Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
100 мг
Саудалық атауы
Нифуроксазид
Әсер етуші зат
Нифуроксазид
Мақсаты
Инфекциялық генездегі жедел және созылмалы диарея
Өндіруші
ООО «Тернофарм»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - нифуроксазид 100 мг,
қосымша заттар:картопкрахмалы,повидон,сусыз
колоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты;
таблетканың қабығы:гипромеллоза, титанның қостотығы (Е
171),полиэтиленгликоль(макрогол), хинолинді сары (Е 104).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті қабықшамен қапталған таблеткалар
• инфекциялық генездегі жедел және созылмалы диарея
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Нифуроксазид дегидрогеназа белсенділігін басады және патогенді бактериялардағы ақуыздар синтезін бұзады. Орташа емдік дозаларда бактериостатикалық белсенділік көрсетеді, ал жоғарырақ дозаларда – бактерицидті әсер етеді. Әсері емдеудің алғашқы сағаттарынан-ақ көрінеді. Емдік дозаларда тоқ ішектегі сапрофитті бактериялық флораның тепе-теңдігін бұзбайды, патогенді микроорганизмдердің резистентті штамдарының дамуын және бактерияның микробқа қарсы басқа дәрілерге айқаспалы төзімділігін туындатпайды, бұл қажет болған жағдайда, жайылған инфекцияларда оны бактерияға қарсы жүйелі препараттармен бірге кешенді емде тағайындауға мүмкіндік береді. Вирустық генездегі ішек инфекцияларында бактериялық суперинфекцияның дамуының алдын алады. Препараттың тиімділігі ішек саңылауындағы рН-қа тәуелді емес.
Фармакодинамикалық әсерлері
Нифуроксазид – ішек антисептигі, нитрофуран туындысы; ішек инфекциясы қоздырғыштарының көпшілігіне қатысты белсенді (оның ішінде басқа микробқа қарсы дәрілерге тұрақты штамм-мутанттарға). Нифуроксазид Proteus vulgaris, Proteus mirabilis және Pseudomonas aeruginosa сияқты бактерия түрлеріне бактерияға қарсы әсер көрсетпейді.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Нифуроксазид таблеткалары препараты зиянды ішек флорасының көптеген өкілдерінің көбеюін тоқтатқаны және науқастардың клиникалық жағдайын жақсартуға ықпал етті, жағымсыз әсерлер мен патологиялық өзгерістер тудырмаған.
Нифуроксазид, таблеткалар препараты науқастарда жақсы көтерімді. Клиникалық зерттеу жүргізу кезінде жеке жақпаушылығы мен уытты әсерлері байқалмады. Зерттеу жүргізу кезеңінде негізгі топтағы пациенттерде емдеудің клиникалық маңызды жағымсыз әсерлері тіркелмеген.
Ішек саңылауында Staphylococcus тұқымдасынан грамоң бактериялардың кейбір түрлеріне және Enterobacteriaceae тұқымдасынан грамтеріс бактериялардың кейбір түрлеріне қатысты жергілікті бактерияға қарсы әсер етеді: Yersinia ѕрр., Escherichia ѕрр., Citobacter ЅР., Enterobacter ЅР., Klebsiella ѕрр., Salmonella ѕрр.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды
Дозалау режимі
Ересектерге 2 таблеткадан тәулігіне 4 рет
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты тамақтануға қарамастан, аз мөлшерде сумен іше отырып, ішке қабылдайды
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Әр 6 сағат сайын
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес беру үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы дәріні қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерден немесе фармацевтен сұраңыз.
• нифуроксазидкежәненитрофуранныңбасқатуындыларынанемесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
• глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның белгілі тапшылығы бар емделушілер (гемолитикалық анемияның даму қаупіне байланысты);
Сирек
• гранулоцитопения
• нифуроксазидке жоғары сезімталдықтың жеке реакциялары іштің ауыруымен, жүрек айнуымен, құсумен және диареяның өршуімен көрінеді. Қарқындылығы төмен мұндай симптомдар пайда болған жағдайда арнайы ем қолданудың немесе нифуроксазидті қолдануды тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені симптомдар тез жоғалады. Егер асқыну байқалса, нифуроксазидті қабылдауды тоқтату керек. Алдағы уақытта науқас нифуроксазид пен нитрофуранның басқа туындыларын қабылдаудан аулақ болуы қажет
• тері реакциясы бөртпе түрінде пайда болады. Егде жастағы адамда пустулездің бір жағдайы және нифуроксазидке байланыс аллергиясы болған кезде түйінді қышынудың бір жағдайы сипатталған
Өте сирек
• ентігу,
• аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары, оның ішінде ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық шок.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалықбақылаукомитеті«Дәрілікзаттармен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Артық дозалану симптомдары белгісіз. Артық дозаланған жағдайда асқазанды шаю және симптоматикалық емдеу ұсынылады.
• Нифуроксазидті 7 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Емдеу басталғаннан бастап 3 күннен астам уақытқа созылатын диарея жағдайында симптомдардың даму себебін анықтау мақсатында тереңдете жүргізілетін диагностика қажет. Антибиотикпен ем жүргізу қажеттілігі туындауы мүмкін.
• препарат септицемиямен асқынған ішек инфекцияларын емдеуге монотерапия ретінде тағайындалмайды. Ауыр инвазиялық диарея жағдайында антибиотик енгізу керек, өйткені нифуроксазид асқазан-ішек жолынан сіңбейді.
• аса жоғары сезімталдық реакциясы (ентігу, бөртпе, қышыну) пайда болған жағдайда нифуроксазид қабылдауды тоқтату керек
• емдеу кезінде белгілі бір диетаны ұстану керек: шырындарды, жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ащы және ас қорытуға ауыр тағамдарды пайдаланбау керек
• диареяның қарқындылығына байланысты қатар жүретін регидратациялық ем қажет (пероральді немесе вена ішіне)
Арнайы ескертулер
Жедел диареяны емдеу кезінде пациенттің жалпы жағдайына байланысты организмдегі сұйықтық тапшылығы тұрақты түрде пероральді немесе вена ішіне толтыру міндетті болып табылады.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нифуроксазид автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді
Сақтандыру шарасы ретінде Нифуроксазид препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Контрацепцияның тиімді әдістерін пайдаланбайтын бала туатын жастағы әйелдерде Нифуроксазид препаратын қабылдауға болмайды.
Нифуроксазидпен емдеу кезінде диареяның өршуі, құсу, іштің ауыруы, ыстықты сезіну, тері гиперемиясы, құлақтағы шуыл, тыныс алудың қиындауы, тахикардия, үрейлену сезімі түрінде білінетін дисульфирам тәрізді реакцияның дамуы мүмкін болғандықтан, алкогольді ішімдіктерді, сондай-ақ құрамына спирт кіретін препараттарды пайдалануға болмайды.
Дәрілік препаратты келесі дәрілік заттармен бірге қолдану дисульфирам тәрізді реакциялардың даму қаупіне әкелуі мүмкін:
- метронидазол
- сульфаниламидтер
- цефалоспориндер
- левомицетин
- нитрофурантоин
- гризеофульвин.
Нифуроксазидтің сіңірілу қасиеттері күшті болғандықтан, басқа пероральді дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаудан аулақ болған жөн.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.