Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания со вкусом мёда и лимона
Саудалық атауы
Новэкс® Лор
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу: фарингит, ларингит, тонзиллит
Өндіруші
Хербион Пакистан Прайвет Лимитед
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: амилметакрезол 0.602 мг
2,4-дихлорбензил спирті 1.206 мг
қосымша заттар: шарап қышқылы, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, кристалды ментол, 97% ребатен, хинолинді бояғышы (Е104), лимон хош иістендіргіші, бал хош иістендіргіші, эвкалипт майы, бұрышты жалбыз майы, қант, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, бал және лимонға тән дәмі бар, екі жағында «N» әрпінің бедерімен, лимон түстес сары таблеткалар.
- ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу:
- фарингит, ларингит, тонзиллит
- қызыл иектің және ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы (гингивит, стоматит)
ATХ коды: R02AA20
Новэкс Лор - ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы біріктірілген препарат.
2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, антисептик болып табылады. Амилметакрезол - фенол туындысы, антисептик. 2,4-дихлорбензил және амилметакрезол спиртінің әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасушалар ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділікті анықтайды.
Препарат инфекциялық-қабыну ауруларында антисептикалық әсер етеді, грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең спектріне қатысты белсенді, антимикоздық (зеңге қарсы) және вирусқа қарсы әсер етеді. Препарат ауыз қуысының шырышты қабығына жұмсартушы әсер етеді және тамақтың тітіркенуі мен ауырсынуын, оның ішінде жұтыну және сөйлеген кездегісін азайтады.
Препарат сору басталғаннан кейін 5 минуттан соң тамақтағы ауру қарқындылығын төмендетеді. Ауыруды басатын әсері 2 сағатқа дейін созылады.
Дозалау режимі
Ересектер: әр 2-3 сағат сайын бір таблеткадан баяу сорыңыз. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Егде жастағы адамдар: егде жастағы адамдарда дозаны азайтудың қажеті жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды тістемей, баяу сору керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы қабыну симптомдарының жойылуына байланысты және 5 күннен аспайды.
Егер дәрілік затпен 5 күн емдегеннен кейін симптомдар жойылмаса немесе күшейіп кетсе, пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе 6.1-бөлімде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (препараттың құрамында хинолин бояғышы (Е104) болуына байланысты).
Сирек
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық реакциялар, бөртпе)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Әрбір таблетканың құрамында қант бар, оны қант диабетімен ауыратын науқастар, сондай-ақ гипокалориялық диета кезінде ескеру қажет. Ұзақ уақыт қолданғанда (екі және одан да көп апта бойы) тістерді зақымдаушы әсері бар.
Егер аурудың симптомдары сақталса, нашарласа немесе жаңалары пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Ана үшін күтілетін әсері шарана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда қолдануға болады.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.