Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные и назальные
Дозасы
0.5 мг/мл + 0.5 мг/мл
Саудалық атауы
Нозейлин-ВМ, 0,5 мг/мл + 0,5 мг/мл, көзге және мұрынға тамызатын дәрі
Әсер етуші зат
Нафазолин в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Офтальмология
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар – 0,5 мг нафазолин гидрохлориді, 0,5 мг хлорфенамин малеаты,
қосымша заттар: натрий цитраты, бор қышқылы, бензалконий хлориді, натрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір немесе сәл бозаңданатын түссіз ерітінді, іс жүзінде көрінетін бөлшектерден бос.
Офтальмология
Нозейлин-ВМ – аллергиялық, спецификалық емес немесе катаральды конъюнктивит және көздің жеңіл тітіркенуі кезінде конъюнктиваның ісінуі мен гиперемиясын симптоматикалық емдеу ретінде қолданылатын ісінуге қарсы әсер ететін офтальмологиялық ерітінді.
Нозейлин-ВМ ашыту сезімін, тітіркенуді, қышынуды, қабынуды және қатты қышынуды жеңілдетеді.
Маусымдық аллергиялық конъюнктивиттің симптоматикалық емдеу.
Ринология
Маусымдық аллергиялық риниттің симптоматикалық лечение.
Нозейлин-ВМ - тамыр тарылтатын (нафазолин) және аллергияға қарсы әсері бар (хлорфенамин) біріктірілген дәрілік зат.
Әсер ету механизмі
Нафазолин тікелей α-адренергиялық әсері бар және β-адренорецепторларға болмашы әсері бар симпатомиметиктерге жатады, тамыр тарылтатын және ісінуге қарсы әсері бар. Бірнеше минуттан кейін шырышты қабықтарға жергілікті қолданған кезде 4-8 сағат сақталатын вазоконстрикцияны туындатады.
Хлорфенамин айқын антигистаминдік қасиеттері бар алкиламин, әлсіз седативті және орташа антихолинергиялық әсері бар.
Дозалау режимі
Офтальмология
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Препаратты әр көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 2-3 рет 1 тамшыдан тамызу ұсынылады.
12 жасқа дейінгі балалар
12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігіне зерттеу жүргізілген жоқ.
Құты мен тамшылатқыш ішіндегісінің микробтық ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш ұшының көзге, қабаққа немесе қандай да бір беткейлерге тиіп кетпеуін болдырмау керек.
Препаратты әрбір қолданғаннан кейін құтыны тығыздап жабылған түрінде ұстау керек.
Ринология
Препаратты әр танауға тәулігіне 2-3 рет 1 тамшыдан тамызу ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат офтальмология мен ринологияда жергілікті қолдануға арналған.
Қалпақшаны шешкеннен кейін, егер сақтандыру сақинасы құтының мойнына жабысып тұрмаса, оны препаратты қолданар алдында алып тастау қажет. Құтыны тамшылатқышпен төмен қаратып аударады және құтының қабырғаларына сәл басып, препаратты тамызады.
- нафазолинге, хлорфенаминге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- атрофиялық ринит;
- жабықбұрышты глаукома;
- ауыр органикалық жүрек-қантамырлық аурулар;
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Офтальмология
Көру мүшелері тарапынан: сирек - айқын көрудің бұзылуы, көзді ашытқандай немесе бөгде зат тұрғандай сезіну, конъюнктиваның хемозы және гиперемиясы, субконьюнктивалық қан кету, мөлдір қабықтың эрозиясы, фотофобия.
Жекелеген жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары (эритема, экзема, есекжем), ксеростомия, бас ауыруы, ұйқышылдық байқалды.
Ринология
Жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы бұзылулар: жергілікті қолданғаннан кейін мұрын қуысының шырышты қабығының өтпелі қышыну мен ашытуы, кейде түшкіру; қолдану жиілігін арттырған кезінде - реактивті гиперемиядан туындаған «мұрынның бітеліп тұрғандай» сезімінің күшеюі; ұзақ қолданған кезде - атрофиялық ринит.
Шамадан тыс дозалар жүйелік әсерлерді туындатады: жоғары артериялық қысым, бас ауыруы, тремор, шаршау, ұйқысыздық.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емдеу: симптоматикалық емдеу және медициналық бақылау.
Аллергиялық реакцияның дамуына күдік болған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтатқан жөн.
Симптомдар сақталған жағдайда дәрігер терапияны қайта қарауы керек.
Жиі қолдану тәуелділік синдромын тудыруы мүмкін (әсердің болмауы); шырышты және мұрын секрециясының бітелуінің қайталануы мүмкін.
Жүйелі симпатомиметикалық әсерлерге байланысты препаратты артериялық гипертензиясы, феохромоцитомасы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы, аневризмасы, үдемелі атеросклерозы, қант диабеті, гипертиреозы бар пациенттерге және егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.
Қосымша заттар
Бензалконий хлориді
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, ол көзді тітіркендіруі мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасудан аулақ болу керек, өйткені бензалконий хлориді олардың түсінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Препаратты қолданар алдында линзаларды көзден алып, тамшыларды тамызғаннан кейін 15 минуттан кейін ғана тағу керек.
Бензалконий хлориді мұрын шырышты қабығының тітіркенуін және ісінуін тудыруы мүмкін, әсіресе препаратты ұзақ уақыт қолданғанда.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нафазолиннің тамыр тарылтатын әсерінің күшеюіне және айқын артериялық гипертензияның даму қаупінің артуына байланысты препаратты бромокриптинмен, моноаминоксидаза тежегіштерімен және трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданбау керек.
Препаратты басқа офтальмологиялық ерітінділермен бірге қолданғанда оларды енгізу арасындағы аралықты кемінде 5 минут сақтау ұсынылады.
Седативті антигистаминдердің алкогольмен біріктірілімі орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсерді күшейтеді. Жергілікті қолданудан кейін осы әсердің даму қаупінің төмен болуына қарамастан, препаратты алкогольді ішімдіктермен және құрамында спирті бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.
Сақтау мерзімі
Жарамдылық мерзімі 3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 28 күн ішінде пайдалану керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.