Дозалау режимі
Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде тері ішіне, бұлшықет ішіне, вена ішіне баяу енгізіп қолданады.
Жергілікті анестезияда: препараттың дозасы концентрацияға, операцияның сипатына, енгізу тәсіліне, науқастың жай-күйі мен жасына байланысты.
Паранефральді блокада кезінде (А.В. Вишневский бойынша) ересектерге бүйрек маңы шеліне 50-80 мл 0,5% новокаин ерітіндісін енгізеді.
Циркуляторлық немесе паравертебральді блокада кезінде тері ішіне 510 мл енгізеді.
Вагосимпатикалық блокада кезінде 3040 мл енгізеді.
Инфильтрациялық анестезия үшін: 350-600 мг (70-120 мл) енгізеді. Мынадай жоғары дозалары белгіленген (ересектер үшін): операцияның басындағы алғашқы бір реттік доза – 0,75 г-ден аспайды (150 мл 0,5% новокаин ерітіндісі). Әрі қарай операцияның әрбір сағаты ішінде – 2 г-ден аспайтын (400 мл 0,5% новокаин ерітіндісі).
Жергілікті анестезия кезінде сіңуді азайту және әсер етуін ұзарту үшін қосымша прокаин ерітіндісінің 2510 мл 1 тамшыдан 0,1% эпинефрин гидрохлориді (адреналин гидрохлориді) ерітіндісін енгізеді.
Енгізу жолы және тәсілі
Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде тері ішіне, бұлшықет ішіне, вена ішіне баяу енгізіп қолданады.
Емдеу ұзақтығы
Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алғанда қажетті шаралар
Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Өткізіп алған дәрілік затты қабылдауды өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Осы дәрілік затқа қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу бойынша ұсынымдар
Препаратты әрқашан қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз.
ДП стандарттын қолданған кезде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдауға тиісті шаралар (қажет кезінде)
Барлық дәрілік препараттар сияқты препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар көбінде туындамайды.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес).
Жиі: бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, әлсіздік.
Жиі емес: жүректің айнуы.
Сирек: құсу, брадикардия, аритмия, терінің қышуы, тері бөртпелері, дерматит, терінің қабыршақтануы, гиперемия, басқа анафилаксиялық реакциялар (соның ішінде ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок), есекжем (теріде және шырышты қабықтарда).
Өте сирек: қимыл-қозғалыс мазасыздығы, есінен тану, құрысулар, тремор, көрудің және естудің нашарлауы, нистагм, ат құйрығы синдромы (аяқтың салдануы, парестезиялар), тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, моторлы және сезімталдық блогы, ауырудың жаңғыруы, тұрақты анестезия, еріктен тыс несеп бөлінуі, еріктен тыс дефекация, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, шеткері вазодилатация.
Стоматологияда: сезімталсыздық, ерін мен тілдің парестезиялары, тризм.
Белгісіз: коллапс, көкірек тұсының ауыруы, метгемоглобинемия, гипотермия, препаратты инъекциялау орнын құрамында ауыр металдар бар дезинфекциялаушы ерітінділермен өңдеген кезде ауырғыштық немесе ісіну түріндегі жергілікті реакциялардың даму қаупі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz