Препаратты қолдану ұзақтығы ең аз, ауырсыну синдромын басу үшін қажетті ең аз тиімді дозада қолданғанда, қолайсыз жағымсыз әсерлерін барынша азайтуға болады.
Симптоматикасы жақсармаған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Препаратты келесі аурулар кезінде сақтықпен қолдану керек:
• артериялық гипертензия
• жүректің ишемиялық ауруы
• цереброваскулярлы аурулар
• жүректің ауыр жеткіліксіздігі
• дислипидемия/гиперлипидемия
• қант диабеті
• шеткері артериялар аурулары
• геморрагиялық диатез
• шылым шегу
• бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин)
• асқазан-ішек жолының (АІЖ) эрозиялық-ойық жаралы зақымдануының дамуы туралы анамнездік деректер, Helicobacter pylori инфекциясының бар болуы
• егде жас
• қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды ұзақ уақыт бойы қолдану
• алкогольді жиі тұтыну, ауыр соматикалық аурулар, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің басқа да жүйелік аурулары
• келесі препараттармен қатар жүретін ем: антикоагулянттар (мысалы, варфарин), антиагреганттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел), пероральді глюкокортикостероидтар (мысалы, преднизолон), серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (мысалы, циталопрам, флуоксетин, пароксетин, сертралин)
Арнайы сақтандырулар
Препаратты қолдану ұзақтығы ең аз, ауырсыну синдромын басу үшін қажетті ең аз тиімді дозада қолданғанда қолайсыз жағымсыз әсерлерін барынша азайтуға болады.
Нимесулидті қолдану кезінде пациент ҚҚСП (оның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштері) қоса, басқа да анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы тиіс.
Бауырға әсері
Бауыр тарапынан ауыр реакциялардың өте сирек жағдайлары, оның ішінде құрамында нимесулид бар препараттарды қолданумен байланысты өлім жағдайлары туралы деректер бар. Бауырдың зақымдану симптомдарына ұқсас симптомдар (анорексия, терінің қышынуы, терінің сарғаюы, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, қажу, несептің күңгірттенуі) пайда болған кезде нимесулидті қолдануды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Мұндай пациенттерде нимесулидті қайта қолдануға болмайды. Препаратты қолданғаннан кейін 2 аптадан кейін бауыр функциясының көрсеткіштерін («трансаминаза») бақылау қажет. Көп жағдайда қайтымды сипатқа ие болатын, препаратты қысқа мерзімге қолданғанда бауыр тарапынан реакциялар туралы хабарланады.
Иммундық жүйе ағзаларының тарапынан реакциялар
Нимесулидті қолдану үдерісінде «суық тию» немесе жедел респираторлық-вирустық инфекция белгілері пайда болған кезде препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс.
Асқазан-ішек жолына әсері
Барлық ҚҚСП қатысты, асқазан-ішек жолынан қан кету, ойық жара және тесілу туралы хабарланды, олар емдеудің кез келген сәтінде орын алуы және пациенттің өміріне қауіп төндіруі – ізашар-симптомдармен немесе оларсыз, анамнезде асқазан-ішек жолы тарапынан ауыр бұзылулардың болуымен немесе ондайларсыз жүруі мүмкін.
Нимесулидті анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл аурулардың өршуі орын алуы мүмкін. Анамнезінде АІЖ ойық жарасы (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде, сондай-ақ егде пациенттерде асқазан-ішектен қан кетудің, асқазанның немесе он екі елі ішектің пептидтік ойық жарасының/тесілуінің пайда болу қаупі ҚҚСП дозасын ұлғайтқанда артады, сондықтан емдеуді ең аз ықтимал дозадан бастау керек. Осындай пациенттерге, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын немесе асқазан-ішек жолы тарапынан асқынулардың туындау қаупін арттыратын басқа да дәрілерді бір мезгілде қолдануды талап ететін пациенттерге қосымша гастропротекторларды (мизопростол немесе протонды помпа блокаторлары) қабылдауды тағайындау ұсынылады. Анамнезінде АІЖ аурулары бар пациенттер, әсіресе егде пациенттер дәрігерге АІЖ тарапынан жаңадан пайда болған симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішектен қан кету мүмкіндігін көрсететін симптомдар туралы) хабарлауы тиіс.
Нимесулидті ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыратын препараттарды (пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар, мысалы варфарин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе антитромбоцитарлық агенттер, мысалы ацетилсалицил қышқылы) қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Нимесулид қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе АІЖ ойық жаралы зақымдануы туындаған жағдайда препаратпен емдеуді дереу тоқтату қажет.
Көру мүшелеріне әсері
Басқа ҚҚСП қабылдайтын пациенттерде көрудің бұзылуы туралы хабарламаларды ескере отырып, кез келген көрудің бұзылуы пайда болған кезде нимесулидті қолдану дереу тоқтатылуы және офтальмологиялық тексеру жүргізілуі тиіс.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелерге әсері
Препарат тіндерде сұйықтықтың іркілуіне әкелуі мүмкін, сондықтан артериялық гипертензиясы бар, бүйрек және/немесе жүрек жеткіліксіздігіне, жүректің ишемиялық ауруына, шеткері артериялар ауруына және/немесе цереброваскулярлық ауруларға шалдыққан, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі факторлары бар (мысалы: гиперлипидемиясы, қант диабеті бар, шылым шегетін) пациенттерге нимесулидті аса сақтықпен қолдану керек. Хал-ахуалы нашарлаған жағдайда нимесулидпен емдеуді тоқтату қажет.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер ҚҚСП, әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт қолданған кезде миокард инфарктісі немесе инсульт туындау қаупінің елеусіз артуына алып келуі мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Нимесулидті қолдану кезінде мұндай асқынулардың туындау қаупін жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз.
Қан жүйесіне әсері
Нимесулид тромбоциттердің қасиеттерін өзгерте алады, сондықтан препаратты геморрагиялық диатезі бар адамдарда қолданғанда сақтық таныту керек, алайда препарат жүрек-қантамыр аурулары кезінде ацетилсалицил қышқылының профилактикалық әсерін алмастырмайды.
Тері жабындысы мен тері асты тіндерінің тарапынан реакциялар
Сирек жағдайларда ҚҚСП, оның ішінде нимесулидті қабылдау кезінде, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларында тері реакцияларының (эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз сияқты) пайда болуы туралы деректер бар. Тері бөртпесінің алғашқы көріністерінде, шырышты қабықтардың зақымдануында немесе аллергиялық реакцияның басқа белгілерінде нимесулидті қабылдауды дереу тоқтату керек.
Нимесулидті қолдану кезінде орныққан дәрілік бөртпелер (ОДБ) жағдайлары туралы хабарланды. Нимесулидті анамнезінде нимесулидпен байланысты ОДБ бар пациенттерге қайта тағайындамаған жөн.
Фертильділікке әсері
Препаратты қолдану әйелдердің фертильділігіне теріс әсер етуі мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Бала көтеруде қиындықтарды бастан өткеріп жүрген немесе бедеулікке қатысты тексеруден өтіп жүрген әйелдерде, нимесулидпен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Қосымша заттар
Нимесулид AVVA құрамында сахароза бар. Бұл препарат сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер ҚҚСП-ға туындайтын жағымсыз реакцияларға, оның ішінде пациенттің өміріне қауіп төндіретін асқазан-ішек қан кетулерінің және тесілулердің пайда болу қаупіне, бүйрек, бауыр және жүрек функцияларының төмендеуіне әсіресе бейім болып келеді. Нимесулидті қабылдаған кезде пациенттердің осы санаты үшін тиісті клиникалық бақылау қажет.
Педиатрияда қолдану
Нимесулид AVVA дәрілік препаратын 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нимесулидтің көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелмеген, алайда жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакцияларды (бас айналу, ұйқышылдық) ескере отырып, автокөлік құралдары мен басқа да механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.