Арнайы сақтандырулар
Нимесулидті басқа ҚҚСД-мен, соның ішінде, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен біріктіріп қолданбау керек.
Нимулид ЛТ препаратымен емдеу кезінде пациент басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы тиіс.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар, жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған, шеткері артериялардың ауруы және/немесе цереброваскулярлық патологиясы бар пациенттерге нимесулидті, осы пациенттердің жай-күйін мұқият бағалағаннан кейін тағайындау керек. Жүрек-қантамыр ауруларына (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) қатысты қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастамас бұрын дәл осындай мұқият бағалау жүргізілуі тиіс.
Нимесулид тромбоциттер функцясына әсер етуге қабілетті болғандықтан, геморрагиялық диатезі бар пациенттерге оны сақтықпен тағайындау керек. Алайда, жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасына қатысты, Нимулид ЛТ препаратын қабылдау ацетилсалицил қышқылын қабылдауды алмастыра алмайды.
Ауру симптомдарын бақылауға алу үшін қажетті ең аз ұзақтықта ең аз тиімді дозаны пайдалана отырып, жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға болады Симптоматикасы жақсармаған жағдайда, препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Бауырға әсері
Бауыр тарапынан ауыр реакциялардың, соның ішінде, құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды қолданумен байланысты өлімнің сирек жағдайлары туралы хабарланған. Нимулид ЛТ препаратымен емдеу кезінде бауырдың зақымдануы симптомдарына ұқсас симптомдар (мысалы, анорексия, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, қажу, несептің қараюы) туындаған жағдайда, немесе бауыр функциясының зертханалық талдауларының деректері қалыпты мәндерден ауытқыған пациенттерге препаратпен емдеуді тоқтату қажет. Ондай пациенттерге нимесулидті қайта тағайындауға болмайды. Препараттың қысқа мерзімді әсерінен кейін бауыр зақымданғаны туралы хабарланған, ол көпшілік жағдайларда қайтымды.
Нимесулидті қабылдаған және тұмауға немесе суық тиюге ұқсас симптомдар дамыған пациенттер препаратпен емделуді тоқтатуы қажет.
Асқазан-ішек жолына әсері
Барлық ҚҚСД қатысты, асқазан-ішек жолынан қан кету, ойық жара және тесілу туралы хабарланды, олар емдеудің кез келген сәтінде орын алуы және пациенттің өміріне қауіп төндіруі – ізашар-симптомдармен немесе оларсыз, анамнезде асқазан-ішек жолы тарапынан ауыр бұзылулардың болуымен немесе ондайларсыз жүруі мүмкін.
Асқазан-ішек жолында қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің туындау қаупі ҚҚСД дозасын арттырған кезде, пациенттерде анамнезінде, әсіресе қан кетумен немесе тесілулермен асқынған ойық жара болғанда, сондай-ақ, егде жастағы пациенттерде жоғарылайды. Ондай пациенттерде емдеуді мүмкіндігінше ең аз дозадан бастау керек. Мұндай пациенттерге, сондай-ақ, төмен дозалардағы аспиринді немесе асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның пайда болу қаупін арттыратын басқа да препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге қатысты протектор-препараттармен, мысалы, мизопростолмен немесе протондық сорғы тежегіштерімен біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.
Анамнезінде асқазан-ішек жолдарының уытты сипаттағы патологиясы болған пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттер, асқазан-ішек жолдары тарапынан кез келген жағымсыз симптомдар туралы (әсіресе, асқазан-ішек жолынан қан кетулер туралы) хабарлауы тиіс. Бұл әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларында өте маңызды.
Асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жараның түзілуі/тесілуі емдеу аясында кез-келген уақытта – ізашар-симптомдар пайда болғанда да, оларсыз да, сондай-ақ, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан патологияның болуына немесе болмауына байланыссыз дамуы мүмкін. Асқазан-ішек жолында қан кету немесе ойық жара дамыған жағдайда, нимесулидпен емдеуді дереу тоқтату керек. Пептидтік ойық жараны, анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кетудің болуын, спецификалық емес ойық жаралы колитті және Крон ауруын қоса, асқазан-ішек жолының аурулары бар пациенттерге нимесулидті сақтықпен тағайындау керек.
Ойық жараның немесе қан кетудің туындау қаупін арттыруы мүмкін қатарлас препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтарды, варфарин сияқты антикоагулянттарды, серотонинді қайта қармайтын селективті тежегіштерді немесе аспирин сияқты антиагреганттарды қабылдап жүрген пациенттерге, препаратты қабылдаған кезде сақ болу қажеттілігі туралы ескертілуі тиіс.
Нимесулидті қабылдап жүрген пациенттерде қан кету немесе асқазан-ішек жолының ойық жарасы туындаған жағдайда, препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) болған пациенттерге ҚҚСД сақтықпен тағайындау керек, өйткені аталған аурулар өршуі мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД-ға жағымсыз – әсіресе, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіруі мүмкін, асқазан-ішек жолындағы қан кету және тесілу сияқты реакциялардың, сондай-ақ, бүйрек, бауыр және жүрек функциясы бұзылуларының жиілігі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан осы пациенттерге тиісінше клиникалық бақылауда болу ұсынылады.
Тері реакциялары
ҚҚСД қолдану аясында өте сирек жағдайда, терінің ауыр реакциялары байқалды, эксфолиативтік дерматитті, Стивенс–Джонсон синдромын, сондай-ақ уытты эпидермалық некролизді қоса, олардың кейбірі өлімге соқтырған. Көріп отырғанымыздай, аталған реакциялардың пайда болуының қаупіне пациенттер емнің басында көбірек ұшырайды, және көбінесе ондай реакциялар емнің алғашқы айы ішінде орын алады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдану белгілері немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да симптомдары пайда болған жағдайда, Нимулид ЛТ препаратын қабылдауды тоқтату керек.
Нимесулидті қолданғанда тіркелген дәрілік бөртпе (ТДБ) жағдайлары хабарланды.
Нимесулидті анамнезінде нимесулидпен байланысты ТДБ бар емделушілерге қайта тағайындауға болмайды («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).
Бүйрек функциясына әсері
Препаратты бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені Нимулид ЛТ препаратын қолдану бүйрек функциясының нашарлауына алып келуі мүмкін. Нашарлаған жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Фертильділікке әсері
Нимулид ЛТ препаратын қолдану әйелдерде бала туу функциясына теріс әсер етуі мүмкін – сондықтан, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге препаратты тағайындау ұсынылмайды. Бала көтеруде қиындықтары бар немесе бедеулікке тексерілуден өтіп жүрген әйелдерде Нимулид ЛТ препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелер тарапынан бұзылулар
Анамнезінде артериялық гипертензия және/немесе ҚҚСД қолдану аясында организмде сұйықтық іркілуі және ісінулер кезінде көрініс беретін жүректің жеңіл/орташа ауырлық дәрежесіндегі іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге жағдайды тиісінше бақылау және дәрігердің кеңесі қажет болады.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер, кейбір ҚҚСД қолдану – әсіресе жоғары дозада және ұзақ қолданғанда артериялық тромбоз (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің елеусіз жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Нимесулидті қолдану кезінде мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Қосымша заттар
Препараттың қосымша заттарының құрамында бар:
- маннитол бар, ол орташа босаңсытатын әсер тудыруы мүмкін;
- аспартам бар, ол фенилкетонуриясы бар адамдарға зиянын тигізуі мүмкін;
- натрий бар (натрий кроскармеллозасы мен натрий крахмалы гликолятының құрамында), тұзсыз диета ұстап жүрген пациенттер сақтық танытуы қажет.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Құрамында нимесулид бар препараттардың көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған қарамастан, препаратты қабылдағаннан кейін естімей қалуды, бас айналуын немесе ұйқышылдық сезімін бастан өткерген пациенттерге көлік құралдарын басқаруға немесе қауіптілігі зор механизмдермен қызмет көрсетуге болмайды.