Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
50 мг
Саудалық атауы
Нитроксолин
Әсер етуші зат
Нитроксолин
Мақсаты
Граммоң және граммтеріс микроорганизмдермен және нитроксолинге сезімтал зеңдермен шартталған несеп шығару жолдарының жедел, созылмалы және қайталанатын инфекцияларында
Өндіруші
Технолог
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамында
белсенді зат - нитроксолин 50 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, ақ қант, повидон 25, титанның қостотығы (Е 171), желатин, ауыр магний карбонаты, полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), күн батар түстес сары FCF(Е 110).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Үстіңгі және астыңғы беткейлері дөңес, сары-қызғылт сарыдан қызғылт сары түске дейін, қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді таблеткалар. Лупамен қарағанда сындыру сызығында екі тұтас қабатпен қоршалған ядро көрінеді.
- граммоң және граммтеріс микроорганизмдермен және нитроксолинге сезімтал зеңдермен шартталған несеп шығару жолдарының жедел, созылмалы және қайталанатын инфекцияларында
- несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының профилактикасы
Әсер ету механизмі
Нитроксолин – синтетикалық уроантисептик, ол хелаттау механизмі бойынша әсер етеді. Ол металл иондарын микроорганизмдердің ферменттерінде байланыстыра отырып, фермент функциясын бөгейді, осылайша, бұл ферменттердің спецификалық субстратпен байланысуының алдын алады. Бұл бактериостатикалық, бактерицидтік және фунгицидтік әсерге әкеледі. Аздап тежелген концентрацияларда несепте нитроксолин бастапқы күйінде, сондай-ақ глюкуронидті формасында несеп-жыныс жолының эпителийінде уропатогенді Escherichia coli бактериялардың орнығуын бәсеңдетеді.
Нитроксолин граммоң, граммтеріс бактериялар мен зеңдердің кең ауқымына қатысты тиімді. Оның бактерияға қарсы және зеңге қарсы белсенділігінің ауқымы несеп шығару жолдарының инфекция жұқтыратын микроорганизмдердің көпшілігіне таралады.
Нитроксолинге сезімтал микроорганизмдерге Escherichia coli, Ureaplasma urealyticum, Mycoplasma hominis, Candida spp., Torulopsis spp. жатады.
Нитроксолинге ішінара сезімтал микроорганизмдерге Proteus spp., Staphylococcus spp. жатады.
Нитроксолинге сезімтал емес микроорганизмдерге Pseudomonas spp., Providencia spp., Klebsiella spp., Enterobacter spp., Serratia spp., анаэробты бактериялар жатады.
Сондай-ақ нитроксолинге стрептококктар, Corynebacterium diphteriae, Enterococcus spp., Salmonella spp., Shigella spp., Neisseria gonorrhoeae және Hemophillus influenzae сезімталдығы анықталған.
Дозалау режимі
Ересектер: ұсынылған тәуліктік доза – 4 қабылдауға бөлінген 400-800 мг. Орташа тәуліктік доза 400 мг (тамаққа дейін тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан) құрайды. Күрделі ауруларда тәуліктік дозаны 800 мг (тәулігіне 4 рет 4 таблеткадан) дейін ұлғайтуға болады. Ересектерге арналған ең жоғарғы доза 800 мг құрайды.
Емдеу ұзақтығын аурудың сипатына және ағымына байланысты дәрігер анықтайды
Созылмалы инфекцияларда препаратты екі апталық үзілістермен ұзақтығы 2 апта болатын қайталау курстарымен тағайындайды (емдеу курсы бірнеше айға созылуы мүмкін).
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 0,33 мл/мин астам) әдеттегі дозаны екі есе азайту керек.
Препаратты ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 0,33 мл/с кем) тағайындау ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылғанда әдеттегі дозаны екі есе азайту керек.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету керек емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін ішке қабылдайды.
Таблеткаларды тұтас, шайнамай, қажетті мөлшердегі сумен іше отырып, жұтады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы мен препараттың дозасын емдеуші дәрігер әр пациент үшін жеке белгілейді. Пациенттер препаратты бір ай бойы ұзақ уақыт қабылдай алады. Созылмалы аурулар жағдайында қысқа үзілістен кейін емдеу мезгіл-мезгіл жалғасуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Осы препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз емдеуші дәрігеріңізге кеңес алу үшін жүгініңіз.
- нитроксолинге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса
жоғары сезімталдық
- хинолиндерге аса жоғары сезімталдық
- катаракта
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 0,33 мл/мин төмен)
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- фруктоза жағымсыздығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы, лактаза, сахараза/изомальтаза жеткіліксіздігі
Сирек
- тері бөртпесі түріндегі аллергиялық реакциялар
- трансаминазалар белсенділігінің төмендеуі
- қан плазмасында несеп қышқылы мөлшерінің төмендеуі
Өте сирек
- бас ауыруы
- атаксия, парестезиялар
- полинейропатия
- аллергиялық тромбоцитопения
- тахикардия
- бауыр функциясының бұзылуы
Белгісіз
- несептің қаныққан сары түске боялуы
- диспепсиялық реакциялар (жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нитроксолинмен артық дозалану туралы ақпарат жоқ.
Препаратты нитроксолиннің жинақталу мүмкіндігіне байланысты бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындайды. Катарактасы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолданады. Гидроксихинолиннің галоген туындыларының жоғарғы дозаларымен қайталап және ұзақ емдеу кезінде шеткері невриттің және көру жүйкесінің невритінің даму жағдайлары сипатталған. Нитроксолин хинолиннің нитротындылары болып табылады және ол үшін мұндай жағымсыз құбылыстар байқалмады, алайда нитроксолинмен емдегенде сақтық таныту ұсынылады – мұндай пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Ем қосымша медициналық тексерусіз 4 аптадан аспауы тиіс.
Препарат құрамында лактоза моногидраты бар, сондықтан галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын формалары, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге препаратты қолданбаған жөн.
Препарат құрамында күн батар түстес сары бояғыш FCF (Е 110) бар, ол аллергиялық реакцияларға, оның ішінде демікпеге түрткі болуы мүмкін. Әсіресе бұл ацетилсалицил қышқылына жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қатысты.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі реакция жылдамдығына жағымсыз ықпалы туралы деректер жоқ.
Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған, сондықтан нитроксолинді бұл кезеңдерде тағайындамаған жөн.
Нитроксолинді құрамында гидроксихинолиндер немесе олардың туындылары бар препараттармен бірге қолданбау керек.
Құрамында магний бар антацидтік дәрілермен бір уақытта қолданғанда, нитроксолиннің сіңіргіштігі баяулайды.
Нитроксолин налидикс қышқылының тиімділігін төмендетеді.
Тетрациклин тобының препараттарымен бірге қолданғанда әр препараттың әсерлерінің жинақталуы байқалады.
Нистатинмен және леворинмен қолданғанда әсердің күшеюі байқалады.
Жағымсыз нейротропты әсердің күшеюін болдырмау үшін нитроксолинді нитрофурандармен біріктірмеген жөн.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.