Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: нитроксолин - 50.00 мг
қосымша заттар:
ядро: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, кальций стеараты, полисорбат-80 (твин-80),
қабық: сахароза, негізгі магний карбонаты, повидон К 17, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, титанның қостотығы, бояғыш тропеолин 0, бояғыш азорубин (қышқылды қызыл 2С фармацевтикалық үшін), ара балауызы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ашық қызыл-сары немесе қызыл-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында үш қабаты көрінеді: ішкі жағы – сарыдан сұрғылт-сары түске дейін, аздап жасылдау реңге жол беріледі; ортасы - ақ түсті және сырты - ашық-қызыл сарыдан қызыл сары түске дейін.
Нитроксолин бактериялық дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) синтезінің селективті тежелуі есебінен бактериостатикалық әсер береді. Цитоплазма жарғақшасын зақымдауға және уропатогенді штамдардың несеп шығару жолдарының эпителий жасушаларына адгезиясын төмендетуге қабілетті.
Нитроксолин грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге: Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Enterococcus faecalis, Corynebacterium diphtheriae, Bacillus subtilis, Escherichia coli, Neisseria gonorrhoeae, Proteus spp., Klebsiella spp., Salmonella spp., Enterobacter spp-ге әсер етеді.
Mycobacterium tuberculosis, Trichomonas vaginalis, зеңдердің кейбір түрлеріне (Candida spp., дерматофиттер, өңездер мен терең микоздардың кейбір қоздырғыштары) қатысты белсенді.
Дозалау режимі
Ересектерге әдетте 100-200 мг (2-4 таблетка) препараттан тәулігіне 4 р тағайындайды. Ересектерге арналған тәуліктік дозасы: 400 мг (тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан). Ауыр жағдайларда тәуліктік дозасын 600-800 мг-ға дейін арттыруға болады. Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік дозасы 800 мг.
Емдеу курсы 2-3 апта.
Несеп жолдарының созылмалы инфекцияларында нитроксолинді екі апталық үзіліспен 2 апта бойы қайталау курстарымен тағайындауға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты ас ішу кезінде немесе одан кейін ішке қабылдайды.
Таблеткаларды шайнамай, қажетті су мөлшерімен ішіп тұтастай жұтады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы мен препараттың дозаларын дәрігер әр пациент үшін жекелей белгілейді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
• әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• хинолиндік қатардың препараттарына аса жоғары сезімталдық
• бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
• бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (олиго-, анурия)
• неврит, полиневрит
• катаракта
• глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
• жүктілік және лактация кезеңі
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
• тұқым қуалайтын галактоза немесе фруктоза жақпаушылығы, лопарей лактаза тапшылығы, сахараза-изомальтаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Жиі:
• диспепсиялық реакциялар (жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы)
Сирек:
• терінің аллергиялық реакциялары
• сарысуда несеп қышқылы мен аминотрансферазалардың азаюы
Өте сирек:
• тахикардия
• аллергиялық тромбоцитопения
• несептің қанық сары түске боялуы
• атаксия, парестезиялар
• полинейропатия
• бас ауыруы
• бауыр функциясының бұзылулары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты ұзақ уақыт қолданғанда уытты шеткері невриттер, миелопатиялар, көру жүйкесінің зақымданулары дамуы мүмкін. Болуы мүмкін жинақталу құбылыстары жүрек айнуы, құсу, жалпы әлсіздікпен білінеді.
Емі: препаратты тоқтатқанда әдетте, барлық көріністері басылады.
Препарат жинақталуы мүмкін болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен (бүйректің функционалдық жағдайын бақылай отырып) қолдану керек.
Емдеу кезінде несеп запырангүл түстес сары түске боялуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Препараттың құрамында лактоза бар сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лопарей лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге нитроксолинді қабылдауға болмайды.
Препараттың құрамында сахароза бар сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге нитроксолинді қабылдауға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Нитроксолин 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ.
Нитрокослин жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Теріс нейротропты әсерлері қосылмауы үшін нитроксолинді нитрофурандармен бірге қолдануға болмайды.
Нитроксолинді тетрациклиндер тобының препараттарымен бір мезгілде қолданғанда әр препараттың әсерінің қосылуы байқалады, нистатин және леворинмен бірге – әсері күшейеді.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.