Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
0.5 %
Саудалық атауы
Новокаин-DF
Әсер етуші зат
Прокаин
Мақсаты
Новокаин-DF ересектер мен 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 5.0 мг прокаин гидрохлориді
қосымша заттар – 0,1 М хлорсутек қышқылының ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау түсті сұйықтық
Новокаин-DF ересектер мен 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған
- инфильтрациялық (оның ішінде сүйекішілік) жансыздандыру
- вагосимпатикалық мойны блокадасы
- паранефральді блокада
- циркулярлық блокада
- паравертебральді блокада
Әсер ету механизмі
Орташа жансыздандыратын белсенділігімен және емдік әсерінің кең ауқымымен жергілікті жансыздандыратын дәрі. Әлсіз негіз бола тұрып, натрий өзекшелерін бөгейді, сезімтал жүйкелердің ұштарындағы импульстердің генерациясына және жүйке талшықтары бойымен импульстердің өтуіне кедергі жасайды. Тыныштық потенциалына айқын ықпал етпестен, жүйке жасушаларының жарғақшаларындағы әсер ету потенциалын өзгертеді. Аурудың ғана емес, басқа модальділіктегі импульстердің де өтуін бәсеңдетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Қан ағымына сіңу және тікелей тамырлы енгізу кезінде шеткері холинергиялық жүйелердің қозғыштығын төмендетеді, ганглий алды ұштарынан ацетилхолиннің түзілуін және босап шығуын азайтады (ганглийді бөгейтін біршама әсері бар), тегіс бұлшықеттердің түйілуін жояды, миокардтың және ми қабығының моторлық аймақтарының қозғыштығын азайтады.
Ми діңгегінің ретикулярлық формациясының төмендемелі тежегіштік ықпалдарын жояды. Полисинапстық рефлекстерді бәсеңдетеді. Үлкен дозаларда құрысуды тудыруы мүмкін.
Қысқа жансыздандыратын белсенділікке ие (инфильтрациялық жансыздандыру ұзақтығы 0,5-1 сағ. құрайды).
Дозалау режимі
Прокаин ерітіндісінің дозасы операциялық араласудың сипатына, қолдану әдісіне, пациенттің жағдайы мен жасына байланысты.
Ересектер
Инфильтрациялық жансыздандыру үшін 0,5% ерітінді пайдаланады.
Паранефральді блокада кезінде (А.В. Вишневский бойынша) бүйрек маңы шеліне 50-80 мл 0,5% ерітіндіні енгізеді.
Циркуляторлық немесе паравертебральді блокада кезінде тері ішіне 5‑10 мл 0,5% ерітінді енгізеді.
Вагосимпатикалық блокада кезінде 30‑40 мл 0,5% ерітінді енгізеді.
Ересектерге арналған инфильтрациялық жансыздандыруға арналған жоғары дозалар: операцияның басында алғашқы бір реттік доза – 0,5% ерітінді үшін 150 мл-ден аспайды. Әрі қарай операцияның әр сағаты ішінде 0,5% ерітінді үшін 400 мл-ден аспайды.
Жергілікті жансыздандыру кезінде сіңуді азайту және әсер етуін ұзарту үшін қосымша 2‑5‑10 мл прокаин ерітіндісіне 1 тамшыдан 0,1% эпинефрин гидрохлориді ерітіндісін енгізеді.
Балалар
12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек.
12 жастан асқан балаларға қолдануға арналған ең жоғары доза – 15 мг/кг.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Периневральді, тері ішіне.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа (оның ішінде пара-аминбензой қышқылына) және анестетиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балалар
- тіндердегі айқын фиброздық өзгерістер (жылжымалы инфильтрат әдісімен жансыздандыруға арналған)
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: метгемоглобинемия.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: терінің қышынуы, тері бөртпесі, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакциялар (соның ішінде анафилаксиялық шок), есекжем.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас ауруы, бас айналу, ұйқышылдық, тұрақты жансыздандыру, әлсіздік, қозғалыс мазасыздығы, күйгелектік, естен тану, құрысулар, тризм, тремор, көру мен естудің бұзылуы, нистагм, ат құйрығы синдромы (аяқтың салдануы, парестезиялар), тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, моторлы және сезімталдық блогы.
Жүрек тарапынан бұзылулар: брадикардия, аритмия, кеуде қуысының ауыруы, жүректегі қозудың таралу процесінің өзгеруі, олар ЭКГ-да Т жалпақ тісше немесе ST сегментінің қысқаруы түрінде көрінеді.
Қан тамырлары тарапынан бұзылулар: артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, коллапс, шеткері вазодилатация.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: тыныс алу жолдарының түйілуі немесе тыныс алудың қиындауы.
Асқазан-ішек бұзылулары: жүрек айнуы, құсу.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: еріктен тыс несеп шығару.
Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен реакциялар: гипотермия, діріл, еріннің, беттің, ауыздың, тілдің және тамақтың ісінуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жоғары дозаларда қолданғанда артық сіңуі болу мүмкін.
Симптомдары: Терінің және шырышты қабықтардың бозаруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, «суық» тер, жиі тыныс алу, тахикардия, артериялық қысымның коллапсқа жуық төмендеуі, апноэ, метгемоглобинемия. Орталық жүйке жүйесіне әсері үрейлену сезімімен, елестеумен, құрысулар, қозғалыстық қозу арқылы көрінеді. Жүрек-қантамыр немесе орталық жүйке жүйелерінің симптомдары пайда болған кезде қажет:
- прокаинді енгізуді дереу тоқтату керек;
- тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету;
- артериялық қысымның, тамыр соғудың және көздің қарашығының еніне мұқият бақылауды қамтамасыз ету.
Емдеу: Өкпенің талапқа сай желдетілуін қолдау, дезинтоксикациялық және симптоматикалық терапия, қажет болған жағдайда – жалпы реанимациялық шаралар (соның ішінде өкпені жасанды желдету). Егер құрысулар 15-20 секундтан астам уақытқа созылса, олар диазепамды (5-20 мг) вена ішіне енгізу арқылы басылады.
Жедел қансыраумен қатар жүретін шұғыл операциялар, бауыр қан ағымының төмендеуімен бірге жүретін жағдайлар (мысалы, созылмалы жеткіліксіздікте (ЖСЖ), бауыр ауруларында), жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің үдеуі (әдетте жүрек блокадасының және шоктың пайда болуы салдарынан), қабыну аурулары немесе инфекция жұқтырған инъекция орындары, жалғанхолинэстераза тапшылығы, бүйрек жеткіліксіздігі, балалар жасы (12-ден 18 жасқа дейін), егде жастағы пацтенттерде (65 жастан асқан), әлсіреген науқастар, жүктілік, босану кезеңі.
Арнайы ескертулер
Аумақтық және жергілікті жансыздандыру тәжірибелі мамандармен жүрек қызметіне мониторинг және реанимациялық іс-шаралар жүргізу үшін дереу пайдалануға дайын қажетті жабдықтар мен препараттар қолжетімді болған кезде тиісті жабдықталған орынжайда жүргізілуі тиіс. Жансыздандыруды жасайтын қызметкерлер білікті және жансыздандыруды орындау техникасына оқытылуы тиіс, жүйелік уытты реакцияларды және жағымсыз құбылыстар мен реакцияларды және басқа асқынуларды диагностикалау мен емдеумен таныс болуы тиіс.
Пациенттерге жүрек-қантамырлы, тыныс алу және орталық жүйке жүйелерінің функцияларын бақылау қажет. Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін жергілікті анестетикті енгізуден 10 күн бұрын тоқтату керек. Емдеу кезеңінде автокөлікті жүргізуден және ерекше зейін қоюды әрі психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерін басқарудан бас тарту қажет. Қолданар алдында препаратқа жеке сезімталдыққа міндетті түрде сынама жүргізу ұсынылады. Жергілікті жансыздандыруды жүргізгенде белгілі бір ғана жалпы дозаны қолданған кезде қолданылатын ерітінді неғұрлым концентрацияланған болса, новокаиннің уыттылығы да соғұрлым жоғары болатындығын ескеру қажет. Шырышты қабықтардан сіңірілмейді; тері бетіне қолданғанда беткейлік жансыздандыруды қамтамасыз етпейді.
Педиатрияда қолдану
12 жастан асқан балаларға қолдануға арналған ең жоғары доза – 15 мг/кг.
12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған дозалау режимі ересектерге арналған дозалау режимінен ерекшеленбейді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Новокаин-D препаратымен емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқару және ерекше зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор басқа әрекет түрлерімен шұғылдану кезде сақ болу керек.
Жүктілік кезінде және босану кезеңінде Новокаин-DF препаратын ана үшін пайдасы шарана немесе жаңа туған нәресте үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.
Бала емізу кезеңінде қолдану ана үшін күтілетін пайдасы бала үшін қауіптен асатын жағдайларда мүмкін болады.
Жалпы жансыздандыру дәрілердің, ұйықтататын және тыныштандыратын препараттардың, есірткілік анальгетиктердің және транквилизаторлардың орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсерін күшейтеді.
Антикоагулянттар (натрий ардепарині, натрий далтепарині, натрий данапароиды, натрий эноксапарині, натрий гепарині, варфарин) қан кетудің даму қаупін арттырады.
Жергілікті анестетиктің инъекцияланған орнын құрамында ауыр металдары бар дезинфекциялайтын ерітінділермен өңдеген кезде ауырсыну және ісіну түріндегі жергілікті реакцияның даму қаупі жоғарылайды.
Моноаминоксидаза тежегіштерімен (фуразолидон, прокарбазин, селегилин) бірге пайдалану гипотензияның даму қаупін арттырады.
Миорелаксанттардың әсерін күшейтеді және ұзартады.
Прокаинді есірткілік анальгетиктермен бірге тағайындау кезінде аддитивтік әсер байқалады, ол эпидуралдық жансыздандыру жүргізгенде пайдаланылады, бұл кезде тыныс алудың бәсеңдеуі күшейеді.
Вазоконстрикторлар (эпинефрин, метоксамин, фенилэфрин) жергілікті жансыздандыратын әсерін ұзартады.
Прокаин, әсіресе оны жоғары дозаларда пайдаланған кезде дәрілік заттардың миастенияға қарсы әсерін төмендетеді, бұл миастенияны емдеуді қосымша түзету жасауды талап етеді.
Холинэстераза тежегіштері (миастенияға қарсы дәрілік заттар, циклофосфамид, демекарий бромиді, экотиопат йодиді, тиотепа) прокаиннің метаболизмін төмендетеді.
Прокаиннің метаболиті (пара-аминбензой қышқылы) сульфаниламидтердің антагонисі болып табылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.