Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
0.5 мг
Саудалық атауы
Нитроглицерин-Здоровье
Әсер етуші зат
Нитроглицерин
Мақсаты
Қысқа әсер ететін тамырды кеңейтетін дәрі ретінде
Өндіруші
«Фармацевтическая компания «Здоровье»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе крем және сұрғылт реңді ақ, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар таблеткалар. Таблеткалардың бетінде мәрмәрлікке жол беріледі.
Қысқа әсер ететін тамырды кеңейтетін дәрі ретінде
- стенокардия ұстамаларын басу
- физикалық жүктеме немесе эмоционалды ширығу алдындағы стенокардия ұстамаларының профилактикасы
- коронарлық артерияның өздігінен жедел түйілуін басу.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер
Жедел стенокардия ұстамаларын емдеу
Препараттың әдеттегі дозасы – тіл астына салатын 1 таблетка. Дозаны әсері болғанға дейін шамамен әр 5 минут сайын қайталауға болады. Егер 15 минут кезең ішінде 3-ші таблеткадан кейін ауыру басылмаса немесе ауырудың сипаты өзгерсе дәрігерге жүгіну қажет.
Препаратты қабылдау кезінде постуральді гипотензия қаупіне байланысты пациент отырған күйде болуы жақсырақ.
Стенокардия ұстамаларының профилактикасы
Стенокардия ұстамасы профилактикасы үшін стенокардия ұстамасын тудыруы мүмкін белсенді әрекеттермен айналысқанға дейін 1 нитроглицерин таблеткасы пайдаланылуы мүмкін.
Бала жастағы пациенттер
Балаларда нитроглицеринді қолдану туралы деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде нитраттарды қолдану кезінде гипотензия мен естен тану ерекше мәселе болуы мүмкін. Пациенттерге нитроглицерин қабылдау кезінде отыру ұсынылады.
Қолдану тәсілі сублингвальді
Ауыру басталғаннан кейін бірден бір таблетканы тіл астына салу және толық ерігенге дейін жұтпай, ауызда ұстау қажет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препараттың дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және басталған сызба бойынша препаратты қабылдау курсын жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 5 типті фосфодиэстераза (мысалы, силденафил, варденафил, тадалафил) тежегіштерімен бір мезгілде қолдану
- обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан туындаған стенокардия (ағын обструкциясының күшею қаупі)
- констриктивті перикардит
- ауыр аортальді/субаортальді стеноз немесе митральді стеноз
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен қатар жүретін кез-келген жағдай (мысалы, миға қан құйылу немесе бас жарақаты)
- айқын анемия
- жабық бұрышты глаукома
- лактоза жақпаушылығымен, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігімен (лактаза жеткіліксіздігімен) немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Қан және лимфа жүйесі тарапынан
Өте сирек:
- метгемоглобинемия
Психикалық бұзылулар
Өте сирек:
- мазасыздық
Жүйке жүйесі тарапынан
Өте жиі:
- бастың солқылдап ауыруы**
Жиі:
- бас айналуы**, вертиго**, ұйқышылдық
Жиі емес:
- естен тану
Өте сирек:
- церебральді ишемия
Көру мүшесі тарапынан
Жиілігі белгісіз:
- көз қысымының жоғарылауы
Жүрек тарапынан
Жиі:
- тахикардия
Сирек:
- стенокардия, брадикардия, цианоз симптомдарының күшеюі
Жиілігі белгісіз:
- гипоксемия, жүрек соғысы
Қантамырлар тарапынан
Жиі:
- ортостатикалық гипотензия*
Жиі емес:
- бет терісіне қан тебуі, қантамырлық коллапс
Асқазан-ішек жолы тарапынан
Жиі емес:
- жүрек айнуы, құсу
Өте сирек:
- қыжыл, галитоз
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан
Өте сирек:
- тыныс алудың бұзылуы
Тері және тері асты тіндері тарапынан
Сирек:
- терінің аллергиялық реакциялары
Өте сирек:
- эксфолиативті дерматит, дәрілік бөртпе
Жалпы бұзылулар мен енгізу орнындағы асқынулар
Жиі:
- астения
Жиі емес:
- қолдану орындағы күйдіру сезімі
- тілдегі күлдіреуіктер
Жиілігі белгісіз:
- әлсіздік
Зерттеулердің нәтижелеріне ықпал етуі
Жиі:
- артериялық қысымының төмендеуі*
* Әсіресе ем басталғаннан кейін және дозаны арттырғаннан кейін.
** Стенокардия ұстамасы басылғаннан кейін сақталып қалған бас ауыруын және бас айналуын нитроглицерин таблеткасын толық ерімей тұрып алып тастау арқылы барынша азайтуға болады. Нитроглицерин түрткі болған гипотензия церебральді ишемияны тудыруы мүмкін.
Нитроглицериннің үлкен дозасы құсу, цианоз, мазасыздық, метгемоглобинемия және тыныс алудың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Нитроглицеринмен емдеген кезде қан ағымының желдетілетін альвеолярлық бөліктерге салыстырмалы қайта бөлінуі салдарынан уақытша гипоксемия туындауы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Симптомдары: артериялық қысымның төмендеуі (90 мм с.б. төмен.) ортостатикалық дисрегуляциямен, бас ауыруы, қатты бас айналу, естен тану, жүрек соғысының жиілеуі, жүрек айнуы және құсу, ентігу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, дене қызуының жоғарылауы, қызу сезімі, қатты терлеу, қалтырау.
Жоғары дозаларда (20 мкг/кг-ден артық) қолданған кезде – коллапс, ерін, тырнақ немесе алақан цианозы, метгемоглобинемия, диспноэ және тахипноэ.
Емі: науқасты көлденеңінен жатқызу және аяқтарын сәл көтеру керек; ауыр жағдайларда плазма алмастырғыш, симпатомиметиктер, оттегі, метгемоглобинемияда – метиленді көкті тағайындайды.
Қатысты емес.
Арнайы ескертулер
Айрықша нұсқаулар
Нитроглицеринге, басқа органикалық нитраттар сияқты, жиі қолданған кезде оның емдік әсерін төмендетумен дағдылану (толеранттылық) дамуы мүмкін. Стенокардияның жедел ұстамасын тиімді басу үшін қажетті препараттың ең аз дозасын қолдану керек.
Препарат сублингвальді қолдануға арналған, таблетканы шайнауға болмайды, өйткені ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы қан ағымы жүйесіне әсер етуші заттың артық мөлшері түсуі мүмкін. Мүмкіндік болса, препаратты «отырған» күйде қабылдау керек, бас айналуы, естен тану ықтималдығы салдарынан құлап қалмау үшін «тұрған» күйге қайта оралған кезде сақ болу керек, бұл алкоголь тұтынған пациенттерде жиі байқалады.
Нитроглицеринді жүдеу науқастарға (немесе дене салмағы төмен науқастарға) және/немесе гипотензия аясында сақтықпен, қаупі мен пайдасын ескере отырып қолдану керек, өйткені ауыр гипотензия препараттың аз ғана дозаларынан дамуы мүмкін, әсіресе оны «тұрған» күйде қабылдаған кезде. Нитроглицериннен туындаған гипотензия парадоксальді брадикардиямен және стенокардия симптомдарының күшеюімен қатар жүруі мүмкін. Нитраттық ем гипертрофиялық кардиомиопатияға байланысты стенокардияны нашарлатуы мүмкін.
Өндірісте органикалық нитраттардың белгісіз (жоғары деп болжанатын) дозаларының әсеріне ұшыраған жұмысшыларда, толеранттылық сирек дамиды және физикалық тәуелділік дамуы мүмкін, нәтижесінде, нитраттардың әсерін уақытша тоқтатқан кезде бұл жұмысшыларда көкірек тұсының ауыруы, жедел миокард инфарктісінің дамуы, кенеттен өліп кету болуы мүмкін.
10-нан 12 сағатқа дейінгі аралықты қамтыған нитраттарсыз сызбаға баға беру кезінде, стенокардиясы бар пациенттердің аздаған санында ғана стенокардия жиілігінің артуы және аталған аралықтарда физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуі байқалды. Нитроглицеринді сублингвальді қолдану кезіндегі толеранттылық, негізінен оны күніне 10 сағаттан аз аралықтармен қабылдаған пациенттерде болуы мүмкін, бұл ұсынылмайды. Нитроглицериннің шектен тыс дозасы қатты бас ауыруын тудыруы мүмкін.
Егер көрудің айқын бұзылуы немесе ауыздың құрғауы байқалса, нитроглицерин қолдануды тоқтату керек.
Нитроглицеринді сублингвальді қолдану кезінде ауызда күйдіру немесе шаншу сезімін тудыруы мүмкін, бұл оның тиімділігін растау болып табылмайды.
Нитроглицеринді түпнұсқалық контейнерде сақтау керек, таблетканың тиімділігін жоғалтпау үшін, ол әр пайдаланудан кейін тығыздап жабылуы тиіс.
Емдеу кезінде моншаға, саунаға баруға, ыстық душқа түсуге болмайды.
Бас ауыруы көбінесе нитроглицерин емімен қатар жүреді. Бас ауыруы немесе бас сақинасы пайда болған кезде валидолды немесе ментол тамшысын сублингвальді қолдану арқылы жақсартуға болады. Көбінесе алғашқы дозалардың ғана жағымдылығы нашар болады, содан кейін жағымсыз әсерлері әлсірейді.
Препарат құрамында лактоза бар, мұны галактоза жақпаушылығының сирек кездесетін тұқым қуалайтын түрлері, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттер ескеруі керек.
Балалар
Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан оны 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоғары зейін қоюды талап ететін көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару кезінде нитроглицерин қабылдау бас ауыруын, бас айналуын тудыруы және жылдамдық реакцияларын төмендетуі мүмкін екенін ескеру керек.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде нитроглицеринді қолдануға болмайды.
Нитроглицеринді препараттармен – еритін гуанилатциклаза стимуляторларымен, сондай-ақ фосфодиэстераза тежегіштерімен (силденафил цитраты, тадалафил, варденафил гидрохлориді) бір мезгілде қолдану нитроглицериннің гипотензивті әсерінің потенциалдану мүмкіндігіне байланысты қарсы.
Әсері ұзартылған нитраттардың препараттарын қолдану аясында нитроглицериннің емдік әсерлері төмендеуі мүмкін.
Аспиринмен бір мезгілде қолданған кезде нитроглицериннің вазодилатациялық және гемодинамикалық әсерлері көтермеленеді, алкогольмен – нитроглицериннің гипотензивтік әсері көтермеленеді. Нитроглицерин вена ішіне енгізген кезде альтеплазаның тромболитикалық әсерін төмендетеді, сондықтан сублингвальді нитроглицеринді альтеплаза қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Нитроглицерин вена ішіне енгізген кезде гепариннің антикоагулянттық әсерін азайтып, белсенділендірілген ішінара тромбопластиндік уақытты (БІТУ) бақылау қажеттілігіне себеп болады, мұны гепаринмен антикоагулянттық ем аясында нитроглицеринді сублингвальді тағайындау кезінде ескеру керек.
Трициклдік антидепрессанттар (амитриптиллин, дезипрамин, доксепин және басқалар) ауыздың құрғауына және сілекей бөлінуінің азаюына ұшыратуы мүмкін, бұл сублингвальді нитроглицериннің еруін қиындатады, мұндай жағдайда сағызды пайдаланып сілекей бөлінуін арттыру пайдалы болуы мүмкін.
Нитроглицерин пероральді қолдану кезінде дигидроэрготаминнің биожетімділігін арттыра отырып оның метаболизмін айқын төмендетеді, сондықтан сублингвальді нитроглицерин қабылдайтын пациенттерге құрамында эрготамин бар препараттарды бір мезгілде тағайындамау керек, ал оларды тағайындау қажет болса эрготизм симптомдарының дамуын бақылау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.