Жағымсыз әсерлерді аурудың симптомдарын бақылау үшін қажетті ең аз ұзақтықта ең аз тиімді дозаны пайдалану арқылы азайтуға болады.
Симптоматиканың жақсаруы болмаған кезде препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Нимесулидті басқа ҚҚСП, соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бірге қолданудан аулақ болу керек. Нимесил® препаратымен емдеу кезінде пациент басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы тиіс.
Нимесулид тромбоциттер функциясына әсер ете алатындықтан, оны геморрагиялық диатезі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Алайда жүрек-қантамыр аурулары профилактикасына қатысты Нимесил® препаратын қабылдау ацетилсалицил қышқылын қабылдауды алмастыра алмайды.
Арнайы ескертулер
Бауырға әсер етуі
Бауыр тарапынан күрделі реакциялардың сирек жағдайлары туралы, оның ішінде құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қолдануға байланысты өліммен аяқталған өте сирек жағдайлар туралы хабарланған. Нимесил® препаратымен емдеу кезінде бауырдың зақымдану симптомдарына ұқсас симптомдарды сезінетін пациенттерге (мысалы, анорексия, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, қажу, күңгірт түсті несеп) немесе бауыр функциясының зертханалық талдауларының деректері қалыпты мәндерден ауытқитын пациенттерге препаратпен емді тоқтату қажет. Мұндай пациенттерге нимесулидті қайталап тағайындауға болмайды. Препараттың қысқа мерзімді әсерінен кейін бауырдың зақымдануы туралы – көп жағдайда қайтымды болғаны хабарланған.
Нимесулид қабылдаған және тұмауға немесе суық тиюге ұқсас симптомдары дамыған пациенттер препаратпен емді тоқтатуы тиіс.
Асқазан-ішек жолына әсер етуі
Барлық ҚҚСП қатысты асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жаралану және тесілуі туралы хабарланған, олар ізашар – симптомдарымен немесе онсыз, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі бұзылулар бар немесе онсыз, емдеудің кез келген сәтінде орын алуы және пациенттің өміріне қатер төндіруі мүмкін.
Асқазан-ішек жолында қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің пайда болу қаупі ҚҚСП дозасын арттырған кезде, пациенттерде анамнезінде, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы болғанда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде жоғарылайды. Мұндай пациенттерде емді ең аз ықтималды дозадан бастау керек. Мұндай пациенттерге, сондай-ақ бір мезгілде төмен дозаларда аспиринді немесе асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның пайда болу қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерге қатысты протектор-препараттармен, мысалы, мизопростолмен немесе протонды сорғы тежегіштерімен біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.
Анамнезінде уытты сипаттағы асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар асқазан-ішек жолдары тарапынан кез келген ерекше симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішек жолдарындағы қан кетулер туралы) хабарлауы тиіс. Бұл әсіресе емнің бастапқы сатыларында өте маңызды.
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жараның түзілуі/тесілуі емдеу аясында – ізашар-симптомдар пайда болғанда, оларсыз да, сондай-ақ анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның болуына немесе болмауына қарамастан кез-келген уақытта дамуы мүмкін. Асқазан-ішек жолында қан кету немесе ойық жара дамығанда нимесулидпен емдеуді дереу тоқтату керек. Нимесулидті пептидтік ойық жараны қоса, асқазан-ішек жолдары ауруларымен, анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кету бар, спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Ойық жараның немесе қан кетудің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін қатарлас жүретін препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ) немесе аспирин сияқты антиагреганттарды қабылдайтын пациенттер препаратты қабылдаған кезде сақ болу қажеттігі туралы ескертілуі тиіс.
Нимесулид қабылдайтын пациенттерде қан кету немесе асқазан-ішек жолының ойық жаралануы туындаған кезде препаратпен емдеуді тоқтату керек.
ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл аурулар өршуі мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде, әсіресе, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіруі мүмкін асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілуі, сондай-ақ бүйрек, бауыр және жүрек функциясының бұзылуы сияқты ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялар жиілігі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан бұл пациенттерге тиісті клиникалық бақылауда болу ұсынылады.
Тері реакциялары
ҚҚСП қолдану аясында өте сирек ауыр тері реакциялары байқалды, олардың кейбірі эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, сондай-ақ уытты эпидермальді некролизді қоса, өліммен аяқталды. Бұл реакциялардың көп жағдайларда пайда болу қаупіне пациенттер емнің басында ұшырайды және бұл реакциялар емнің бірінші айы ішінде жиі орын алады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдану белгілері немесе басқа аса жоғары сезімталдық симптомдары пайда болған кезде нимесулидті қабылдауды тоқтату керек
Нимесулидті қолдану кезінде тұрақты дәрілік бөртпе (ТДБ) жағдайлары туралы хабарланды.
Анамнезі нимесулидпен байланысты ТДБ бар пациенттерге қайталап тағайындауға болмайды.
Бүйрекке әсер етуі
Препаратты бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені Нимесил® препаратын қолдану бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін. Нашарлаған жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Фертильділікке әсер етуі
Нимесил® препаратын қолдану әйелдерде бала туу функциясына теріс әсер көрсетуі мүмкін, сондықтан препаратты жүктілікті жоспарлаған әйелдерге тағайындау ұсынылмайды. Жүкті болуға проблемалары бар немесе бедеуліктен тексеруден өтіп жүрген әйелдерде Нимесил® препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелер тарапынан бұзылулар
Анамнезінде артериялық гипертензия және/немесе ҚҚСП қолдану аясында организмде сұйықтықтың кідіруінде және ісінуде пайда болатын жеңіл/орташа ауырлық дәрежесіндегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге жағдайды тиісті бақылау және дәрігердің кеңесі қажет.
Кейбір ҚҚСП қолдану, әсіресе жоғары дозада және ұзақ қолданғанда артериялық тромбоз қаупінің елеусіз жоғарылауымен (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) байланысты болуы мүмкін. Нимесулидті қолдану кезінде мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диагностикаланған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық патологиясы бар пациенттерге нимесулидті осы пациенттердің жай-күйін мұқият бағалағаннан кейін тағайындау керек. Жүрек-қантамыр ауруларына (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) қатысты қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастамас бұрын дәл осындай мұқият бағалау жүргізілуі тиіс.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Нимесил® препаратының құрамында сахароза бар. Бұл препарат сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығының проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Құрамында нимесулид бар препараттардың көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұған қарамастан, препаратты қабылдағаннан кейін есеңгіреу, бас айналу немесе ұйқышылдық сезімін сезінетін пациенттерге көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдерге қызмет көрсетуге болмайды.