Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для приема внутрь
Саудалық атауы
Новэкс® Колд
Әсер етуші зат
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Мақсаты
Дене температурасының көтерілуімен, бас, бұлшықет және буын ауыруымен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді, ЖРВИ-ді, тұмауды симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір пакетиктің ішінде:
белсенді заттар: парацетамол 325 мг
фенилэфрин гидрохлориді 10 мг
фенирамин малеаты 20 мг
аскорбин қышқылы 50 мг
қосымша заттар: сахароза, лимон қышқылы, лимон хош иістендіргіші, кальций фосфаты, натрий цитраты, алма қышқылы, титанның қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Лимонға тән иісі бар ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ.
- дене температурасының көтерілуімен, бас, бұлшықет және буын ауыруымен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді, ЖРВИ-ді, тұмауды симптоматикалық емдеу
Тұмау және суық тию симптомдарын емдеуге арналған біріктірілген препарат.
Қызуды түсіретін, ауырсынуды басатын және аллергияға қарсы әсері бар.
Парацетамол анальгезиялық, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы әлсіз білінетін әсерге ие, ол негізінен орталық жүйке жүйесінде простагландиндер синтезінің тежелуімен байланысты болады. Ол тромбоциттер мен гемостаздың функциясына әсер етпейді.
Фенилэфрин гидрохлориді негізінен альфа-адренергиялық рецепторларға тікелей әсер ететін симпатомиметикалық амин болып табылады. Мұрынның бітелуін жою үшін емдік дозаларда қолданғанда препарат жүректің бета-адренергиялық рецепторларына елеулі стимуляциялаушы әсер және орталық жүйке жүйесіне елеулі әсер етпейді. Бұл жалпы мойындалған мұрын деконгестанты және мұрынның шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын азайта отырып вазоконстрикция арқылы әрекет етеді.
Фенирамин малеаты – Н1-рецепторларының блокаторы, аллергияға қарсы әсер етеді, жергілікті экссудативті көріністердің ауырлығын азайтады, көзжас ағуын, ринореяны, көз бен мұрынның қышуын азайтады. Жалпы аллергиялық симптомдардың азаюы тыныс алу жолдарының ауруларымен байланысты, бұл қалыпты седативті әсер тудырады. Ол сондай-ақ антимускариндік әсер етеді.
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) суық тию аурулары мен тұмау кезінде С дәруменіне деген жоғары қажеттіліктің орнын толтырады.
Дозалау режимі
Ересектерге (егде жастағыларды қоса) және 12 жастан асқан балаларға әрбір 4-6 сағат сайын 1 сашеден қабылдау керек (симптомдарды жеңілдету қажет болған кезде), бірақ тәулігіне 3-4 сашеден артық қолдануға болмайды.
Ұсынылатын дозадан арттыруға болмайды. Ең қысқа емдеу кезеңінде әсерге қол жеткізу үшін қажетті препараттың ең аз дозасын қолдану керек.
Балалар
Препаратты балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету қажеттілігі туралы деректер жоқ.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат аса сақтықпен және ұзақ уақыт аралықтарымен төмен дозаларда қолданылуы тиіс.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат аса сақтықпен және ұзақ уақыт аралықтарымен төмен дозаларда қолданылуы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке.
Бір пакеттің ішіндегісін 1 стакан (шамамен 250 мл) ыстық суда ерітіңіз. Ыстық қалпында тұтыныңыз.
Новэкс Колд препаратын тәуліктің кез келген уақытында қолдануға болады, бірақ препаратты ұйықтар алдында, түнде қабылдау жақсы нәтиже береді. Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: креатинин клиренсі 50 мл/мин және одан жоғары кезінде препаратты қабылдау арасындағы ең аз аралық – 4 сағат, 30-50 мл/мин – 6 сағат.
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- жүрек-қантамыр ауруларының ауыр ағымы
- бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- туа біткен гипербилирубинемия
- артериялық гипертензия
- жедел панкреатит
- гипертиреоз
- феохромоцитома
- қан аурулары (оның ішінде айқын анемия, лейкопения)
- тромбоз
- тромбофлебит
- жабық бұрышты глаукома
-глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- қант диабетінің ауыр формалары
- маскүнемдік
- несептің кідіруімен қуықасты безінің гипертрофиясы
- қуық мойнының обструкциясы
- пилородуоденальды обструкция
- бронх демікпесі
- эпилепсия
- ұйқының бұзылуы
- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- препаратты МАО тежегіштерімен қатар емдегенде және оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы, сондай-ақ трициклді антидепрессанттармен, бета-блокаторлармен, басқа да симпатомиметиктермен қатар емдегенде қолдануға болмайды
- балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Жиі
- ұйқышылдық
- жүректің айнуы, құсу
Сирек
- бас ауыруы
- ауыздың құрғауы, іш қату, диарея, іштің кебуі
- тромбоцитопения (аллергияға байланысты, геморрагия немесе қан кету аясында), лейкопения, агранулоцитоз, нейтропения, панцитопения, гемолиздік анемия)
- аллергиялық реакциялар (есекжем, тері қышуы, ангионевроздық ісіну, ентігу, бронхоспазм, тершеңдік, жүрек айну, шоққа дейін артериялық қысымның төмендеуі түрінде көрінетін)
- психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі
- жоғары қозғыштық
- ұйқының бұзылуы
- тахикардия, жүрек соғуының жиілеуі, артериялық қысымның жоғарылауы
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
Өте сирек
- терідегі эритематозды немесе уртикарлы бөртпелер, гиперемия
Белгісіз
- анафилаксиялық реакциялар (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз).
Өте сирек немесе жиілігі белгісіз
- бронх демікпесінің ұстамалары («аспирин» демікпесі аясында)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМКhttp://www.ndda.kz.
Парацетамол үшін улану қаупі әсіресе егде жастағы пациенттерде, балаларда, бауыр аурулары, алкогольді созылмалы теріс пайдалану, созылмалы дұрыс тамақтанбау және бауыр ферменттерін қоздыратын препараттарды бір мезгілде қолдану кезінде жоғары. Мұндай жағдайларда артық дозалану өлімге әкелуі мүмкін.
Ересек пациенттің парацетамолды 7,5 г және одан да көп дозада немесе баланың 140 мг/кг дозада бір рет қабылдауы бауыр жасушаларының некрозына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде жалпы қайтымсыз некрозға және кейінірек бауыр функциясының жеткіліксіздігіне, метаболизмдік ацидозға және энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Мұның бәрі команың дамуына әкеледі (кейде өлімге әкеледі).
Симптомдары:
1- фаза (=1-күн)
Жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, тәбеттің жоғалуы, жалпы әлсіздік.
2 -фаза (=2-күн)
Субъективті жақсару, бауырдың ұлғаюы, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, тромбопластин уақытының ұлғаюы.
3 -фаза (=3-күн)
Трансаминазалардың мәні едәуір артқан, сарғаю, гипогликемия, бауыр комасы.
Емдеу:
Интоксикацияға күдік туындаған кезде келесі шараларды қамтитын тиімді емдеуді дереу бастау керек:
• асқазанды шаю (алғашқы 1-2 сағатта ғана тиімді), содан кейін белсендірілген көмірді қолдану.
• N-ацетилцистеинді немесе метионинді пероральді қабылдау. Егер антидотты пероральді қолдану мүмкін болмаса (мысалы, жиі құсу, сананың бұзылуы), оны вена ішіне енгізуге болады.
• Парацетамолдың плазмадағы концентрациясын өлшеңіз (қабылдағаннан кейін 4 сағаттан ерте емес).
Аскорбин қышқылының жоғары дозалары (>3000 мг) өтпелі осмостық диареяны, жүрек айнуын және ішперде қуысы тарапынан шағымдарды тудыруы мүмкін. Аскорбин қышқылының артық дозалану симптомдары парацетамолдың артық дозалануына байланысты бауырдың ауыр уыттылығына қарағанда маңызды емес.
Құрамында парацетамол бар. Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек:
- бауыр және/немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығында
- бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз)
- жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларында
- стеноздайтын пепсистік ойықжара ауруы, пилородуоденальды стенозда
- қант диабетінде
- қайталанатын несептас ауруында.
Бүлінген пакеттегі дәріні қолдануға, ұсынылған дозадан асыруға және препаратты 5 күннен артық қабылдауға болмайды.
Бауырдың уытты зақымдануын болдырмау үшін препаратты алкогольдік ішімдіктерді қолданумен біріктіруге болмайды.
Ұзақ уақыт бойы қабылдайтын парацетамолдың үлкен дозалары бүйрек функциясының қайтымсыз жеткіліксіздігімен анальгезиялық нефропатияны тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар туралы ақпарат
Сахароза
Новэкс Колд құрамында сахароза бар, сондықтан қант диабетімен ауыратын пациенттерге сақ болу керек. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге осы дәрілік затты қолдануға болмайды.
Натрий
Новэкс Колд құрамында натрий бар. Мұны тұзы аз диетаны ұстанатын пациенттер ескеруі керек.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Новэкс Колд препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдаған кезде автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару ұсынылмайды, өйткені препарат ұйқышылдықты тудыруы мүмкін, бұл транквилизаторлар мен тыныштандыратын дәрілерді қабылдаған кезде күшейеді.
Парацетамол
Парацетамолдың гепауытты әсерінің қаупі барбитураттарды, фенитоинді, изониазидті, карбамазепинді, рифампицинді, зидовудинді және бауырдың поромикросомалық ферменттерінің басқа индукторларын бір мезгілде тағайындағанда артады. Парацетамолдың сіңуін метоклопрамид пен домперидон жоғарылатады, ал колестирамин төмендетеді. Парацетамол хлорамфениколдың (левомицетиннің) жартылай ыдырау жылдамдығын төмендетеді.
Парацетамол ламотриджиннің белсенділігін төмендетіп, оның әсерін қысқартуы мүмкін. Ұзақ мерзімді тұрақты қабылдау кезінде парацетамол варфариннің антикоагуляциялық әсерін күшейтеді, қан кету қаупін арттырады. Тұрақсыз қабылдау мұндай әсерді көрсетпейді.
Парацетамолды және қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) бір мезгілде қабылдау ҚҚСП тудыратын бүйректің жанама әсерлерінің қаупін арттыруы мүмкін.
Фенилэфрин
Фенилэфериннің моноаминоксидаза тежегіштерімен, α және β-блокаторлармен, бронхолитикалық адреномиметиктермен, трициклді антидепрессанттармен, гуанетидинмен, дигоксинмен, индометацинмен, метилдопамен, дебризохинмен, резерпинмен, ОЖЖ стимуляторларымен артериялық әсердің немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан басқа да жағымсыз реакциялардың қаупін арттыра отырып, жағымсыз өзара әрекеттесуі болуы мүмкін. Қастауыш алколоидтарымен (эрготамин, метисергид) бір мезгілде қолдану эрготизм қаупін арттыруы мүмкін.
Фенирамин
Фенирамин орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттардың әсерін күшейте алады (МАО тежегіштері, трициклді антидепрессанттар, алкоголь, паркинсонға қарсы препараттар, барбитураттар, транквилизаторлар және нейролептиктер).
Фенирамин антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.