Нимесулидті басқа ҚҚСП-мен, соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бірге қолданудан аулақ болу керек. Нимесулидпен емдеу кезінде пациент басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы тиіс.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диагностикаланған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық патологиясы бар пациенттерге нимесулидті осы пациенттердің жай-күйін мұқият бағалағаннан кейін тағайындау керек. Жүрек-қантамыр ауруларына (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) қатысты қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастамас бұрын осындай мұқият бағалау жүргізілуі тиіс.
Нимесулид тромбоциттер функциясына әсер ете алатындықтан, оны геморрагиялық диатезі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Алайда, нимесулид жүрек-тамыр ауруларының алдын-алу кезінде ацетилсалицил қышқылын алмастырмайды.
Арнайы ескертулер
Аурудың симптомдарын бақылау үшін қажетті ең аз ұзақтықта ең аз тиімді дозаны қолдана отырып, жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға болады. Симптоматикасы жақсартылмаған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Нимесулид-ТК препаратының құрамында сахароза бар. Бұл препарат фруктоза көтере алмаушылығының сирек тұқым қуалайтын проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.
Бауырға әсер етуі
Бауыр тарапынан күрделі реакциялардың сирек жағдайлары туралы, оның ішінде құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қолдануға байланысты өлімнің өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Нимесулидпен емдеу кезінде бауырдың зақымдану симптомдарына ұқсас симптомдарды сезінетін пациенттерге (мысалы, анорексия, жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, қажу, несептің күңгірттенуі) немесе бауыр функциясының зертханалық талдауларының деректері қалыпты мәндерден ауытқитын пациенттерге препаратпен емдеуді тоқтату қажет. Мұндай пациенттерге нимесулидті қайта тағайындауға болмайды. Препараттың қысқа мерзімді әсерінен кейін бауырдың зақымдануы туралы– көп жағдайда қайтымды болғаны хабарланған.
Нимесулид қабылдаған және тұмауға немесе суық тиюге ұқсас симптомдары дамыған пациенттер препаратпен емдеуді тоқтатуы тиіс.
Асқазан-ішек жолына әсер етуі
Барлық ҚҚСП-ға қатысты асқазан – ішек жолдарындағы қан кету, ойық жаралануы және тесілуі туралы хабарланған, олар симптомдарымен - ізашарлармен немесе оларсыз, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі бұзылулар бар немесе онсыз емдеудің кез келген сәтінде орын алуы және пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Асқазан-ішек жолында қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің пайда болу қаупі ҚҚСП дозасын арттырған кезде, пациенттерде анамнезінде, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы болғанда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде жоғарылайды. Мұндай пациенттерде емді ең аз ықтималды дозадан бастау керек. Мұндай пациенттерге, сондай-ақ бір мезгілде төмен дозада аспиринді немесе асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның пайда болу қаупін арттыратын басқа да препараттарды қабылдайтын пациенттерге қатысты протектор-препараттармен, мысалы, мизопростолмен немесе протонды сорғы тежегіштерімен біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.
Анамнезінде уытты сипаттағы асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар асқазан-ішек жолдары тарапынан кез келген ерекше симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішек жолдарындағы қан кетулер туралы) хабарлауы тиіс. Бұл емдеудің бастапқы сатысында өте маңызды.
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жараның түзілуі/тесілуі емдеу аясында – ізашар-симптомдар пайда болғанда, оларсызда, сондай-ақ анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның болуына немесе болмауына қарамастан кез келген уақытта дамуы мүмкін. Асқазан-ішек жолында қан кету немесе ойық жара дамығанда нимесулидпен емдеуді дереу тоқтату керек. Нимесулидті пептидтік жараны қоса, асқазан-ішек жолдары ауруларымен, анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кету бар, спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Ойық жараның немесе қан кетудің пайда болу қаупін арттыра алатын қатар жүретін препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді қайта қармайтын селективті тежегіштер немесе аспирин сияқты антиагреганттарды қабылдайтын пациенттер препаратты қабылдаған кезде сақ болу қажеттілігі туралы ескертілуі тиіс.
Нимесулид қабылдайтын пациенттерде қан кету немесе асқазан-ішек жолының ойық жаралануы туындаған кезде препаратпен емдеуді тоқтату керек.
ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, себебі бұл аурулар асқынуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде, әсіресе, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіруі мүмкін асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілуі, сондай-ақ бүйрек, бауыр және жүрек функциясының бұзылуы сияқты ҚҚСП – ға жағымсыз реакциялар жиілігі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан осы пациенттерге тиісті клиникалық бақылауда болу ұсынылады.
Тері реакциялары
Нимесулидті қолданған кезде тіркелген дәрілік бөртпе (ТДБ) жағдайлары хабарланды. Анамнезінде нимесулидпен байланысты ТДБ бар пациенттерге нимесулидті қайта тағайындауға болмайды.
ҚҚСП қолдану аясында өте сирек ауыр тері реакциялары байқалды, олардың кейбірі эксфолиативті дерматит, Стивенс–Джонсон синдромы, сондай-ақ уытты эпидермальді некролизді қоса, өліммен аяқталды. Бұл реакциялардың пайда болу ықтималды едәуір қаупіне пациенттер емнің басында ұшырайды және бұл реакциялар емдеудің бірінші айы ішінде жиі орын алады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдану белгілері немесе басқа да аса жоғары сезімталдық симптомдары пайда болған кезде нимесулидті қабылдауды тоқтату керек.
Бүйрекке әсер етуі
Препаратты бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені препаратты қолдану бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін. Нашарлаған жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Фертильділікке әсер етуі
Нимесулидті қолдану әйелдерде бала туу функциясына теріс әсер етуі мүмкін,сондықтан препаратты жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге тағайындау ұсынылмайды. Ұрықтандырумен проблемалары бар немесе бедеулікке тексерілуден өтетін әйелдерде нимесулидті тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелер тарапынан бұзылулар
Анамнезінде артериялық гипертензия және/немесе ҚҚСП қолдану аясында организмде сұйықтықтың кешеуілдеуінде және ісінуде пайда болатын жеңіл/орташа ауырлық дәрежесіндегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге жағдайды тиісінше бақылау және дәрігердің кеңесі қажет.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану – әсіресе жоғары дозада және ұзақ қолданғанда артериялық тромбоз қаупінің елеусіз жоғарылауымен (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) байланысты болуы мүмкіндеген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Нимесулидті қолдану кезінде мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Препараттың көлік құралдын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Құрамында нимесулид бар препараттардың көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етуге қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұған қарамастан, препаратты қабылдағаннан кейін естімей қалу, бас айналу немесе ұйқышылдық сезімін сезінетін пациенттерге көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдерге қызмет көрсетуге болмайды.