Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
250000 Единица действия
Саудалық атауы
Нистатин
Әсер етуші зат
Нистатин
Мақсаты
Тері шырышты қабығының және ішкі ағзалар кандидозында
Өндіруші
Биосинтез
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – нистатин, 55,500 мг (250 000 ӘБ) немесе 111,000 мг (500 000 ӘБ);
қосымша заттар: лактоза моногидраты (сүтті қант), магний гидроксикарбонаты (негізгі магний карбонаты), гипромеллоза (оксипропилметилцеллюлоза), кальций стеараты моногидраты, картоп крахмалы;
қабықтың құрамында: лактоза моногидраты (сүтті қант), гипромеллоза (оксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (Е171), полисорбат-80 (твин-80), тальк, ванилин, хинолинді сары бояғыш (Е104), тропеолин О бояғышы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жеңіл ванилин иісімен, жасылдау реңді ақшыл-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Препарат ересектерге қолдануға арналған.
• тері шырышты қабығының және ішкі ағзалар кандидозында
• антибиотиктермен ұзақ емделу кезінде зеңдік асқынулардың профилактикасында, әсіресе жүдеген және әлсіз науқастарда
Диареяға қарсы, қабынуға қарсы/микробқа қарсы ішек препараттары. Микробқа қарсы ішек препараттары. Бактерияға қарсы препараттар. Нистатин.
АТХ коды A07AA02
Әсер ету механизмі
Антибиотик құрылымында зеңдердің цитоплазмалық жарғақшасының стеролды құрылымына жоғары троптылыққа ие қосарлы байланыстар бар, ол жасуша жарғақшасына препарат молекулаларының түзілуіне және олар арқылы электролиттердің бақыланбайтын тасымалдануы жүретін өзекшелердің көптеген мөлшерінің пайда болуына ықпал етеді, жасуша ішінде осмолярлықтың жоғарылауы оның қырылуына әкеледі. Төзімділік өте баяу дамиды.
Фармакодинамикалық әсері
Candida тектес ашытқы тәріздес зеңдерге қатысты жоғары белсенді, полиенді зеңге қарсы антибиотик.
Дозалау режимі
Ересектерге тәулігіне 111,0 мг (500 000 ӘБ) 3-4 рет немесе 55,5 мг (250 000 ӘБ) 6-8 рет тағайындалады. Жайылған кандидоздарда тәуліктік доза 6 000 000 ӘБ дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Ас қабылдауға байланыссыз ішке қолданады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы – 10-14 күн. Қажет болғанда бір аптадан соң курсты қайталауға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қатерінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
• әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты тұқым қуалайтын аурулар
• бауыр функциясының бұзылуы, панкреатит
• асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
• жүктілік
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- нистатинді жоғары дозада қолдану кейде диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруын туындатуы мүмкін
- бөртпе, оның ішінде есекжем, терінің қышынуы – сирек; Стивенс-Джонсон синдромы – өте сирек; аса жоғары сезімталдық және ангиодистрофия – жиілігі белгісіз
- қалтырау, гипертермия
- аллергиялық реакциялар
Жағымсыз әсерлері пайда болған жағдайда дозаны азайту немесе препаратты тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қазіргі кезде препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Нистатин асқазан-ішек жолынан өте аз мөлшерде сіңетін болғандықтан, препаратпен артық дозалану немесе оны кездейсоқ қолдану жүйелі уыттылығын туындатпайды. Нистатинді пероральді 5 000 000 ӘБ астам дозада күнделікті қабылдау жүрек айну және асқазан-ішек жолы бұзылыстарын туындатқан мәліметтер бар.
Мәліметтер жоқ.
Арнайы ескертулер
Жүйелік пероральді қолдануға арналған нистатин препараттары микоздарды емдеуге қолданылмауы тиіс. Қынаптың зеңдік ауруларында жыныстық жұптасымен бір мезгілде емделу ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою мен жылдам психомоторлық реакцияны талап ететін басқа да аса қауіпті қызмет түрлерімен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді.
Жүктілік кезінде препаратты қолдануға болмайды.
Нистатиннің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Нистатиннің асқазан-ішек жолынан өте аз мөлшерде сіңуіне қарамастан, препаратты лактация кезеңінде қабылдаған кезде сақ болу керек.
Нистатинді клотримазолмен бір мезгілде қолданған кезде соңғысының белсенділігі төмендейді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.