Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Никотин қышқылы-Дарница
Әсер етуші зат
Никотин қышқылы
Мақсаты
Пеллагра (PP дәруменінің авитаминозы)
Өндіруші
«Фармацевтическая фирма «Дарница»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат: никотин қышқылы - 10 мг
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
- пеллагра (PP дәруменінің авитаминозы)
Кешенді ем құрамында
- ми қан айналымының ишемиялық бұзылуы
- аяқ-қол тамырларының түйілуі (облитерациялайтын эндартериит, Рено ауруы)
- бүйрек тамырларының түйілуі
- ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар, ойық жаралар
- қант диабетінің асқынуы (диабеттік полинейропатия, микроангиопатия
- гипоацидті гастрит, энтероколит, колит
- бауыр аурулары (жедел және созылмалы гепатитте)
- бет жүйкесі невриті
- әртүрлі генезді уыттану: кәсіби, алкогольдік, дәрі-дәрмектік (анилин туындыларымен, барбитураттармен, туберкулезге қарсы дәрілермен, сульфаниламидтармен)
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектерге және балаларға 15 жастан бастап вена ішіне (баяу), бұлшықет ішіне және тері астына (бұлшықет ішіне және тері астына инъекция ауыртумен жүреді) тағайындайды.
Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын
0,9 % натрий хлоридінің 10 мл ерітіндісінде сұйылтады, 5 минуттан кем емес уақытта енгізеді (2 мг никотин қышқылын 1 минутта енгізуден тез емес).
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 0,9 % натрий хлоридінің 100-200 мл ерітіндісінде сұйылтады, енгізу жылдамдығы – минутына 30-40 тамшы.
Пеллагра. Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 10 мг (1 мл) тәулігіне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы – 10-15 күн.
Ми қан айналымының ишемиялық бұзылуы. Вена ішіне (баяу) 10 мг (1 мл) енгізеді.
Басқа да қолданылуы. Тері астына немесе бұлшықет ішіне 10 мг-ден (1 мл) 10-15 күн бойына күніне 1 рет тағайындайды. Инфузиялық ерітіндіге қосылуы мүмкін: 100-200 мл инфузиялық ерітіндіге 10 мг (1 мл) никотин қышқылы.
Вена ішіне енгізгендегі жоғары дозалары: бір рет – 100 мг (10 мл), тәуліктік – 300 мг (30 мл).
Енгізу жолы және тәсілі
Вена ішіне (баяу), бұлшықет ішіне және тері астына (бұлшықетішілік және теріастылық инъекциялар ауыртады) қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсыныстарына толық сәйкестікте қабылдаңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Жіберіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болса емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Бұл дәрілік затқа қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсыныстарына толық сәйкестікте қабылдаңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы (өршу сатысында)
- артериялық гипертензия (ауыр түрі), атеросклероз (вена ішіне енгізу үшін)
- подагра, гиперурикемия
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, оның ішінде бауыр циррозы
- қалпына келмейтін қант диабеті
- анамнездегі шеткері тамыр кедергісінің кенеттен төмендеуі
- жуырда болған миокард инфарктісі.
- жүктілік, лактация кезеңі
- 15 жасқа дейінгі балалар
Барлық дәрілік препараттар сияқты препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында туындамайды.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес.
Жиі емес:
- вена ішіне жылдам енгізгенде – артериялық қысымның елеулі төмендеуі, ортостаздық гипотензия, коллапс.
Сирек:
- басқа қан тебу сезімі, ол ентігу, тахикардия, жүрек қағуы, қатты терлеу, қалтырау, ісіну, шаншу және күйдіру сезімдерімен қатар жүруі мүмкін;
- бет терісінің және дененің жоғарғы жартысының шаншу және күйдіру сезімімен гиперемиясы, тері және көздің шырышты қабығының құрғауы, сирек көз торқабығының ісінуі, ишемиялық жүрек ауруы бар пациенттерде өте сирек - акантоз. Бұл симптомдар тұрақсыз және препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалады.
- аурушаңдық, теріастылық және бұлшықетішілік инъекция орнының ісінуі.
Өте сирек:
- бас айналуы, парестезия, бас ауыруы.
Белгісіз:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде тыныс алу ағзалары тарапынан, есекжем, бөртпе.
Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолдануда
- гиперурикемия
- глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі
- бауыр функциясының бұзылуы, бауырдың майлы дистрофиясы, сарғаю
- аспартатаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа, сілтілік фосфатаза, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
- гипофосфатемия
- тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі
- протромбин уақытының ұзаруы
- гиперпигментация, гиперкератоз
- құрысулар
- диарея, жүрек айну, құсу, анорексия
- асқазан ойық жарасының өршуі
- амблиопия
- ұйқысыздық
- миалгия
- артериялық қысымның төмендеуі
- ринит
- көрудің бұлыңғырлануы
- қабақтың ісінуі
- миопатия
- эксфолиативті дерматит
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерінің күшеюі – артериялық гипотензия, бас ауыруы, естен тануы, бас айналуы, қан тебу сезімі болуы мүмкін.
Емі. Препаратты тоқтату, уытсыздандыру емі, симптоматикалық ем. Спецификалық антидоты жоқ.
Қатысты емес.
Педиатрияда қолдану
15 жасқа дейінгі балаларға препарат қолданылмайды.
Арнайы ескертулер
Ұзақ уақыт қолдану бауырдың майлы дистрофиясына алып келуі мүмкіндігінен, соңғысының профилактикасы үшін науқастардың диетаға метионинге бай азық-түлік қосады немесе метионин, липой қышқылын тағайындайды. Емдеу үдерісінде бауыр функциясын бақылау керек. Препаратқа жоғары сезімталдық пайда болғанда (тамыр кеңейтетін дәрі ретінде қолданатын жағдайларды қоспағанда) никотинамидке алмастыруға болады.
Препаратты гиперацидті гастритте, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында (асқыну сатысынан тыс), геморрагияда, глаукомада, бүйрек жеткіліксіздігінде, орташа дәрежедегі артериялық гипотензияда, алкогольді шамадан тыс тұтынғанда, тұрақсыз стенокардияда (нитраттар, кальций өзекшелері антагонистерін, β-блокаторларын қабылдайтын пациенттерге) сақтықпен қолданады.
Препаратты қант диабетіне шалдыққан пациенттерде қолдану инсулинге қажеттіліктің ұлғаюына алып келуі мүмкін. Қант диабеті бар науқастарда дислипидемияны түзету үшін қолдану тиімсіз.
Глюкозаға толеранттылық төмендеуі мүмкіндігіне байланысты, сондай-ақ ұзақ емдеу нәтижесінде қан сарысуында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы мүмкіндігінен глюкоза деңгейіне мониторинг ұдайы жүргізілуі керек.
Бұл дәрілік препараттың құрамында 1 ммольден кем (23 мг)/натрий дозасы бар, яғни іс жүзінде натрийден бос.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 15 жастан балаларға тағайындайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың реакция жылдамдығына әсеріне қатысты зерттеу жүргізілмеген, алайда препаратпен емдеу кезінде бас айналуы және ұйқышылдық байқалатын болса, күрделі механизмдермен жұмыс істеуден тартына тұрған жөн.
Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Препаратты қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек.
Пероральді ұрықтануға қарсы дәрілер және изониазид триптофанның никотин қышқылына айналуын төмендетеді және, осылайша никотин қышқылына қажеттілікті жоғарылатуы мүмкін.
Никотин қышқылы неомициннің, барбитураттардың, туберкулезге қарсы дәрілердің, сульфаниламидтердің тиімділігін және уыттылығын төмендетеді.
Антибиотиктер никотин қышқылынан туындаған тері қызаруын күшейтуі мүмкін.
Ацетилсалицил қышқылы никотин қышқылы әсерінен туындайтын тері қызаруының әсерін төмендетеді.
Ципрофибратты никотин қышқылымен үйлестіру ұсынылмайды.
Ловастатин, правастатинді жағымсыз реакциялар даму қаупін арттыратындықтан никотин қышқылымен үйлестіру ұсынылмайды. Никотин қышқылын ловастатинмен қолданғандағы рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарлар бар.
Гипотензиялық дәрілермен (гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін), антикоагулянттармен, ацетилсалицил қышқылымен (геморрагиялар даму қаупінен) біріктіргенде сақтық жасау керек.
Препарат фибринолитикалық дәрілердің, спазмолитиктердің және жүрек гликозидтерінің әсерін, алкогольдің бауырға уыттылық әсерін күшейтеді.
Тиамин хлориді (тиамин бұзылуы жүреді), пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, эуфиллин, салицилаттар, тетрациклиндер, симпатомиметиктер, гидрокортизон. ерітінділерімен араластыруға болмайды.
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.