Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
0,5%
Саудалық атауы
Новокаин
Әсер етуші зат
Прокаин
Мақсаты
Жергілікті анестезия үшін (инфильтрациялық, өткізгіштік, перидуральді, эпидуральді, жұлын-милық - субарахноидальді, сүйекішілік)
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 5.0 мг 20.0 мг прокаин гидрохлориді
қосымша заттар: 0.1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған ерітінді.
• жергілікті анестезия үшін (инфильтрациялық, өткізгіштік, перидуральді, эпидуральді, жұлын-милық - субарахноидальді, сүйекішілік)
• блокада жасау үшін (вагосимпатикалық және паранефральді блокада, экзема, нейродермит, ишиалгия кезіндегі паравертебральді блокада)
Орташа жансыздандыратын белсенділігі және емдік әсерінің кең ауқымы бар жергілікті жансыздандыратын дәрі. Әлсіз негіз бола тұрып, Na+ каналдарын бөгейді, сезімтал жүйкелердің ұштарында импульстардың генерациясына және импульстардың жүйке талшықтарымен өткізілуіне кедергі келтіреді. Жүйке жасушаларының жарғақшаларында тыныштық потенциалына айқын ықпал етпей, әсер ету потенциалын өзгертеді. Тек ауыру ғана емес, басқа модальды импульстердің берілуін тежейді. Қысқа жансыздандыратын белсенділігі бар (инфильтрациялық анестезия ұзақтығы 0,5-1 сағат құрайды).
Сіңгенде және тікелей тамыр ішіне енгізілгенде шеткері холинергиялық рецепторлардың қозғыштығын төмендетеді, преганглионарлы ұштардан ацетилхолиннің түзілуін және босап шығуын азайтады (біршама ганглий бөгегіш әсері бар), тегіс бұлшықеттердің түйілуін жояды, миокардтың және ми қабығының моторлық аймақтарының қозғыштығын азайтады. Вена ішіне енгізгенде ауырсынуды басатын, гипотензивті және аритмияға қарсы әсер етеді (тиімді рефрактерлі кезеңді арттырады, қозғыштықты, автоматизмді және өткізгіштікті төмендетеді), үлкен дозаларда жүйке-бұлшықеттік өткізгіштікті бұзуы мүмкін. Ми діңінің ретикулалық формациясының төменге бағытталған тежейтін әсерін және полисинапстық рефлекстерді жояды.
Дозалау режимі
Новокаин ерітіндісінің дозасы мен концентрациясы операциялық араласымның сипатына, қолдану тәсіліне, пациенттің жасына және жай-күйіне байланысты.
Жергілікті анестезия үшін
Инфильтрациялық анестезия үшін 0,25% - 0,5% ерітінді қолданылады (бір рет енгізу үшін 1 г асырмай); тіндердің тығыз жылжымалы инфильтрациялы әдісі бойынша анестезия жүргізу үшін (А.В. Вишневский бойынша) - 0,125% - 0,25% ерітінді; өткізгіштік, эпи – және перидуральді анестезия үшін – 2% 20-25 мл ерітінді; жұлын-ми анестезиясы үшін – 2% 5 мл ерітінді.
Инфильтрациялы анестезия үшін келесі ең жоғары дозалар тағайындалған (ересектер үшін): операция басында алғашқы бір реттік доза – 1,25 г асырмай (500 мл 0,25% ерітінді) немесе 0,75 г (150 мл 0,5% ерітінді). Әрі қарай операцияның әрбір сағаты бойы – 2,5 г асырмай (1000 мл 0,25% ерітінді) немесе 2 г (400 мл 0,5% ерітінді) (0,5 г дейін бір рет адреналинсіз және 1 г адреналинмен).
Сіңуінің азаюы және әсерінің ұзаруы үшін Новокаинді 0,1% адреналин ерітіндісімен бірге пайдаланады, оған асептикалық түрде Новокаиннің 2-5 мл ерітіндісіне 1 тамшы есебімен қосады.
Препаратты сүйекішілік анестезияда қолдануға болады - 0,25% 50-150 мл ерітіндісін.
Блокада жасау үшін
Экземаларда және нейродермитте паравертебральді блокадада сезімтал жүйке діңгегі проекциясының аймағына Новокаиннің 70-100 мл 0,25% ерітіндісінің тері ішіне инъекциясы ұсынылады.
Паранефральді блокадада (А.В. Вишневский бойынша) бүйрек маңындағы шеліне Новокаиннің 50-80 мл 0,5% ерітіндісін немесе 100-150 мл 0,25% ерітіндісін енгізеді.
Вагосимпатикалық блокадада - Новокаиннің 30-100 мл 0,5% ерітіндісі.
Новокаиннің ең жоғары дозалары (ересектер үшін): бұлшықет ішіне енгізгенде бір реттік дозасы - 0,1 г, парентеральді енгізгендегі тәуліктік дозасы 0,1 г құрайды.
Новокаинді төменірек концентрацияларда (0,125% немесе 0,25%) қолдану қажет болғанда препаратты қолданар алдында натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісімен қажет концентрацияға дейін сұйылтады.
Пациенттердің ерекше топтары
Новокаин 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға балмайды
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тері ішіне, бұлшықет ішіне қолданылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дәрілік затты қабылдауды өткізіп алғанда орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
• әсер етуші зат прокаинге (оның ішінде пара-аминобензой қышқылына және басқа жергілікті анестетик-эфирлерге) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• тіндердегі айқын фиброзды өзгерістер (жылжымалы инфильтрат әдісімен анестезия үшін)
• енгізілген орындағы іріңді үдеріс
• жедел қансыраумен жүретін шұғыл операциялар
• миастения
• артериялық гипотензия
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Сирек:
• аллергиялық реакциялар (есекжем, көмейдің ісінуі, бронх түйілуі, анафилаксиялық шок)
Белгісіз:
• парестезия, бас айналуы, ұйқышылдық
• ОЖЖ уыттылығының белгілері мен симптомдары (құрысулар, ауыздың айнала бұлшықетінің парестезиясы, тілдің ұюы, гиперакузия, тремор, құлақтағы шуыл, дизартрия, ОЖЖ бәсеңдеуі).
• брадикардия, тахикардия, жүректің тоқтауы, жүрек аритмиясы
• гипотензия, гипертензия
• тыныс алу бәсеңдеуі, ентігу (иммундық жүйенің бұзылыстарын қараңыз)
• жүрек айнуы, құсу
Жағымсыз әсерлердің алғашқы белгілері анықталғанда новокаинді енгізу дереу тоқтатылуы тиіс.
Симптомдары: жүрек айну, құсу, артериялық гипотония, жүрек қағу, тремор, құрысулар және тыныс алудың бәсеңдеуі, жүрек тоқтауы, қарыншалық аритмия, метгемоглобинемия.
Емі: артық дозалану жағдайларында препаратты енгізуді дереу тоқтату керек. Жергілікті анестезия жүргізгенде енгізетін орынға адреналинді айналдыра егіп шығұға болады. Вена ішіне енгізгенде күшейтілген диурезді жолға қою шараларын жүргізу керек. Симптоматикалық ем.
Оттегімен ингаляция қамтылатын жалпы реанимациялық емшаралар, қажет болғанда – өкпені жасанды желдетуді жүргізу. Егер құрысулар 15-20 секундтан астамға созылса, оларды тиопентал (100-150 мг) немесе диазепамды (5-20 мг) вена ішіне енгізу арқылы басу керек. Артериялық гипотензия және/немесе миокард депрессиясы кезінде вена ішіне эфедрин (15-30 мг) енгізеді, ауыр жағдайларда – уытсыздандыратын және симптоматикалық ем.
Аяқ немесе қолдың бұлшықеттеріне инъекциядан кейін уыттанудың дамуы жағдайында жалпы қан айналымына препараттың одан әрі түсуін азайту үшін жедел бұрау таңуға болады.
Әдетте новокаин жақсы жағымды, алайда ол да жағымсыз құбылыстар туындатуы мүмкін және оны енгізудің барлық әдісінде сақтықпен қолдану керек. Кейде симпатомиметиктерді тағайындауды қажет ететін айқын гипотензия байқалады.
Препарат жедел қансыраумен асқынған шұғыл операцияларда, бауыр қанайналымының төмендеуімен қатар жүретін жағдайларда, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің үдеуінде, қабыну ауруларында және инъекция орнының инфекциялануында, псевдохолинэстераза тапшылығында, бүйрек жеткіліксіздігінде, 65 жастан асқан егде пациенттерде, ауыр науқастарда, әлсіреген науқастарда сақтықпен қолданылады.
Аритмияға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерге бірқатар жағдайларда III класты аритмияға қарсы препараттарды (мысалы, амиодарон) қабылдайтын пациенттерде ЭКГ мониторингі қажет.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің ішінара немесе толық блокадасы бар пациенттерге, жергілікті анестетиктердің атриовентрикулярлық қосылыс арқылы қозудың өтуін бәсеңдету мүмкіндігіне байланысты.
Анестезияны жүргізу кезінде организмнің өмірлік маңызды функцияларын бақылауды жүргізу керек.
Анестетикті қолданар алдында препаратқа жекелей сезімталдыққа міндетті
түрде сынама жүргізу керек.
Жергілікті анестезия жүргізгенде белгілі бір жалпы дозаны қолданған кезде қолданылатын ерітінді неғұрлым концентрацияланған болса, Новокаиннің уыттылығы да соғұрлым жоғары болады.
Препарат шырышты қабықтан сіңбейді, сондықтан тері бетіне қолданған кезде беткейлік анестезияны қамтамасыз етпейді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақтық шараларын сақтау керек.
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты аса сақтықпен, абсолюттік көрсетілімдер бойынша қолдану керек.
Препаратты есірткілік анальгетиктермен бірге тағайындаған кезде аддитивті әсері байқалады, ол жұлындық және эпидуральді анестезия жүргізгенде пайдаланылады, бұл кезде тыныс алудың бәсеңдеуі күшейеді.
Вазоконстрикторлар (эпинефрин, метоксамин, фенилэфрин) Новокаиннің жергілікті жансыздандыратын әсерін ұзартады.
Препарат суксаметонийден туындаған, жүйке-бұлшықет блокадасын ұзартады, өйткені екі препарат та плазманың холинэстеразасымен гидролизденеді.
Новокаин миорелаксациялайтын дәрілік заттардың әсерін күшейтеді және ұзартады.
Новокаин дәрілік заттардың миастенияға қарсы әсерін төмендетеді, әсіресе оны жоғары дозаларда қолданғанда, бұл миастенияны емдеуді қосымша түзетуді талап етеді.
Холинэстераза тежеуіштері (миастенияға қарсы дәрілік заттар, циклофосфамид, демекарин, экотиофат, тиотепа) Новокаин метаболизмін төмендетеді, сондықтан оларды бірге тағайындау ұсынылмайды.
Антикоагулянттар (ардепарин, далтепарин, данапароид, эноксапарин, гепарин, варфарин) Новокаинмен бірге қолданған кезде қан кетудің даму қаупін жоғарылатады.
МАО тежеуіштерімен қолдану (фуразолидон, прокарбазин, селегилин) гипотензияның даму қаупін жоғарылатады, сондықтан оларды жергілікті анестетиктерге дейін 10 күн бұрын тоқтату керек.
Новокаинді гуанадрел, гуанетидин, мекамиламин, триметафанмен бірге қолданғанда артериялық қысымның күрт төмендеуінің және брадикардияның қаупі артады.
Новокаиннің метаболиті пара-аминобензой қышқылы сульфаниламидтердің бәсекелес антагонисі болып табылады және олардың микробтарға қарсы әсерін әлсіретуі мүмкін, сондықтан осы препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Құрамында ауыр металлдар бар дезинфекциялайтын ерітінділермен Новокаин инъекциясы орнын өңдеген кезде, ауырсыну және ісіну түрінде жергілікті реакцияның даму қаупі артады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.