-2 рет енгізуді тағайындайды.
Ми қанайналымының ишемиялық бұзылуында вена ішіне (баяу) 1 мл 1% ерітіндіні енгізеді.
Басқа көрсетілімдерде тері астына немесе бұлшықет ішіне 10-15 күн бойы күніне 1 рет 10 мг (1 мл) тағайындайды. Инфузиялық ерітіндіге: 10 мг (1 мл) никотин қышқылын 100-200 мл инфузиялық ерітіндіге қосуға болады.
Вена ішіне енгізгендегі жоғарғы дозалары: бір реттік – 100 мг (10 мл), тәуліктік – 300 мг (30 мл).
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне (баяу), бұлшықет ішіне және тері астына (бұлшықетішілік және теріастылық инъекция ауыртады) қолданады.
Емдеу ұзақтығы
Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Препаратты әркез қосымша парағындағымен немесе емдеуші дәрігердің ұсыныстарымен толық сәйкестікпен қабылдаңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Қабылдауын өткізіп алған дәрілік заттың орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз. Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Тоқтату симптомы қаупінің болуына көрсетілім
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек
Препаратты үнемі қосымша- парақ немесе емдеуші дәрігер нұсқауларына толық сәйкестікте қабылдаңыз
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы (өршу сатысында)
• подагра, гиперурикемия
• бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, оның ішінде бауыр циррозы
• артериялық гипертензия (ауыр түрі), атеросклероз (вена ішіне енгізу үшін)
• декомпенсацияланған қант диабеті
• жуырда өткерген миокард инфаркті
• анамнездегі шеткері қан тамырлары кедергісінің кенеттен төмендеуі
• жүктілік, лактация кезеңі
• 15 жасқа дейінгі балалар
Жиі емес:
• вена ішіне жылдам енгізгенде - артериялық қысымның елеулі төмендеуі, ортостаздық гипотензия, коллапс.
Сирек
• басқа қан кернеу сезімі, ол ентігу, тахикардия, жүрек қағуы, қатты терлеу, қалтырау, ісіну, шаншу және күйдіру сезімдері, аритмиямен қатар жүруі мүмкін;
• бет терісінің және дененің жоғарғы жартысының шаншу және күйдіру сезімімен гиперемиясы, тері және көздің шырышты қабығының құрғауы, көздің торқабығының ісінуі, өте сирек жүректің ишемиялық ауруы бар пациентерде – акантоз. Бұл симптомдар тұрақсыз және препаратты тоқтатқаннан кейін жойылады.
• аурушаңдық, теріастылық және бұлшықетішілік инъекция орнының домбығуы.
Өте сирек
• бас айналуы, парестезиялар, бас ауыруы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде тыныс алу ағзалары тарапынан, есекжем, қышыну, бөртпе шығу
Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолдануда
• гиперурикемия
• глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі
• бауыр функциясының бұзылуы, бауырдың майлы дистрофиясы, сарғаю
• аспартатаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа, сілтілік фосфатаза, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
• гипофосфатемия
• тромбоциттер санының төмендеуі
• протромбин уақытының ұзаруы
• гиперпигментация, гиперкератоз
• құрысулар
• диарея, жүрек айну, құсу, анорексия
• асқазан ойық жарасының өршуі
• амблиопия
• ұйқысыздық
• миалгия
• артериялық қысымның төмендеуі
• ринит
• көрудің бұлыңғырлануы
• қабақтың ісінуі
• миопатия
• эксфолиативті дерматит
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың күшеюі – артериялық гипотензия, бас ауыруы, естен тану, бас айналу, басқа қан кернеу сезімі болуы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, уытсыздандыру терапиясы, симптоматикалық ем. Спецификалық антидоты жоқ.
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Ұзақ уақыт қолдану бауырдың майлы дистрофиясына алып келуі мүмкін болғандықтан, соңғысының профилактикасы үшін пациенттердің диетасына метионинге бай өнімдерді қосады немесе метионинді, липой қышқылын тағайындайды. Емдеу үдерісінде бауыр функциясын бақылауда ұстау қажет. Препаратқа жоғары сезімталдық пайда болса (тамырды кеңейткіш дәрі ретінде қолданылған жағдайларынан басқа), никотинамидке алмастыруға болады.
Препаратты гиперацидті гастритте, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында (өршу сатысынан тыс), геморрагияларда, глаукомада, бүйрек жеткіліксіздігінде, орташа дәрежелі артериялық гипотензияда, алкогольді шамадан тыс қолданғанда, тұрақсыз стенокардияда (нитраттарды, кальций өзекшелерінің антагонистерін, β-блокаторларын қабылдайтын пациенттерге) сақтықпен қолданады.
Препаратты қолдану қант диабеті бар пациенттерде инсулинге қажеттіліктің артуына алып келуі мүмкін. Қант диабеті бар пациенттерде дислипидемияны түзету үшін қолдану керек емес.
Глюкозаға төзімділіктің төмендеу мүмкіндігіне байланысты глюкозаға, сондай-ақ ұзақ емдеу нәтижесінде жоғарылау мүмкіндігін ескере отырып, сарысудағы несеп қышқылы деңгейіне ұдайы мониторинг жүргізіп отыру қажет.
Арнайы сақтандырулар
Бұл препараттың 1 ампуласы ішіндегі натрий 1 ммольден аз (23 мг), яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Педиатрияда қолдану
Дәрілік затты 15 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препараттың жағымсыз реакцияларын ескере отырып, сақ болған жөн. Егер препаратпен емдеу кезінде бас айналу және ұйқышылдық байқалса, күрделі механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керек.
Бұл препараттың 1 ампуласы ішіндегі натрий 1 ммольден аз (23 мг), яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Ұрықтануға қарсы пероральді дәрілер мен изониазид триптофанның никотин қышқылына өзгеруін төмендетеді және сол арқылы, никотин қышқылына қажеттілікті арттыруы мүмкін.
Никотин қышқылы пробенецид, неомицин, барбитураттардың, туберкулезге қарсы дәрілердің, сульфаниламидтердің тиімділігі мен уыттылығын төмендетеді.
Антибиотиктер никотин қышқылы туғызатын терінің қызаруын күшейтуі мүмкін.
Ацетилсалицил қышқылы никотин қышқылының әсерінен туындайтын терінің қызару әсерін азайтады.
Ципрофибратты никотин қышқылымен біріктіру ұсынылмайды.
Жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін болғандықтан, ловастатинді, правастатинді никотин қышқылымен біріктіру ұсынылмайды. Никотин қышқылын ловастатинмен қолданғанда рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарламалар болған.
Гипотензиялық дәрілермен (гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін), антикоагулянттармен, ацетилсалицил қышқылымен (геморрагиялардың даму қаупіне байланысты) біріктіргенде сақ болу қажет.
Препарат фибринолитик дәрілердің, спазмолитиктер мен жүрек гликозидтерінің әсерін, алкогольдің бауырға уытты әсерін күшейтеді.
Тиамин хлориді (тиаминнің бұзылысы жүреді), пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, эуфиллин, салицилаттар, тетрациклиндер, симпатомиметиктер, гидрокортизон ерітінділерімен араластырмау керек.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада .
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.