Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для подкожного и внутривенного введения
Дозасы
100 ЕД/мл
Саудалық атауы
НовоРапид® ФлексПен®
Әсер етуші зат
Инсулин аспарт
Мақсаты
НовоРапид® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған
Өндіруші
Ново Нордиск Продукао Фармасьютика до Бразил Лтда
Ел
Бразилия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат – инсулин аспарт* 100 ӘБ (600 нмоль немесе 3,5 мг),
қосымша заттар: мырыш, глицерол, фенол, метакрезол, натрий гидрофосфатының дигидраты, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы (рН түзету үшін), натрий гидроксиді (рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.
* Инсулин аспарт рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша Saccharomyces cerevisiae жасушаларын қолдану арқылы алынады.
Бір алдын ала толтырылған шприц-қаламның ішінде 300 ӘБ баламалы 3 мл ерітінді бар.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз ерітінді. Сақтау кезінде өте жұқа шөгу іздері түсуі мүмкін.
НовоРапид® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуіне әкелетін инсулин аспарттың әсері оның молекулалары бұлшықет пен май жасушаларының инсулин рецепторларымен байланысуы және бауырдан глюкозаның шығарылуын бір уақытта тежеу арқылы глюкозаның сіңуін жеңілдеткен кезде пайда болады.
НовоРапид тамақ ішкеннен кейінгі алғашқы төрт сағат ішінде анықталғандай, еритін адам инсулинімен салыстырғанда әсер етудің анағұрлым жылдам басталуын және бір мезгілде глюкозаның анағұрлым төмен концентрациясын қамтамасыз етеді. НовоРапид тері астына енгізілген еритін адам инсулинімен салыстырғанда қысқа әсер етеді.
Уақыты (сағ.)Уақыты (сағ.)Қандағы глюкоза концентрациясы (ммоль/л)Қандағы глюкоза концентрациясы (ммоль/л)
1-сурет 1 типті қант диабеті бар пациенттерде тікелей тамақ ішер алдында НовоРапид препаратының бір реттік дозасын (тұтас қисық) немесе тамақ ішуге дейін 30 минут бұрын еритін адам инсулинінің бір реттік дозасын (үзік-үзік қисық) енгізгеннен кейін қандағы глюкоза концентрациясының өзгеруі.
Тері астына енгізген кезде НовоРапид инъекциядан кейін 10–20 минут ішінде әрекет ете бастайды. Барынша әсері инъекциядан кейін 1-ден 3 сағатқа дейінгі уақыт аралығында байқалады. Әсер ету ұзақтығы – 3-тен 5 сағатқа дейін құрайды.
Клиникалық тиімділігі
Клиникалық зерттеулер нәтижелері 1 типті қант диабеті бар пациенттерде тамақ ішкеннен және НовоРапид енгізгеннен кейін еритін адам инсулинін енгізген соң қандағы глюкоза деңгейі анағұрлым төмен екенін көрсетті (1-сурет). 1 типті қант диабетімен ауыратын 1070 және 884 пациенттердің қатысуымен екі ұзақ мерзімді ашық зерттеулерде адам инсулинімен салыстырғанда НовоРапид гликозилденген гемоглобин деңгейінің 0,12 пайыздық нүктелерге [95% C.I. 0,03; 0,22] және 0,15 пайыздық нүктелерге [95% C.I. 0,05; 0,26] төмендеуін туындатты; шектеулі клиникалық маңызы бар айырмашылық.
1 типті қант диабеті бар пациенттердегі клиникалық зерттеулердің нәтижелері еритін адам инсулинімен салыстырғанда инсулин аспартты пайдалану кезінде түнгі гипогликемияның даму қаупінің төмендегенін көрсетеді. Күндізгі уақытта гипогликемия жағдайларының қаупі өзгеріссіз қалды.
Инсулин аспарттың молярлық негізі еритін адам инсулиніне тең.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
2 типті қант диабеті бар егде жастағы пациенттерде (65–83 жас аралығындағы 19 пациент, орташа жасы 70 жас) инсулин аспарт пен еритін адам инсулинінің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын рандомизацияланған салыстырмалы жасырын айқаспалы зерттеу жүргізілді. Егде жастағы пациенттердегі инсулин аспарт пен адам инсулині арасындағы фармакодинамикалық қасиеттерінің салыстырмалы айырмашылықтары (GIRmax,AUCGIR, 0–120 min) дені сау субъектілердегі және қант диабеті бар жас пациенттердегі айырмашылықтарға ұқсас болды.
Балалар
Кішкентай балаларға (2-ден 6 жасқа дейінгі 20 пациент, 12 апта бойы зерттелген және төртеуі 4 жасқа толмаған) инсулин аспарт постпрандиальді енгізумен тамақ ішкенге дейін еритін адам инсулинін енгізудің салыстырмалы клиникалық зерттеуі жүргізілді және балалар (6–12 жас) мен жасөспірімдерде (13–17 жас) бір реттік дозаның фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы зерттелді. Балаларда инсулин аспартының фармакодинамикалық бейіні ересек пациенттердегіден өзгеше емес екені анықталды.
Болюстік инсулин ретінде пайдаланылатын НовоРапид препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі инсулин детемирмен немесе инсулин деглудекпен базальді инсулин ретінде 12 айға дейін жасөспірімдер мен 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда (n=712) екі рандомизацияланған бақыланатын клиникалық зерттеулерде зерттелді. Зерттеулерге 1–5 жас аралығындағы 167 бала, 6–11 жас аралығындағы 260 бала және 12–17 жас аралығындағы 285 бала қатысты. HbA1c-де байқалған жақсарулар мен қауіпсіздік бейіндері барлық жас топтары арасында салыстырылды.
Жүктілік
1 типті қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерді инсулин аспартпен және адам инсулинімен (322 жүкті әйел (инсулин аспарт: 157; адам инсулині: 165)), емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігін салыстырған клиникалық зерттеу нәтижелері жүктілік кезінде немесе шарана мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына инсулин аспартының қандай да бір жағымсыз реакциялары көрсетілмеген.
Бұдан басқа, рандомизацияланған тәртіппен инсулин аспартпен немесе адам инсулинімен (инсулин аспарт: 14; адам инсулині: 13) ем алған гестациялық қант диабеті бар 27 әйелді қамтитын клиникалық зерттеу деректері ем арасында ұқсас қауіпсіздік бейінін көрсетті.
НовоРапид® препараты енгізілгеннен кейін 10–20 минуттан соң қандағы қант деңгейін төмендете бастайды, әсер ету шыңы енгізілгеннен кейін 1–3 сағаттан соң байқалады және әсер ету ұзақтығы 3–5 сағатты құрайды. НовоРапид® препаратының әсер ету ұзақтығы анағұрлым қысқа болғандықтан, оны әдетте ұзақтығы орташа немесе ұзақ әсер ететін инсулин препараттарымен бірге пайдаланады. Сонымен қатар, НовоРапид® препаратын инфузиялық инсулинді помпаларда үздіксіз инфузия үшін пайдалануға болады.
Дозалау режимі
Инсулин дозасына қатысты емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
НовоРапид® ФлексПен® препаратын Сіздің емдеуші дәрігеріңіз ұйғарған түс кодына сәйкес қолданғаныңызға көз жеткізіңіз. Егер Сіздің емдеуші дәрігеріңіз Сізді басқа түрге немесе басқа сауда белгісінің инсулин препаратына өткізсе, дәрігердің дозаны өзгертуі қажет болуы мүмкін. Емдеуші дәрігердің кеңесінсіз инсулинді өзіңіз өзгертпеуіңіз керек.
Гипогликемияның қайталануын болдырмау үшін инъекциядан кейін 10 минут ішінде көмірсуларға бай тағамдарды қабылдау ұсынылады.
НовоРапид® препаратын, әдетте, тамақ ішер алдында тікелей енгізу керек, қажет болған жағдайда НовоРапид® препаратын тамақ ішкеннен кейін көп ұзамай енгізуге болады.
Балалар
Препараттың әсері тез басталу қажет болған жағдайда, балаларда еритін адам инсулинінің орнына НовоРапид® препаратын қолданған жөн. Мысалы, балаға инъекция мен тамақтану арасындағы қажетті уақыт аралығын сақтау қиын болған кезде.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде немесе 65 жастан асқан пациенттерде қандағы қант деңгейін мұқият бақылап отыру және инсулин аспарт дозасын жеке түзету керек.
Енгізу әдісі мен жолы
НовоРапид® препараты тері астына (теріасты) инсулиндік ұзаққа созылатын теріасты инфузияларға (ИҰТИ) арналған. НовоРапид® препаратын инсулинді инфузиялық помпаларда пайдалану жөніндегі дәрігердің нұсқаулықтары мен ұсынымдарын орындаңыз. НовоРапид® препараты, егер қажет болса, дәрігердің немесе басқа медициналық персоналдың қатаң бақылауымен тікелей венаға (вена ішіне) енгізілуі мүмкін. Ешқашан инсулинді бұлшықетке (бұлшықет ішіне) енгізбеңіз.
Терінің ісінуіне немесе домбығуға жол бермеу үшін инъекция орындарын әрдайым бір аймақта өзгерту керек. Өздігінен жасалатын инъекцияға ұсынылатын орындар: алдыңғы құрсақ жақтауы; санның немесе иықтың алдыңғы беткейі. Егер инсулин алдыңғы құрсақ жақтауына аймағына енгізілсе, тезірек әсер етеді. Қандағы қант деңгейін тұрақты түрде өлшеп отыру керек.
НовоРапид® ФлексПен® препаратын қалай пайдалану керек
НовоРапид® ФлексПен® шприц-қаламын қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықта сипатталғандай шприц-қаламды пайдалану керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Инсулин дозасын өткізіп алған кезде қандағы қант деңгейі айтарлықтай жоғарылауы мүмкін (гипергликемия).
Гипергликемия пайда болуы мүмкін, егер:
- үнемі қажет болғаннан аз инсулин қабылдаса
- егер инфекция немесе қызу бар болса;
- әдеттегіден көп тамақ ішкенде;
- дене белсенділігінің төмендеуінен де болуы мүмкін.
Әдетте гипергликемияның ізашар симптомдары біртіндеп дамиды. Симптомдарға несеп шығару жиілігінің жоғарылауы, шөлдеу сезімі, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық немесе шаршау сезімі, терінің қызаруы мен құрғауы, ауыз қуысының құрғауы, тыныс алу кезінде тәтті иіс (ацетон) жатады.
Бұл диабеттік кетоацидоз деп аталатын өте ауыр жағдайдың белгілері болуы мүмкін (қанда қышқылдың жиналуы, өйткені организм қанттың орнына майды ыдыратады). Егер Сіз бұл жағдайды емдемесеңіз, бұл диабеттік комаға және ақырында өлімге әкелуі мүмкін. Егер осындай белгілер анықталса, қандағы қант деңгейін тексеру керек, егер мүмкін болса, несепте кетондардың бар болуын тексеріңіз, осыдан кейін дереу дәрігерге қаралу қажет.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Инсулин қабылдауды тоқтату ауыр гипергликемия мен кетоацидозға әкелуі мүмкін. Не істеу керектігі туралы кеңес беретін дәрігермен кеңеспей, инсулин қабылдауды тоқтатпаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер препаратты қолдану бойынша әрі қарай кез келген сұрақтарыңыз болса, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді сұраймыз.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- гипогликемия (қандағы қант деңгейі төмен).
Барлық дәрілік препараттар сияқты НовоРапид® препараты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, дегенмен реакциялар әрбір пациентте көрінбейді.
Өте жиі
- Қандағы қанттың төмен деңгейі (гипогликемия).
Жиі емес
- Аллергия белгілері.
Енгізген жерде реакциялар (жергілікті аллергиялық реакция) – ауырсыну, қызару, есекжем, қабыну, ісіну, қышу байқалуы мүмкін. Бұл реакциялар әдетте инсулинді бірнеше апта бойы қабылдағаннан кейін жоғалады. Егер реакциялар жоғалмаса, емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.
Дереу дәрігерден кеңес алыңыз:
– егер аллергия белгілері дененің басқа бөліктеріне таралса;
– егер хал-жайыңыз кенет нашарлап, терлей бастасаңыз; құсу басталса; тынысыңыз тарылса; жүрек соғысы жиіленсе; бас айналуын сезсеңіз.
- Көру мүшелері тарапынан бұзылулар.
Инсулинмен емдеу басталғаннан кейін көру тарапынан бұзылыстар туындауы мүмкін, бірақ бұл бұзылыс уақытша.
- Инъекция орнындағы терінің өзгеруі.
Бір аймақта инсулинді бірнеше рет енгізу май тінінің жұқаруына (липоатрофияға) немесе қалыңдауына (липогипертрофияға) әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, амилоид ақуызының жиналуынан туындаған теріасты тығызданулары пайда болуы мүмкін (даму жиілігі белгісіз тері амилоидозы). Теріасты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған жерлерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұндай тері өзгерістерінің дамуын болдырмау үшін препаратты әрбір енгізгенде инъекция орнын өзгерту керек.
- Буындардың ісінуі.
Инсулин қабылдай бастағаннан кейін сұйықтықтың жинақталуы тобық немесе басқа буындар айналасының ісінуі дамуына себеп бола алады.
- Диабеттік ретинопатия (көру қабілетінен айырылуға әкеле алатын, диабетпен байланысты көз ауруы). Егер диабеттік ретинопатияға шалдықсаңыз және қаныңыздағы қант деңгейі жылдам жоғарылап кетсе, бұл диабеттік ретинопатия күйінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұл жөнінде дәрігеріңізден кеңес алу қажет.
Сирек
- Ауырсындыратын нейропатия (жүйкенің зақымдалуымен байланысты ауырсыну).
Егер қаныңыздағы қант деңгейі жылдам жоғарыласа, жүйкенің зақымдалуымен байланысты ауырсыну болуы мүмкін. Бұл күй шұғыл ауырсындыратын нейропатия деп аталады және әдетте ол уақытша сипатта болады.
Өте сирек
- НовоРапид® препаратына немесе қосымша заттардың біріне (жүйелі аллергиялық реакция деп аталады) елеулі аллергиялық реакциялар.
Егер қандай да бір жағымсыз реакция ауыр сипатқа ие болса немесе Сіз осы нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакцияларды байқасаңыз, дәрігеріңізге хабарлауыңызды сұраймыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер инсулинді тым көп алсаңыз, қандағы қант деңгейі тым төмен болады (гипогликемия).
Бұл сондай-ақ пайда болуы мүмкін:
- порция көлемі азайған немесе ас қабылдауды өткізіп алған кезде;
- дене жүктемесі әдеттегіден көп болған кезде.
Гипогликемия ізашар симптомдары әдетте кенеттен байқалады және суық тер, терінің бозаруы, бас ауыру, жүректің жиі соғуы, әлсіздік, айқын аштық сезімі, көрудің уақытша бұзылуы, ұйқышылдық, ерекше шаршау немесе әлсіздік, күйгелектік немесе тремор, үрей сезімі, бағдардың бұзылуы, зейін қоюдың төмендеуі.
Егер гипогликемияның басталуын сезінгенде, пациент қантты немесе көмірсуларға бай тағамдарды ішіп, қандағы қант деңгейін өлшей алады.
Егер қандағы қант деңгейі тым төмен болса, глюкоза таблеткаларын немесе басқа қантқа бай тағамдарды (кәмпиттер, печенье, жеміс шырыны) қабылдаңыз, содан кейін демалыңыз. Сондықтан, қант диабетімен ауыратын науқастарға қант, кәмпиттер, печенье немесе құрамында қант бар сусындарды үнемі алып жүру ұсынылады.
Гипогликемия симптомдары өткен кезде немесе қант деңгейі тұрақтанған кезде инсулинмен емдеуді жалғастырыңыз.
Пациентке айналасындағы адамдарға қант диабетімен ауыратынын, және оның қандай зардаптары болуы мүмкін, соның ішінде гипогликемия салдарынан естен тану қаупі бар екенін хабарлауы керек, егер ол есінен танып қалса, айналасындағы адамдар оны бір бүйіріңе аударып, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Олар тамақ немесе сусындар бермеуі керек. Бұл тұншығуға әкелуі мүмкін. Бұл күйден шығару үшін арнайы оқытылған адамға пациентке есін тез қалпына келтіруге көмектесетін глюкагон гормонының инъекциясын беруі керек. Пациентке глюкагон берілгеннен кейін глюкоза немесе тәтті дәмтатым қажет болады. Егер пациент глюкагонды енгізуге жауап бермесе, ауруханада емдеу қажет.
Глюкагон инъекциясынан кейін, кез келген жағдайда, гипогликемияның себебін анықтау және қайталану мен асқынулардың алдын алу үшін, дәрігерге немесе шұғыл жәрдем бөліміне бару керек.
• Ұзақ ауыр емделмеген гипогликемия мидың зақымдануына (уақытша немесе тұрақты) және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
• Қысқа уақытқа естен тануды болдыратын гипогликемия кезінде, немесе гипогликемияның жиі эпизодтары болса, өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Мүмкін инсулин дозасын немесе енгізу режимін, тамақ қабылдау уақытын немесе физикалық жүктемелердің көлемін түзету қажет.
НовоРапид® препаратын қолданбаңыз, егер:
- ФлексПен® түсіріп алса немесе ол зақымдалған немесе мыжылып қалса, себебі инсулиннің ағып кету қаупі бар;
- инсулинді сақтау шарттары көрсетілгенге сәйкес келмесе немесе препарат қатып қалса;
- инсулин мөлдір және түссіз болмай қалса.
НовоРапид® ФлексПен® препаратын қолданар алдында
- Инсулиннің дұрыс типі таңдалғанына көз жеткізу үшін қаптаманы тексеру қажет.
- Инфекцияның алдын алу үшін әрдайым әр инъекция үшін жаңа инені қолданыңыз.
- Инелер мен НовоРапид® ФлексПен® препараты тек жеке қолдануға арналған.
• НовоРапид® препаратымен қолдану кезіндегі ерекше сақтық шаралары
• Бүйрек, бауыр, бүйрекүсті безі, гипофиз немесе қалқанша безінің ауруларында.
• Дене белсенділігі жоғарылағанда немесе қалыпты тамақтану режимі өзгергенде, бұл қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін.
• Егер Сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, инсулин қабылдауды жалғастырыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.
• Бірнеше уақыт белдеулерінен өтетін саяхатқа бара жатқанда, инсулинге деген қажеттілік немесе инсулинді қабылдау режимі өзгеруі мүмкін. Мұндай сапарларды жоспарлау кезінде емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Инъекция орнындағы терінің өзгеруі
Терінің қалыңдауына немесе жұқаруына, тері астындағы тығызданулардың пайда болуына және басқа да бұзылуларға әкелетін тері астындағы май тінінің өзгеруін болдырмау үшін инъекция орнын мезгіл-мезгіл өзгерту керек. Тері асты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған учаскелерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін («Енгізу әдісі мен жолы» бөлімін қараңыз). Инъекция орнында терінің кез-келген өзгерістері үшін дәрігермен кеңесіңіз. Егер қазіргі уақытта препарат осындай зақымдалған жерлерге енгізілсе, инъекция орнын ауыстырмас бұрын дәрігерге хабарлаңыз. Дәрігер қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауды және инсулин немесе басқа гипогликемиялық препараттың дозасын түзетуді тағайындай алады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер Сізде қандағы қант деңгейі төмен немесе жоғары болса, бұл зейін қою қабілетіне және ден қою жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс жасау кезінде қауіпті болуы мүмкін. Өзіңізге немесе басқаларға қауіп төндіруі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Келесі жағдайларда дәрігерден автокөлік пен механизмдерді басқару мүмкіндігі туралы кеңес алыңыз:
• гипогликемияның жиі эпизодтары кезінде;
• гипогликемияны тану қиын болған жағдайда.
НовоРапид® препараты тез әрекет етеді. Осылайша гипогликемия еритін адам инсулинін енгізгеннен кейін ертерек пайда болуы мүмкін.
Кез-келген дәрілік препараттарды қолданар алдында өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Егер Сіз жүкті болсаңыз, жүктілікті жоспарласаңыз немесе емізетін болсаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. НовоРапид® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болады. НовоРапид® ФлексПен® препаратының дозасын жүктілік кезінде және босанғаннан кейін түзету қажет болуы мүмкін. Қант диабетін мұқият бақылау және әсіресе гипогликемияның алдын-алу балаңыздың денсаулығы үшін маңызды.
Кейбір дәрілік препараттар организмдегі глюкозаның метаболизміне әсер етеді және бұл инсулин дозасына әсер етуі мүмкін. Инсулинмен емдеуге әсер етуі мүмкін анағұрлым кең таралған препараттар төменде келтірілген. Егер Сіз кез-келген дәрілік заттарды, соның ішінде рецептісіз сатып алған дәрілік заттарды қабылдап жатсаңыз немесе жақында қабылдасаңыз, өз емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Атап айтқанда, егер Сіз қандағы қант деңгейіне әсер ететін дәрілік заттарды қабылдасаңыз, өз емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Төменде атап көрсетілген препараттың кез-келгенін қабылдаған кезде қандағы қант деңгейі төмендеуі мүмкін (гипогликемия): пероральді қант төмендететін препараттар, моноаминоксидаза тежегіштері, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертетін фермент (АӨФ) тежегіштері, салицилаттар, анаболиялық стероидтар және сульфонамидтер.
Төменде атап көрсетілген препараттың кез-келгенін қабылдаған кезде қандағы қант деңгейі жоғарылауы мүмкін (гипергликемия): пероральді контрацептивтер, тиазидті диуретиктер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол.
Октреотид пен ланреотид қандағы қант деңгейін жоғарылатуы да, төмендетуі де мүмкін.
Бета-адреноблокаторлар гипогликемияны айырып тануға көмектесетін ізашар симптомдарды бүркемелеуі немесе басуы мүмкін.
Тиазолидиндиондар (2 типті қант диабетін емдеу үшін қолданылатын диабетке қарсы пероральді препараттар класы)
2 типті қант диабетіне және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан немесе инсулинмен біріктірілімде тиазолидиндиондармен ем алған анамнезінде инсульті бар кейбір пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Егер жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалса, мысалы, әдеттен тыс ентігу немесе салмақтың тез өсуі немесе ісіну болса, емдеуші дәрігерге мүмкіндігінше тезірек хабарлаңыз.
НовоРапид® препаратын тағаммен және сусындармен қолдану
Алкогольді тұтынған кезде, инсулинге деген қажеттілігіңіз өзгеруі мүмкін, өйткені қандағы қант деңгейі жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Мұқият мониторингілеу ұсынылады.
Сақтау мерзімі
30 ай.
Алғашқы ашылғаннан кейін: 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2°C–8°C дейінгі температурада (тоңазытқышта), салқындату элементінен алыс сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Жарықтан қорғау үшін шприц-қаламды қалпақшамен жабу керек. Шамадан тыс жылудың және жарықтың әсер етуінен сақтау керек.
Алғашқы ашылғаннан кейін: 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі (2°C–8°C). Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.