Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
100 ЕД/мл
Саудалық атауы
НовоРапид®
Әсер етуші зат
Инсулин аспарт
Мақсаты
НовоРапид® препараты - жылдам әсер ететін заманауи инсулин (инсулин аналогы)
Өндіруші
Ново Нордиск Фармасьютикал Индастриз
Ел
Соединённые Штаты Америки
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат - инсулин аспарт*, 100 ӘБ (600 нмоль=3.5 мг),
қосымша заттар: мырыш, глицерол, фенол, метакрезол, натрий гидрофосфаты дигидраты, натрий хлориді, 2М хлорсутек қышқылы (рН үшін), 2М натрий гидроксиді (рН үшін), инъекцияға арналған су.
Бір құтының ішінде 1000 ӘБ баламалы 10 мл ерітінді бар.
* Инсулин аспарт рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша Saccharomyces cerevisiae жасушаларын қолдану арқылы алынады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз сұйықтық, бұлыңғыр емес және бөгде бөлшектер жоқ. Сақтау кезінде өте жұқа тұну іздері түсуі мүмкін.
НовоРапид® препараты - жылдам әсер ететін заманауи инсулин (инсулин аналогы).
НовоРапид® препараты ересек адамдарда, жасөспірімдерде және 1 жастағы және одан асқан балаларда қант диабетін емдеуге пайдаланылады.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуіне әкелетін инсулин аспарттың әсері оның молекулалары бұлшықет пен май жасушаларының инсулин рецепторларымен байланысуы және бауырдан глюкозаның шығарылуын бір уақытта тежеу арқылы глюкозаның сіңуін жеңілдеткен кезде пайда болады.
НовоРапид тамақ ішкеннен кейінгі алғашқы төрт сағат ішінде анықталғандай, еритін адам инсулинімен салыстырғанда әсер етудің анағұрлым жылдам басталуын және бір мезгілде глюкозаның анағұрлым төмен концентрациясын қамтамасыз етеді. НовоРапид тері астына енгізілген еритін адам инсулинімен салыстырғанда қысқа әсер етеді.
Қандағы глюкоза концентрациясы (ммоль/л)Қандағы глюкоза концентрациясы (ммоль/л)Уақыты (сағ)Уақыты (сағ)
1-сурет 1-типті қант диабеті бар пациенттерде тікелей тамақ ішер алдында НовоРапидтің бір реттік дозасын (тұтас қисық) немесе тамақ ішуге дейін 30 минут бұрын еритін адам инсулинінің бір реттік дозасын (үзік-үзік қисық) енгізгеннен кейін қандағы глюкоза концентрациясының өзгеруі.
Тері астына енгізген кезде НовоРапид инъекциядан кейін 10-20 минут ішінде әрекет ете бастайды. Барынша әсері инъекциядан кейін 1-ден 3 сағатқа дейінгі уақыт аралығында байқалады. Әсер ету ұзақтығы - 3-тен 5 сағатқа дейін құрайды.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Клиникалық зерттеулер нәтижелері 1-типті қант диабеті бар пациенттерде тамақ ішкеннен және НовоРапид енгізгеннен кейін еритін адам инсулинін енгізген соң қандағы глюкоза деңгейі анағұрлым төмен екенін көрсетті (1-сурет). 1 типті қант диабеті бар 1070 және 884 пациенттердің қатысуымен екі ұзақ мерзімді ашық зерттеулерде НовоРапид адам инсулинімен салыстырғанда гликозилденген гемоглобин деңгейінің 0.12 пайызға [95% C.I. 0.03; 0.22] және 0.15 пайызға [95% C.I. 0.05; 0.26] төмендеуін туындатты; шектеулі клиникалық мәні бар айырмашылық.
1 типті қант диабеті бар пациенттердегі клиникалық зерттеулердің нәтижелері еритін адам инсулинімен салыстырғанда инсулин аспартты пайдалану кезінде түнгі гипогликемияның даму қаупінің төмендегенін көрсетеді. Күндізгі уақытта гипогликемия жағдайларының қаупі өзгеріссіз қалды.
Инсулин аспарттың молярлық негізі еритін адам инсулиніне тең.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер (≥65 жас)
2 типті қант диабеті бар егде жастағы пациенттерде (65-83 жас аралығындағы 19 пациент, орташа жасы 70 жас) инсулин аспарт пен еритін адам инсулинінің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын рандомизацияланған салыстырмалы жасырын айқаспалы зерттеу жүргізілді. Егде жастағы пациенттердегі инсулин аспарт пен адам инсулині арасындағы фармакодинамикалық қасиеттерінің салыстырмалы айырмашылықтары (GIRmax,AUCGIR, 0-120 min) дені сау субъектілердегі және қант диабеті бар жас пациенттердегі айырмашылықтарға ұқсас болды.
Балалар
Кішкентай балаларға (2-ден 6 жасқа дейінгі 20 пациент, 12 апта бойы зерттелген және төртеуі 4 жасқа толмаған) инсулин аспарт постпрандиальді енгізумен тамақ ішкенге дейін еритін адам инсулинін енгізудің салыстырмалы клиникалық зерттеуі жүргізілді және балалар (6-12 жас) мен жасөспірімдерде (13-17 жас) бір реттік дозаның фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы зерттелді. Балаларда инсулин аспартының фармакодинамикалық бейіні ересек пациенттердегіден өзгеше емес екені анықталды.
Болюстік инсулин ретінде пайдаланылатын НовоРапид препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі инсулин детемирмен немесе инсулин деглудекпен базальді инсулин ретінде 12 айға дейін жасөспірімдер мен 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда (n = 712) екі рандомизацияланған бақыланатын клиникалық зерттеулерде зерттелді. Зерттеулерге 1-5 жас аралығындағы 167 бала, 6-11 жас аралығындағы 260 бала және 12-17 жас аралығындағы 285 бала қатысты. HbA1c-де байқалған жақсарулар мен қауіпсіздік бейіндері барлық жас топтары арасында салыстырылды.
Жүктілік
1 типті қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерді инсулин аспартпен және адам инсулинімен (322 жүкті әйел (инсулин аспарт: 157; адам инсулині: 165)), емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігін салыстырған клиникалық зерттеу нәтижелері жүктілік кезінде немесе шарана мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына инсулин аспартының қандай да бір жағымсыз реакциялары көрсетілмеген.
Бұдан басқа, рандомизацияланған тәртіппен инсулин аспартпен немесе адам инсулинімен (инсулин аспарт: 14; адам инсулині: 13) ем алған гестациялық қант диабеті бар 27 әйелді қамтитын клиникалық зерттеу деректері ем арасында ұқсас қауіпсіздік бейінін көрсетті.
Дозалау режимі
Инсулин дозасына қатысты дәрігеріңізбен немесе медбикемен кеңесіңіз. Құтыдағы НовоРапид® препаратын дәрігеріңіз ұйғарғандай қолданғаныңызға көз жеткізіңіз.
Егер дәрігеріңіз Сізді басқа түрге немесе басқа сауда белгісінің инсулин препаратына өткізсе, дәрігердің дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Дәрігердің кеңесінсіз инсулинді өзіңіз өзгертпеуіңіз керек.
Гипогликемияның қайталануын болдырмау үшін инъекциядан кейін 10 минут ішінде көмірсуларға бай тағамдарды қабылдау ұсынылады.
НовоРапид® препаратын, әдетте, тамақ ішер алдында тікелей енгізу керек, қажет болған жағдайда НовоРапид® препаратын тамақ ішкеннен кейін көп ұзамай енгізуге болады.
Балалар
Препараттың әсері тез басталу қажет болған жағдайда, балаларда еритін адам инсулинінің орнына НовоРапид® препаратын қолданған жөн. Мысалы, балаға инъекция мен тамақтану арасындағы қажетті уақыт аралығын сақтау қиын болған кезде.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде немесе 65 жастан асқан пациенттерде қандағы қант деңгейін ұдайы бақылап отыру және инсулин аспарт дозасын дәрігермен жеке түзету керек.
Енгізу әдісі мен жолы
НовоРапид® препараты тері астына (теріасты) инсулиндік үздіксіз теріасты инфузияларға (ИҮТИ) арналған. НовоРапид® препараты, егер қажет болса, дәрігердің немесе басқа медициналық персоналдың қатаң бақылауымен тікелей венаға (вена ішіне) енгізілуі мүмкін. Ешқашан инсулинді бұлшықетке (бұлшықет ішіне) енгізбеңіз.
Терінің ісінуінің немесе домбығуының пайда болуын болдырмау үшін инъекция орнын әрдайым бір аумақ шегінде ауыстырып отыру керек. Өздігінен жасалатын инъекцияға ұсынылатын орындар: алдыңғы құрсақ жақтауы (іш); санның немесе иықтың алдыңғы беткейі. Егер инсулин алдыңғы құрсақ жақтауына (іш) аймағына енгізілсе, тезірек әсер етеді. Қандағы қант деңгейін үнемі өлшеп отыру керек.
Құтыдағы НовоРапид® препаратын қалай пайдалану керек
Егер Сіз инсулиннің тек бір түрін пайдалансаңыз
1. Шприцке енгізейін деп жатқан инсулиннің дозасына тең ауа мөлшерін алыңыз. Құтыға ауа енгізіңіз.
2. Құтыны және шприцті төңкеріп, шприцке инсулиннің дұрыс дозасын алыңыз. Инені құтыдан суырып алыңыз. Содан кейін шприцтен ауаны шығарыңыз және дозаның дұрыстығын тексеріңіз.
Егер инсулиннің екі түрін араластыру қажет болса
Дәрігер берген нұсқауларды орындаңыз.
Бұл инсулинді қалай енгізу керек
• Инсулинді тері астына енгізіңіз. Дәрігеріңіз ұсынған және инсулинді енгізу жүйесіне арналған нұсқауда сипатталған инъекция әдісін қолданыңыз.
• Инені терінің астында кем дегенде 6 секунд бойы ұстаңыз. Бұл инсулиннің барлық дозасының дұрыс қабылдануын қамтамасыз етеді.
Инфузиялық инсулинді помпаларда пайдалану үшін
Инсулинді помпалардағы НовоРапид® препаратын пайдаланған кезде инсулиннің кез келген басқа типімен ешқашан араластыруға болмайды.
Инсулинді помпалардағы НовоРапид® препаратын пайдалануға қатысты дәрігеріңіздің нұсқаулары мен ұсынымдарын орындаңыз.
Инсулинді помпалардағы НовоРапид® препаратын пайдаланар алдында пациенттер помпаны пайдалануға толық үйретілуі және қандағы қант деңгейі тым жоғары немесе тым төмен болған немесе инсулинді помпа сынған жағдайда қабылданатын кез келген іс-әрекеттер туралы хабардар етілуі тиіс.
• Инені енгізбес бұрын, инфузия орнына қандай да бір инфекцияның түсуін болдырмау үшін қолыңызды және ине енгізілетін жердің терісін сумен және сабынмен жуыңыз.
• Жаңа резервуарды толтырған кезде шприцте немесе түтікте үлкен ауа көпіршіктері бар-жоғын тексеріңіз.
• Инфузияға арналған жиынтықты (түтіктер мен инелерді) ауыстыруды инфузиялық жиынтыққа қоса берілетін пайдаланушыға арналған нұсқауға сәйкес жүргізу қажет.
Инсулин инфузиясының оңтайлы пайдасын қамтамасыз ету және инфузиялық инсулинді помпалардың мүмкін болатын ақауларын уақтылы анықтау үшін қандағы қант деңгейін үнемі бақылау ұсынылады.
Егер инсулинді помпа жұмыс істемесе не істеу керек
Инсулинді помпалар бұзылған жағдайда тері астына енгізу үшін әрдайым қосымша инсулин болуы керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Инсулин дозасын өткізіп алған кезде қандағы қант деңгейі айтарлықтай жоғарылауы мүмкін (гипергликемия).
Гипергликемия мынадай себептермен де болуы мүмкін:
- үнемі қажет болғаннан аз инсулин қабылдаңыз;
- егер инфекция немесе қызу бар болса;
- әдеттегіден көп тамақ ішкенде;
- дене белсенділігінің төмендеуінен де болуы мүмкін.
Әдетте гипергликемияның ізашар симптомдары біртіндеп дамиды. Симптомдарға несеп шығару жиілігінің жоғарылауы, шөлдеу сезімі, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық немесе шаршау сезімі, терінің қызаруы мен құрғауы, ауыз қуысының құрғауы, тыныс алу кезінде иіс (ацетон) жатады.
Бұл диабеттік кетоацидоз деп аталатын өте ауыр жағдайдың белгілері болуы мүмкін (қанда қышқылдың жиналуы, өйткені организм қанттың орнына майды ыдыратады). Егер бұл жағдай емделмесе, бұл диабеттік комаға және ақырында өлімге әкелуі мүмкін. Егер осындай белгілер пайда болса, қандағы қант деңгейін тексеру керек, егер мүмкін болса, несепте кетондардың бар болуын тексеріңіз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Инсулин қабылдауды тоқтату ауыр гипергликемия мен кетоацидозға әкелуі мүмкін. Не істеу керектігі туралы кеңес беретін дәрігермен кеңеспей, инсулин қабылдауды тоқтатпаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер препаратты қолдану жөнінде қандай да бір сұрағыңыз болса, дәрілік препаратты қолдану тәсіліне қатысты түсінік алу үшін медицина қызметкерінен кеңес алуыңызды сұраймыз.
• белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• гипогликемия (қандағы қанттың төмен деңгейі)
• 1 жасқа дейінгі балалар (пациенттердің осы тобында клиникалық зерттеулер жүргізілмеген).
Барлық дәрілік препараттар сияқты НовоРапид® препараты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, дегенмен реакциялар әрбір пациентте көрінбейді.
Өте жиі
- Қандағы қанттың төмен деңгейі (гипогликемия)
Жиі емес
- Аллергия белгілері.
Енгізу орнында реакциялар (жергілікті аллергиялық реакция) байқалуы мүмкін – ауырсыну, қызару, есекжем, қабыну, ісіну, қышыну. Бұл реакциялар әдетте инсулин қабылдаған бірнеше апта ішінде өтеді. Егер реакциялар өтпесе, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Дереу медициналық көмекке жүгініңіз:
- Егер аллергия белгілері дененің басқа бөліктеріне таралса
- Егер хал-жағдайыңыз кенеттен нашарлап, терлей бастасаңыз; өзіңізді нашар сезінсесіз (құсу); тыныс алу қиындаса; жүрек соғысы жиілесе; бас айналуды сезінсеңіз.
- Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Инсулинмен емдеуді бастағаннан кейін Сізде көру тарапынан бұзылу туындауы мүмкін, бірақ бұл бұзылу уақытша.
- Инъекция орнындағы терінің өзгеруі.
Бір аймақта инсулинді бірнеше рет енгізу май тінінің жұқаруына (липоатрофияға) немесе қалыңдауына (липогипертрофияға) әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, амилоид ақуызының жиналуынан туындаған теріасты тығызданулары пайда болуы мүмкін (даму жиілігі белгісіз тері амилоидозы). Теріасты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған жерлерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұндай тері өзгерістерінің дамуын болдырмау үшін препаратты әрбір енгізгенде инъекция орнын өзгерту керек.
- Буындардың ісінуі
Инсулинді қабылдағаннан кейін сұйықтықтың іркілуі тобық немесе басқа буындардың айналасындағы ісінудің себебі болуы мүмкін. Әдетте бұл тез өтеді.
- Диабеттік ретинопатия (көрмей қалуға әкелуі мүмкін диабетпен байланысты көз ауруы)
Егер диабеттік ретинопатия болса және қандағы қант деңгейі тез көтерілсе, бұл диабеттік ретинопатияның нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұл жайлы дәрігермен кеңесіңіз.
Сирек
- Нейропатиялық ауырсыну (жүйкенің зақымдалуымен байланысты ауырсыну)
Егер қандағы қант деңгейі тез көтерілсе, жүйкенің зақымдалуымен байланысты ауырсыну болуы мүмкін. Бұл жағдай жедел нейропатиялық ауырсыну деп аталады және ол әдетте уақытша.
Өте сирек
- НовоРапид® препаратына немесе қосымша заттардың біріне ауыр аллергиялық реакциялар (жүйелі аллергиялық реакция деп аталады).
Егер жағымсыз реакциялардың кем дегенде біреуі ауыр болса немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакцияларды байқасаңыз, дәрігеріңізге хабарлауыңызды сұраймыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер инсулинді тым көп алсаңыз, қандағы қант деңгейі тым төмен болады (гипогликемия).
Бұл сондай-ақ пайда болуы мүмкін:
- Қабылдау көлемі азайған кезде немесе тамақтануды өткізіп алғанда.
- Дене жүктемесі әдеттегіден асып кеткенде.
Гипогликемия ізашар симптомдары әдетте кенеттен байқалады және суық тер, терінің бозаруы, бас ауыру, жүректің жиі соғуы, әлсіздік, айқын аштық сезімі, көрудің уақытша бұзылуы, ұйқышылдық, ерекше шаршау немесе әлсіздік, күйгелектік немесе тремор, үрей сезімі, бағдардың бұзылуы, зейін қоюдың төмендеуі.
Егер гипогликемияның басталуын сезінсе, пациент қант немесе құрамында қант бар тағамдарды ішіп, қандағы қант деңгейін өлшей алады.
Қандағы қант деңгейі тым төмен болса, глюкоза таблеткаларын немесе басқа қантқа бай тағамдарды (кәмпиттер, печенье, жеміс шырыны) қабылдаңыз, содан кейін демалыңыз. Сондықтан, қант диабетімен ауыратын пациенттерге қант, кәмпиттер, печенье немесе құрамында қант бар сусындарды үнемі алып жүру ұсынылады.
Гипогликемия симптомдары өткен кезде немесе қант деңгейі тұрақтанған кезде инсулинмен емдеуді жалғастырыңыз.
Пациентке айналасындағы адамдарға қант диабетімен ауыратынын және оның қандай зардаптары болуы мүмкін, соның ішінде гипогликемия салдарынан естен тану қаупі бар екенін хабарлауы керек, егер ол есінен танып қалса, айналасындағы адамдар оны бір бүйіріңе аударып, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Олар тамақ немесе сусындар бермеуі керек. Бұл тұншығуға әкелуі мүмкін. Бұл күйден шығару үшін арнайы оқытылған адамға пациентке есін тез қалпына келтіруге көмектесетін глюкагон гормонының инъекциясын беруі керек. Пациентке глюкагон берілгеннен кейін глюкоза немесе тәтті дәмтатым қажет болады. Егер пациент глюкагонды енгізуге жауап бермесе, ауруханада емдеу қажет.
Глюкагон инъекциясынан кейін, кез келген жағдайда, гипогликемияның себебін анықтау және қайталану мен асқынулардың алдын алу үшін дәрігерге немесе шұғыл жәрдем бөліміне бару керек.
• Ұзақ мерзімді ауыр емделмеген гипогликемия мидың зақымдалуына (уақытша немесе қайтымсыз) және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
• Қысқа уақытқа естен тануды болдыратын гипогликемия кезінде, немесе гипогликемияның жиі эпизодтары болса, өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Мүмкін инсулин дозасын немесе енгізу режимін, тамақ қабылдау уақытын немесе физикалық жүктемелердің көлемін түзету қажет.
НовоРапид® қолданбаңыз:
• Егер инсулин аспартқа немесе НовоРапид® кез келген басқа қосымша затына аллергия (аса жоғары сезімталдық) болса (Қосымша мәліметтер бөлімін қараңыз).
• Егер гипогликемия (қандағы қант деңгейі төмен) дамып жатыр деп күдіктенсеңіз (Қолдану жөніндегі ұсыныстар бөлімін қараңыз)
• Егер қорғаныш қалпақшасы жоғалса немесе жоқ болса. Әр құтыда қорғаныш пластик қалпақша бар.
• Егер инсулинді сақтау шарттары көрсетілгенге сәйкес келмесе немесе препарат қатып қалса;
• Егер инсулин мөлдір және түссіз болмай қалса.
НовоРапид® препаратын қолданар алдында
• Инсулиннің дұрыс типі таңдалғанына көз жеткізу үшін қаптаманы тексеру қажет.
• Қорғаныш қалпақшасын алып тастаңыз.
• НовоРапид® препаратын қолдану кезіндегі ерекше сақтық шаралары
• Бүйрек, бауыр, бүйрекүсті бездері, гипофиз немесе қалқанша безінің ауруларында дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
• Физикалық белсенділіктің жоғарылауында немесе қалыпты тамақтанудың өзгеруінде бұл қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін
• Егер ауырып қалсаңыз, инсулин қабылдауды жалғастырыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.
• Бірнеше уақыт белдеулерінің қиысуымен саяхаттаған кезде, инсулинге деген қажеттілік немесе инсулинді қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін. Егер Сіз осындай саяхаттарды жоспарласаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Инъекция орнында терінің өзгеруі
Терінің қалыңдауына немесе жұқаруына, тері астындағы тығызданулардың пайда болуына және басқа да бұзылуларға әкелетін тері астындағы май тінінің өзгеруін болдырмау үшін инъекция орнын мезгіл-мезгіл өзгерту керек. Тері асты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған учаскелерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін («Енгізу әдісі мен жолы» бөлімін қараңыз). Инъекция орнында терінің кез-келген өзгерістері үшін дәрігермен кеңесіңіз. Егер қазіргі уақытта препарат осындай зақымдалған жерлерге енгізілсе, инъекция орнын ауыстырмас бұрын дәрігерге хабарлаңыз. Дәрігер қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауды және инсулин немесе басқа гипогликемиялық препараттың дозасын түзетуді тағайындай алады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер Сізде қандағы қант деңгейі төмен немесе жоғары болса, бұл пациенттердің зейін қою қабілетіне және ден қою жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс жасау кезінде қауіпті болуы мүмкін. Өзіңізге немесе басқаларға қауіп төндіруі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Келесі жағдайларда дәрігерден автокөлік пен механизмдерді басқару мүмкіндігі туралы кеңес алыңыз:
• гипогликемия оқиғалары жиі болса;
• гипогликемияны байқап білу қиын болса.
НовоРапид® препараты тез әрекет етеді. Осылайша, гипогликемия еритін адам инсулинін енгізгеннен кейін ертерек пайда болуы мүмкін.
Кез-келген дәрілік препараттарды қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Егер Сіз жүкті болсаңыз, жүктілікті жоспарласаңыз немесе емізетін болсаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз. НовоРапид® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болады. НовоРапид® препаратының дозасын жүктілік кезінде және босанғаннан кейін түзету қажет болуы мүмкін. Қант диабетін мұқият бақылау және әсіресе гипогликемияның алдын-алу балаңыздың денсаулығы үшін маңызды.
Кейбір дәрілік препараттар организмдегі глюкозаның метаболизміне әсер етеді және бұл инсулин дозасына әсер етуі мүмкін. Инсулинмен емдеуге әсер етуі мүмкін цанағұрлым кең таралған препараттар төменде келтірілген. Егер кез-келген дәрілік заттарды, соның ішінде рецептісіз сатып алған дәрілік заттарды қабылдап жатсаңыз немесе жақында қабылдасаңыз, өз дәрігеріңізге, медбикеге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Атап айтқанда, егер Сіз қандағы қант деңгейіне әсер ететін дәрілік заттарды қабылдасаңыз, өз емдеуші дәрігеріңіз хабарлаңыз.
Егер төмендегі дәрі-дәрмектердің кез-келгенін қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейі төмендеуі мүмкін (гипогликемия): пероральді қантты төмендететін препараттар, моноаминоксидаза тежегіштері (МАОт), бета-блокаторлар, ангиотензин-өзгертетін фермент тежегіштері (AӨФ), салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер.
Егер төменде келтірілген препараттың кез-келгенін қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейі жоғарылауы мүмкін (гипергликемия): пероральді контрацептивтер, тиазидтер, глюкокортикоидтар, тиреоидты гормондар, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол.
Октреотид пен ланреотид қандағы қант деңгейін жоғарылатуы да, төмендетуі де мүмкін.
Бета-блокаторлар гипогликемияны айырып тануға көмектесетін ізашар симптомдарды бүркемелеуі немесе жеңілдетуі мүмкін.
Тиазолидиндиондар (2 типті қант диабетін емдеу үшін қолданылатын пероральді диабетке қарсы препараттар класы)
2 типті қант диабетіне және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан немесе инсулинмен біріктірілімде тиазолидиндиондармен ем алған анамнезінде инсульті бар кейбір пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Егер Сізде жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалса, мысалы, әдеттен тыс тыныс алу немесе салмақтың тез өсуі немесе ісіну болса, дәрігерге мүмкіндігінше тезірек хабарлаңыз.
НовоРапид® препаратын тағаммен және сусындармен қолдану
Алкогольді ішкен кезде, инсулинге деген қажеттілік өзгеруі мүмкін, өйткені қандағы қант деңгейі жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Мұқият бақылау ұсынылады.
Сақтау мерзімі
30 ай
Алғашқы ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі: 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 °C-ден 8 С-ге дейінгі температурада сақтау керек (тоңазытқышта). Мұздатып қатыруға болмайды. Құтыны жарықтан қорғау үшін картон қорапшада сақтау керек.
Алғашқы ашқаннан кейін: 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Әр инъекциядан кейін инені тастау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.