Қолдануға болмайтын біріктірілімдер
Рифампицин
Рифампицин Р450 3А4 цитохромының ферментативті жүйесін қатты индукциялайды. Рифампицинді және нитрендипинді бір мезгілде қолдану нитрендипиннің (сондай-ақ басқа кальций өзекшелерінің дигидропиридинді блокаторларының) едәуір азаюына, және оның гипертензияға қарсы әсерінің бәсеңдеуіне әкеледі. Бұл нитрендипин әсерінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін болғандықтан, нитрендипинді рифампицинмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Нитрендипинге әсер ететін дәрілік препараттар
CYP 3A4 жүйесін тежейтін дәрілік препараттар нитрендипиннің плазмалық концентрациясының артуына әкелуі мүмкін, мысалы:
• макролидті антибиотиктер (мысалы эритромицин)
• АИТВ протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир)
• азолдар тобының зеңге қарсы препараттары (мысалы, кетоконазол)
• антидепрессанттар, нефазодон және флуоксетин
• хинупристин/ дальфопристин
• вальпрой қышқылы
• циметидин және ранитидин.
Осы агенттермен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымды бақылау, және қажет болғанда Нитресан препаратының дозасын азайту туралы мәселені қарау керек.
Бір мезгілде қолданғанда Нитресан: қан плазмасындағы хинидин, теофиллин және дигоскин концентрациясын (екі есе дерлік) арттырады.
Нитрендипин бауырда және ішектің шырышты қабығында болатын Р450 3А4 цитохромының ферментативті жүйесінің көмегімен метаболизденеді. Бұл ферментативті жүйені бәсеңдететін немесе стимуляциялайтын дәрілер бауыр арқылы (first-pass әсер) алғаш өту әсерін немесе нитрендипиннің клиренсін модификациялауы мүмкін.
Нитрендипинді төменде берілген дәрілермен бір мезгілде қабылдаған жағдайда өзара әрекеттесу көлеміне де, сонымен қатар ұзақтығына да назар аударған жөн.
Макролидті антибиотиктер (эритромицин, тролеандомицин, кларитромицин, рокситромицин) P450 3A4 цитохром жүйесін басады, сондықтан нитрендипинді макролидті антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда нитрендипин концентрациясының жоғарылайтынын жоққа шығаруға болмайды.
АИТВ протеаза тежегіштері (ампренавир, атазанавир, ритонавир, индинавир, нелфинавир, саквинавир)
Осы типтің препараттары P450 3A4 цитохромының ферментативті жүйесінің мықты тежегіштері ретінде сипатталған. Сондықтан осы протеаза тежегіштерімен бірге қолданғанда плазмадағы нитрендипин концентрациясының ықтимал артуын жоққа шығаруға болмайды.
Азолдар тобының зеңге қарсы препараттары (кетоконазол, итраконазол, флуконазол)
Нитрендипин мен кетоконазол, итраконазол немесе флуконазол арасындағы өзара әрекеттесуді бағалау бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, олар Р450 3А4 цитохром жүйесін тежейтіні белгілі. Бұл дәрілер кальций өзекшелерінің басқа дигидропиридинді блокаторларымен өзара әрекеттесуі сипатталған. Осы дәрілерді пероральді қолданылатын нитрендипинмен бірге қолданғанда first-pass әсері нәтижесінде оның метаболизмінің төмендеуі нәтижесінде нитрендипин биожетімділігінің едәуір артуын жоққа шығаруға болмайды. Осы препараттарды нитрендипинмен біріктірген кезде пациент дәрігердің мұқият назарында болып, артериялық қысымы ұдайы бақылануы тиіс; қажет болған жағдайда, дәрігер нитрендипин дозасын төмендету жөнінде шешім қабылдауы мүмкін.
Нефазодон
Осы антидепрессант Р450 CYP3А4 цитохромының мықты тежегіші болып табылады. Сондықтан оның нефазодонмен бір мезгілде қабылдануымен байланысты, плазмадағы нитрендипин концентрациясы артуының потенциалды ықтималдылығын жоққа шығаруға болмайды.
Флуоксетин
Құрылымы ұқсас кальцийдің дигидропиридинді антагонисін – нимодипинді – қолдану тәжірибесі нимодипинді және флуоксетиннің антидепрессантын бір мезгілде қабылдау плазмадағы нимодипин концентрациясының шамамен 50%-ға артатындығын көрсетті.
Бір мезгілде плазмадағы флуоксетин деңгейін едәуір төмендеді, сонымен бірге бұл белсенді метаболит, норфлуоксетинге қатысты болған жоқ. Сондықтан флуоксетинді бір мезгілде қолданғанда нитрендипин концентрациясының клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды.
Вальпрой қышқылы
Вальпрой қышқылын қолдану ферментативті тежелу нәтижесінде плазмада нимодипиннің кальций өзекшелерінің құрылымы жағынан ұқсас блокаторлары концентрациясының артуына әкеледі, оны вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданғанда оның тиімділігінің артуына әкелетін нитрендипиннің плазмалық концентрациясының артуын жоққа шығаруға болмайды.
Квинупристин/дальфопристин
Квинупристин/дальфопристинді бір мезгілде қолдану нифедипиннің плазмалық концентрациясының артуына әкелуі мүмкін. Осы фактіні ескере отырып, осы препараттарды нитрендипинмен бір мезгілде қолданғанда пациенттің артериялық қысымын бақылау және қажет болғанда, нитрендипин дозасын дер кезінде азайту ұсынылады.
Циметидин, ранитидин
Циметидинді – сондай-ақ аз мөлшерде ранитидинді қабылдау – плазмадағы нитрендипин деңгейінің жоғарылауына, демек, нитрендипин әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.
P450 цитохромының CYP3A4 жүйесін индукциялайтын, мысалы, фенитоин, фенобарбитал және карбамазепин сияқты құрысуға қарсы препараттар
Нитрендипин мен құрысуға қарсы препараттар арасында потенциалды өзара әрекеттесулерді анықтауға бағытталған нақты зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, фенитоин, фенобарбитал және карбамазепин P450 цитохромының CYP3A4 ферментативті жүйесінің потенциалды индукторлары болып табылады, сондықтан нитрендипин биожетімділігінің клиникалық тұрғыдан маңызды азаюын туындатуы мүмкін. Бұл нитрендипин әсерінің азаюына әкелуі мүмкін. Егер фенитоинды, фенобарбиталды немесе карбамазепинді бір мезгілде қолдануға байланысты нитрендипиннің жоғары дозалары қабылданатын болса, құрысуға қарсы препарат қолдануды тоқтатқаннан кейін нитрендипиннің дозасын азайтқан дұрыс.
Қанның артериялық қысымын төмедететін дәрілік заттар
Бета-адреноблокаторлар және/немесе гипертензияға қарсы басқа заттар
Нитрендипиннің гипертензияға қарсы әсері бета-адреноблокаторлармен және/немесе бір мезгілде қабылданатын, мысалы, мына гипотензиялық дәрілермен күшеюі мүмкін:
• диуретиктер
• АӨФ тежегіштері (ангиотензин өзгертуші фермент)
• ангиотензин 1 рецепторларының антагонистері (АТ 1 қосалқы типі)
• басқа кальций антагонистері
• альфа-рецепторлардың блокаторлары
• фосфодиэстераза 5 (ФДЭ 5) тежегіштері
• альфа-метилдопа.
Миорелаксанттар
Панкуроний немесе векуроний сияқты миорелаксанттардың әсер ету ұзақтығы және қарқындылығы нитрендипин қабылдап жүрген пациенттерде жоғарылауы мүмкін.
Дигоксин
Дигоксинді бір мезгілде қабылдау дигоксиннің
плазмалық концентрациясының артуын туындатуы мүмкін. Сондықтан дигоксиннің артық дозалану симптомдарының пайда болуын бақылаған жөн. Қажет болған жағдайда, қан плазмасындағы дигоксин деңгейін ескеріп, гликозидтің дозасын азайту керек.
Тамақ өнімдермен және сусындармен өзара әрекеттесуі
Грейпфрут шырыны P450 3A4 цитохром жүйесін басады. Сондықтан препаратты және грейпфрут шырынын бір мезгілде қолдану нитрендипиннің плазмалық деңгейінің жоғарылауына әкеледі, бұл оның гипертензияға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін.
Құрылымы жағынан ұқсас кальций антагонисін нисолдипинмен қолдану тәжірибесі бұл әсердің грейпфрут шырынын соңғы қабылдаған сәттен бастап ең кемінде 3 күнге созылуы мүмкін екендігін көрсетті.
Сондықтан нитрендипинді қабылдау кезінде грейпфрутты/грейпфрут шырынын пайдалануға жол бермеген жөн.