Антацидті немесе антисекрециялық препараттарды Новэкс Домперидон препаратымен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені олар домперидонның пероральді биожетімділігін төмендетеді. Бірге қолданған кезде домперидонды тамақтанар алдында, антацидті немесе антисекрециялық препараттарды – тамақтан кейін қабылдау керек.
Леводопамен бірге қолдану
Леводопаның дозасын түзету қажет деп есептелмегенімен, препаратты домперидонмен бір мезгілде қабылдаған кезде леводопаның плазмалық концентрациясының жоғарылауы (ең көбі 30-40 %) байқалды.
Антихолинергиялық препараттар домперидонның әсерін бейтараптандыруы мүмкін.
Фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесу салдарынан QT аралығының ұзару қаупі жоғары.
Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:
QT аралығын ұзартатын:
• аритмияға қарсы ІА класы (дизопирамид, гидрохинидин, хинидин);
• аритмияға қарсы ІІІ класы (мысалы, амиодарон, дофетилид, дронедарон, ибутилид, соталол);
• кейбір нейролептиктермен (мысалы, галоперидолмен, пимозидпен, сертиндолмен);
• кейбір антидепрессанттармен (мысалы, циталопраммен, эсцеталопраммен);
• кейбір антибиотиктермен (мысалы, эритромицинмен, левофлоксацинмен, моксифлоксацинмен, спирамицинмен);
• кейбір зеңге қарсы (мысалы, пентамидинмен);
• кейбір безгекке қарсы (атап айтқанда галофантринмен, люмефантринмен);
• кейбір асқазан-ішек препараттарымен (мысалы, цизапридпен, доласетронмен, прукалопридпен);
• кейбір антигистаминдер (мысалы, меквитазинмен, мизоластинмен);
• обырды емдеу үшін қолданылатын кейбір препараттар (мысалы, торемифенмен, вандетанибпен, винкаминмен);
• кейбір басқа препараттар (мысалы, бепридилмен, дифеманилмен, метадонмен);
• апоморфин, егер апоморфинді тағайындаудың пайдасы қауіптен аспаса және барлық сақтық шараларын толық сақтаған жағдайда ғана.
Күшті CYP3A4 тежегіштерімен (олардың QT аралығын ұзарту қабілетіне қарамастан):
• протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен, саквинавирмен, телапревирмен);
• жүйелі әсер ететін зеңге қарсы азольді препараттармен (итраконазолмен, кетоконазолмен, позаконазолмен, вориконазолмен);
• кейбір макролидтермен (эритромицинмен, кларитромицинмен, телитромицинмен).
Орташа CYP3A4 тежегіштерімен, мысалы, дилтиаземмен, верапамилмен және кейбір макролидтермен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Брадикардия мен гипокалиемияны туындататын дәрілік заттарды, сондай-ақ QT аралығын ұзартатын макролидтерді: азитромицин мен рокситромицинді (кларитромицин қолдану үшін қарсы көрсетілімді, өйткені бұл CYP3A4 күшті тежегіші) бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.
Жоғарыда келтірілген заттардың тізімі ұсынылатын сипатта болады және толыққанды болып табылмайды.
Домперидонды метаболизмдік түрлендірудің басты жолы Р450 цитохромы жүйесінің CYP3A4 изоферментінің қатысуымен өтеді, сондықтан домперидонды және осы изоферментті елеулі тежейтін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданған кезде қан плазмасындағы домперидон деңгейінің жоғарылауы мүмкін.
Дені сау субъектілерде in vivo пероральді кетоконазолмен немесе пероральді эритромицинмен фармакокинетикалық / фармакодинамикалық өзара әрекеттесуінің жекелеген зерттеулері домперидон, CYP3A4 арқылы осы препараттармен алғашқы өту метаболизмінің елеулі тежелуін растады.