Нимесулидті қолдану кезінде пациент ҚҚСП (оның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштері) қоса алғанда, басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы тиіс. Препаратты ауыру синдромын басу үшін қажетті ең аз тиімді дозада және ең аз қолдану ұзақтығымен қолдану арқылы жағымсыз жанама әсерлерді барынша азайтуға болады. Егер ешқандай артықшылық байқалмаса, емдеуді тоқтатыңыз.
Бауыр функциясы бұзылған науқастарда қолданылуы
Бауыр тарапынан өте сирек кездесетін ауыр реакциялар, оның ішінде құрамында нимесулид бар препараттарды қолданғанда өліммен аяқталған жағдайлар туралы деректер бар. Бауырдың зақымдану белгілеріне (анорексия, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, шаршағыштық, несеп қараюы) немесе бауыр сынамаларының аномальді нәтижелеріне ұқсас симптомдар пайда болған кезде препаратты тоқтату керек. Мұндай пациенттерде нимесулидті қайталап қолдануға болмайды. Көп жағдайда препаратты қысқа уақыт қолданғанда қайтымды сипаты бар бауыр тарапынан реакциялар туралы хабарланады.
НИМИД® қолданатын науқастарда дене температурасы жоғарылаған және тұмауға ұқсас симптомдар пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Асқазан-ішек аурулары бар пациенттерде қолдану
Барлық ҚҚСД қатысты асқазан-ішек жолындағы қан кету, ойық жара және тесілу туралы хабарланды, олар емдеудің кез келген сәтінде – хабаршы симптомдармен немесе оларсыз, анамнезде асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі бұзылулардың болуымен немесе олардың болмауымен орын алуы және пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Нимесулидті анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар (ойық жаралы колит, Крон ауруы) пациенттерде сақтықпен қолдану керек, себебі бұл аурулардың асқынуы мүмкін. Асқазан-ішек қан кетуінің, асқазанның немесе он екі елі ішектің пептидтік ойық жарасының/ перфорациясының пайда болу қаупі анамнезінде АІЖ (ойық жаралы колит, Крон ауруы) ойық жаралы зақымдануы бар пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде ҚҚСП дозасын арттырған сайын жоғарылайды, сондықтан емдеуді мүмкін болатын ең аз дозадан бастаған жөн. Мұндай пациенттерге, сондай-ақ АІЖ тарапынан асқынулардың туындау қаупін арттыратын ацетилсалицил қышқылының төменгі дозаларын немесе басқа да дәрілерді бір мезгілде қолдану талап етілетін пациенттерге гастропротекторларды (мизопростол немесе протонды помпа блокаторлары) қабылдауды қосымша тағайындау ұсынылады. Анамнезінде АІЖ аурулары бар пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттер АІЖ тарапынан жаңадан пайда болған симптомдары туралы дәрігерге хабарлауы тиіс (әсіресе асқазан-ішектен қан кету мүмкіндігін айғақтайтын симптомдар туралы). Нимесулидті ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыратын препараттарды (пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар, мысалы варфарин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе антитромбоцитарлық агенттер, мысалы, ацетилсалицил қышқылы) қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Нимесулид қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе АІЖ ойық жарамен зақымдануы туындаған жағдайда препаратпен емдеуді дереу тоқтату қажет.
Егде жастағы пациенттер әсіресе ҚҚСП-ға жағымсыз реакцияларға бейім, соның ішінде, пациенттің өміріне қауіп төндіретін асқазан-ішекке қан кету және перфорация қаупі бар. Нимесулидті қабылдау кезінде пациенттердің осы санаты үшін тиісті клиникалық бақылау қажет.
Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде қолдану
Препарат тіндерде сұйықтықтың кідіруін тудыруы мүмкін, сондықтан артериялық гипертензиясы, бүйрек және/немесе жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және / немесе цереброваскулярлық аурулары бар, жүрек-қантамыр ауруларының (мысалы: гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегетіндерде) даму қаупі факторлары бар пациенттер нимесулидті аса сақтықпен қолданғаны жөн. Жағдайы нашарлаған жағдайда нимесулидпен емдеуді тоқтату қажет.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық мәліметтер ҚҚСП, әсіресе жоғары дозада және ұзақ уақыт қолданғанда, миокард инфарктісінің немесе инсульттің пайда болу қауіптері шамалы ұлғаюына әкеледі деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Нимесулидті қолдану кезінде мұндай оқиғалардың пайда болу қаупін болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Нимесулид тромбоциттер функциясына әсер етуі мүмкін болғандықтан, оны геморрагиялық диатезі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Алайда, препарат жүрек-қантамыр ауруларын емдеу кезінде ацетилсалицил қышқылын алмастырмайды.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда қолданылуы
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі – 30 мл/мин аз) препаратты сақтықпен қолданған жөн, өйткені мұндай пациенттерде нимесулидтің жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды. Бұл жағдайда емдеуді тоқтата тұру керек.
Тері реакциялары
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға күрделі тері реакцияларының өте сирек жағдайларының болғаны жөнінде деректер бар, олардың кейбіреулерінің өлімге соқтыратын қаупі болуы мүмкін. Соның ішінде эксфолиативті дерматит, Стивенс– Джонсон синдромы, және уытты эпидермалық некролиз. Пациенттерде, егер бұрын тағайындалған емдеу курсында реакцияның басталуы көп жағдайларда емдеудің бірінші айы ішінде пайда болса, мұндай реакциялардың өте жоғары қаупі туындайды. НИМИД® препаратын қабылдауды тері бөртпелерінің, шырышты қабық зақымдарының алғашқы белгілері және аллергиялық реакциялардың басқа да белгілері пайда болғанда тоқтатқан жөн.
Нимесулидті қолданған кезде тұрақты дәрілік бөртпе (ТДБ) жағдайлары туралы хабарланды. Нимесулидті анамнезінде нимесулидпен байланысты ТДБ бар пациенттерге қайталап тағайындамау керек («Жағымсыз реакциялар бөлімін қараңыз»).
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Құрамында нимесулид бар препараттардың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған қарамастан, препаратты қабылдағаннан кейін есеңгіреу сезімін, бас айналуын немесе ұйқышылдықты бастан кешетін пациенттер көлік құралдарын басқармауы немесе механизмдермен жұмыс істемеуі керек.